Жаңа технологиялар үй телефоны, пошта және пленкалық фотоаппарат сияқты заттарды ысырып тастады. Кітап пен газеттің өзі де таяу арада керексіз болып қалатын сияқты. Елімізде биыл жабылған газеттің санында шек жоқ. Бұған қарағанда бүкіл ақпараттың электронды сипатқа өтетін түрі бар. Сандық құрылғылардың басты жетістігі – онда көптеген құжаттарды жинау мүмкіндігі. Дәл осылай электронды кітаптарға да талай том кітаптар сияды. Бірақ дәстүрлі кітаптардың жақтаушылары қағаз кітаптың орнын ештеңе баса алмайтындығы туралы әр жерде айтып жүр. Мәселен...