Оқушыларды түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.
( І топ сары қағазға Электр зарядтарының, ІІ топ жасыл қағазға өзара әрекеттесуі ,ІІІ топ көк қағазға Кулон заңы) түстердегі қималарды біріктіру арқылы жаңа сабағымыздың тақ ырыбы шығады.
Топ басшыларын анықтау үшін мына сұрақтар қойылды:
ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Шарль-Огюстен Кулон (Шарль-Огюстен Кулон – француз физигi және инженерi Ангулем қаласында (Франция) мемлекеттiк шенеунiк жанұясында дүниеге келген.
Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әсерлесу заңын ашқаннан кейін, 18 ғасырдың соңына қарай, электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.
Тәжірибелер зарядталған денелер арасындағы өзара әрекеттесуші күштері олардың геометриялық өлшемдеріне, денелердің пішіне мен олардың электрлену дәрежесіне байланысты екенін көрсетеді. Бірақ нүктелік зарядтар үшін денелер арасындағы өзара әрекеттесу күштері Кулонның қарапайым заңынабағынады.
Өз тәжірибесінде Кулон жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналастырылған, А шыны таяқшадан тұратын қондырғы-іиірмелі таразыны қолданды. Таяқшаның бір ұшына кішкентай а металл шар бекітілген, ал екінші ұшында оны теңгеріп тұратын жүк (қарсы салмақ) бар.Жіптің жоғарғы ұшы оның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері бар шкалаға бекітілген (Г). Ыдыс тығынындағы саңылау арқылы дәл сондай басқа в сынақ шар енгізіледі. Егер шарларға оң заряд берсек, онда олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесуші күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады.
Кулон заңы: Бостықтағы екi қозғалмайтын зарядталған нүктелiк денелердiң өзара әсерлесу күшi F (кулон күшi) және зарядтардың модульдерiнiң көбейтiндiсiне тура пропорционал және олардың өзара r арақашықтығының квадратына керi пропорционал.
Мұнда k – пропорционалдық коэффициентi, сандық мәнi бiрлiк зарядтардың бiрлiк ұзындығына тең арақашықтықта өзара әсерлесу күшiне тең.
k коэффициентiн мынадай түрде жазу қабылданған
мұнда – электр тұрақтысы, СИ жүйесi бойынша мынаған тең:
Коэффициент k СИ бiрлiгiнде жазылуы бойынша келесi түрде өрнектеледi:
Достарыңызбен бөлісу: |