Сабақтың тақырыбы Электронды кітап қағаз кітапты алмастыра алады ма?



бет18/18
Дата09.05.2020
өлшемі221,26 Kb.
#66786
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
сандық технология 5-6







Қазір интернет кезеңінің дәуірлеп тұрған заманы. Ал кітаптың жайы бір басқа. Өтпелі кезеңде осы екеуінің арасында қақпақылға түскен әдебиеттің деңгейі не болып жатыр? Болашақта мектеп оқушылары оқулықтарды мүлдем қажетсінбеуі қажет емес. Себебі мұқабасы қалың кітаптардың орнын электронды оқулықтар алмастыруы бек ғажап емес.


Білім саласындағы мұндай жаңашылдыққа Қытай  алғаш болып қадам басуда. Аспан асты елінің үкіметі мектеп  оқушыларына арнап көптеген оқулық басып шығарғаннан гөрі оларды планшетпен қамтамасыз етуді  қолайырақ санайды. Барлық пәннің оқулығын электронды түрге ауыстырудың пайдасы қандай болмақ?! Жаһандану заманында баланың қолында сөмке емес, ноутбук немесе планшеттің болуын бүгінде көптеген дамыған, дамушы мемлекеттер қолдап отыр. Мамандар электронды оқулықтардың қарапайым кітаптардан бірнеше  артықшылығын алға тартады. Электронды оқулықтардың дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді, ол оқушыға ешқандай салмақ түсірмейді, бір құрылғының ішінен кез-келген уақытта кез-келген пәнді ақтарып, оқуға мүмкіндігі бар.

Ал біздің елде қандай?



Қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның шәкірттері  заманға сай білім алғаны, әрине, құптарлық әрі жарасымды. Дегенмен, электронды құрылғымен оқушылардың көп жұмыс жасауы, ұдайы пайдалануы олардың денсаулығына, физиологиялық дамуына кері әсерін тигізетінін ұмытпаған жөн. Оны ғалымдардың өзі дәлелдеп отыр. Соған қарамастан электронды кітаптар дәстүрлі кітаптардың  орнын түгелімен  алмастыра алады ма? Қазақстан  мектеп бағдарламасы бойынша  электронды оқулықтармен білім алуға көшкеннен не ұтады және бұл ұстаздар мен шәкірттерге қаншалықты тиімді? Жастарымыз болашақта техника, электрониканы меңгергенімен, адам қазіргінің тілімен айтқанда білімсіз, сауатсыз адам болып саналады. Осындай сауатсыздықтан болашақ ұрпағымызды қазірден бастап қорғау біздің басты міндетіміз.

Бәрібір кітапты ұмытпаған абзал. «Кітап – тәрбиенің қайнар көзі». Өйткені, кітапты қолға алып оқыған үлкен мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің белгісі. Кітаптың иісін сезіп, қолмен ұстап, құлақпен естіп, мимкамен сезіну бір ғажап дүние. Елбасымыздың өзі «Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» деген болатын. Күні бойы бір ғана құралмен қарым-қатынас жасайтын балада рухани жетілу болмайды» деген ойды да ескеріңіздер.

Дебат «Электронды кітап қағаз кітапты алмастыра ала ма?»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет