Сабақтың тақырыбы: Электрсыймдылығы Топтар 9-191 Аэл



Дата07.02.2022
өлшемі47 Kb.
#84327
түріСабақ
Байланысты:
ҚАШЫҚТЫҚТ Электрсыймдылығы
ҚАШЫҚТЫҚТ Электрсыймдылығы

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЕСІ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ №
Пәннің атауы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Электрсыймдылығы



Топтар

9-191 Аэл













Сабақ өтетін күн

14.04.2020















САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) “Топтық ” ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқтушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А)Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы элетронды қабылдау;
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  • Диэлектриктер деген не?

  • Диполь деген не?

  • Электр өрісінде диполь өзін қалай ұстайды?

  • Электр өрісіндегі диэлектрикте не болады?

  • Поляризация деген қандай құбылыс?

  • Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?

ІІІ. Жаңа оқу материалын баяндау.
Электр сыйымдылық деп өткізгіште жиналған зарядтың оның потенциал шамасына қатынасын айтамыз.
Электр сыйымдылық өткізгіштің электр зарядын жинақтай алу қабілетін көрсететін шама. ([C] = Ф = Кл/В).
Өткізгіш зарядының оның потенциалына қатынасымен өлшенетін шаманы оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы деп атайды:
Электрсыйымдылықтың шамасы өткізгіштің пішініне, өлшеміне және олардың арасын бөліп тұрған диэлектриктің қасиетіне байланысты



  • Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;

  • Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;

  • Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;

  • Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;

  • Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;

  • Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;

  • Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.




  • SI жүйесінде электрсыйымдылығының бірлігі

1 Фарад

  • 1Фарад—1Кл заряд бергенде, потенциалдар айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылыгы.

  • Бұл бірлік өте үлкен: мысалы, Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7·10-4Ф

Сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады:

  • 1 мкФ = 10-6 Ф; 1 нФ = 10-9 Ф; 1 пФ = 10-12 Ф.

ІV Бағалау:
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
1.Өткізгіштің электрсыйымдылығы
2.Электр сыйымдылықтың өлшем бірлігі

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.




V.Үй тапсырмасын беру:
Үй тапсырмасы:
Өтілген тақрыпты қайталау.


Пайдаланылатын әдебиеттері:
«Физика» 11 сынып М Я Мякишев В.Кем Б.Кронгарт
“Физика» оқулығы Б С Арызханов.


Оқытушы: Ш.Ибрагимова



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет