Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Мектеп: №111
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Искандарова Р.
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
1. Ом заңының физикалық мағынасын тұжырымдау, аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
2. Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау арасындағы байланысты түсіндіре отырып тұрмыста, техникалық қолданылуына мысалдар келтіру, есептер шығару.
3. Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, схеманының сызбасын талдап, деңгейлік есептер шығару.
|
Бағалау критерийі
|
1. Ом заңының физикалық мағынасын тұжырымдайды, аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады
2. Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау арасындағы байланысты түсіндіре отырып тұрмыста, техникалық қолданылуына мысалдар келтіреді, есептер шығарады
3. Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, схеманының сызбасын талдап, деңгейлік есептер шығарады
|
Тілдік мақсаттар
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Ток күші, электр тогы, ток тығыздығы, тізбек бөлігі үшін Ом заңы,өткізгіштерді тізбектей жалғау, параллель жалғау,аралас жалғау
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
Тізбектегі ток күші тура пропорционал…
Аралас жалғау кезіндегі жалпы кедергі….
|
Құндылықтарға баулу
|
Мәнгілік ел-патриоттық актісі: «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу»
Біздің басты міндетіміз-өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылардың 8 сыныптағы физика пәні бойынша алған білімдері. Электр тогы, ток күші, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау формулалары, тізбек бөлігі үшін Ом заңы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |