Сабақтың тақырыбы: Электронды пошта
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Электронды пошта туралы білімдерін кеңейту. Электронды поштаның жетістіктері және оның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту.Топтық жұмыс арқылы белсене жұмыс жасауға ұмтылу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке, өз - өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Лексика: электронды пошта, ақпарат алу, тез, жылдам жеткізу, бірден жіберу, уақыт үнемдеу, қолайлы, тиімді, е-поштаны тіркеу, тегін ашу, жасырын нөмір, поштамен ақпарат жіберу, хатты алғаны туралы мәлімет алу, пошта арқылы достасу, 10 Мб-дейін ақпарат қабылдау немесе жіберу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, жұптық, топтық жұмыс, бағалау критерийлері.
Сабақтың көрнекіліктері: мәтін жазылған үнтаспа, жаңа сөздер жазылған плакат, стикерлер, бағалау парағы .
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.
«Вагондар тізбегі» стратегиясы арқылы өткен модульға қатысты Менің досым тақырыбына сөйлемнен ,сөз тіркесінен ,сөздерден қатарынан пойыз тізбегін жасаңдар. Сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
Ой шақыру сұрақтары арқылы тақырыпқа ену:
Зымыран сұрақтар әдісі.
-Сенің электонды поштаң бар ма?
- Электронды поштаны өзің аштың ба?
-Сенің досыңда электронды пошта бар ма?
-Сен досыңмен электронды пошта арқылы сөйлесесің бе?
Е-поштамен сөйлесетін достарың көп пе?
Е-пошта арқылы сыйлықтар жіберуге бола ма?
ІІ.Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын айту.
-Бүгін сабақта біз сендермен бірге Е-поштамен байланысты сөздерді сонымен қатар оны қалай пайдалану керектігі, оны қалай пайдалануды, не үшін қажет екені туралы өтеміз. Жаңа сөздерді меңгеріп, тақырып бойынша әңгімелесеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Электронды пошта » дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Жаңа тақырыпты меңгеру үшін бізге жаңа сөздер керек. Ендеше бүгінгі сабағымыздың жаңа сөздерімен танысып алайық. Тақтада жазылған сөздерге назар аударыңдар (бір оқушы сөздерді оқып шығады, балалар кезектесіп қазақша-орысша сөздерді айтады, сөздермен сөз тіркес немесе сөйлемдер құрастырады).
Сөздікпен жұмыс.
Бағдарлама – программа
Жүйе – система
Ойлап тапты – придумали
Ақпарат – информация
Тиімді –выгодно
Хабарлама – сообщения
Мәтін арқылы тақырыпты меңгерту
Электронды пошта
Электронды пошта 1965 жылы пайда болған. Осы жылы Массачусетс техникалық иснтитутының қызметкерлері Ноэль Моррис пен То Ван Влек MAIL бағдарламасын жазды. Бұл бағдарлама компьютерге орнатылды.
Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес.
Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Электронды пошта хаттан басқа сурет, бейнемәлімет сияқты ақпараттарды да тасымалдай алады.
Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді. Қазіргі таңда электронды пошта қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Ғаламтор арқылы күн сайын миллиондаған адамдар жер шарының әр түкпірінде отырып-ақ талай жұмыстарын орындай алады.
1-топ (топтық жұмыс)
1. «Scanning» әдісі ( нақты ақпараттарды табу үшін оқу).
2. “Skimming” (мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу) -мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу.
Дескрипторлар:
- жаңа сөздерді анықтайды
- сөздік жұмысын жүргізіп, мағынасын түсінеді
2. Мәтін бойынша жұмыс.
Оқушылардың мәтінді дұрыс түсінгенін тексеру үшін мәтінді іштерінен оқу тапсырылады. Мұғалім олардың мәтінді түсінгендерін тексеру үшін тапсырмалар орындатады.
Қ/Б: «Микрофон» әдісі. Топтар келесі топтардың толықтыруларымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін айтады
№
|
Сөйлемдер
|
келісемін
|
келіспеймін
|
1
|
Электронды пошта тарихы 1975 жылдан басталады.
|
|
|
2
|
Е-поштаны қолдану тиімді емес.
|
|
|
3
|
Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес.
|
|
|
4
|
Электронды пошта хаттан басқа сурет, бейнемәлімет сияқты ақпараттарды тасымалдай алалмайды.
|
|
|
5
|
Е-поштаның қызметін адамдар мүлде қолданбайды.
|
|
|
6
|
Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың.
|
|
|
7
|
Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың.
|
|
|
IV.Тапсырмалар.
1. Грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар.
Мәтіннен Е-пошта, Ғаламтор сөздерді септеңіз.
V. Диалогтік сөйлесім. Жұптық жұмыс. Тілдесім.
Сұрақтар:
Сен е-пошта аша ласың ба?
Маған е-пошта ашуға көмек бересің бе?
Е-поштаның тиімділігі неде? (В чем польза е-почты?)
Е-поштамен сөйлесетін достарың көп пе? (Со многими друзьями ты общаешься ?)
Олардың е-поштасында қандай ақпараттар бар? (На их е-почте какие есть информации?)
Е-пошта арқылы сыйлықтар жіберуге бола ма? (Можно ли отправлять подарки?)
Е-поштамен хабарласып тұратын достарың қанша? (Сколько у тебя друзей с кем ты общаешься?)
Е-пошта арқылы сөйлесетін шетелдік достарың бар ма? (у тебя есть друзья с кем ты з аграницей? )
Видео хабарламаны қолданасыз ба? Оның тиімділігі неде? (Видеоскайп используешь?)
Кері байланыс: «5-5-1» стратегиясы. Тақырып бойынша 5 сөйлем, оның ішінен негізгі 5 сөз, түйінді бір сөз таңдап, жазады
(топтық жұмыс) «Борт журналы» әдісі. Работа с рисунками
(«Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында ж/е мәтінмен танысқан соң қолданады. Өз ойларын жазуға, айтуға үйретеді.)
1. Оқулықта берілген суреттерді сөйлету
VІІІ. Сабақты бекіту.
Е-поштаның тиімділігі неде?
Е-пошта арқылы сыйлықтар жіберуге бола ма?
Е-поштадағы фото суреттерді бағалайсыз ба?
Е-поштаның тарихы туралы не білесіз?
ІХ. Бағалау.
Х. Үй тапсырмасын беру.
«Электронды пошта» тақырыбын қысқаша мазмұндау.
ХІ. Рефлексия.
Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Сабақ ұнады ма? Рефлексия белгілер бойынша жүргізіледі
-Барлығың бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!Енді балалар,сабақ аяқталғандағы көңіл-күйлерің қандай екенін суреттерден таңдап алып сабақ басындағы суреттермен салыстырып, мына тақтаға іліп қойыңдар.
ХІІ. Қоштасу
-Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |