Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев үйрену. Сабақтың мақсаты



бет2/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#5698
түріСабақ
1   2   3   4   5

Дидактикалық ойын:

Д О С

Дәулет Олжас Саша

Дима Омар Света

Дилира Олег Сергей

Дильназ Осман Самат



Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Достық» әні - көңілді, жайдары, ашық,шаттық сезіммен орындалады. Әннің алғашқы тактісіндегі до 1 соль 1 квинта интервалын таза орындауға балалардың назарын аударып, дыбыс биіктігін қимылымен көрсеткен жөн.

Музыка тыңдау: М. Әубәкіровтың «Ағайынбыз бәріміз» әні бүгінгі тақырып мазмұнын толықтыра түседі. Әннің мазмүны да, әуені де балаларды достыққа, адамгершілікке, бауырмашылдыққа, жақсылыққа шақырады.

Қортыу: Дидактикалық ойын «Нұрлы күн».

Барлық сұрақгарға жауап берген оқушы күн сәулесін тақтаға іліп, күнді нұрландырады.

1.достық туралы қандай ән үйрендік?

2. Достықтың,бейбігшіліктің символы қандай құс?

3. Достық, бейбітшілік туралы әндер қалай орындалады?

4. Біздің елімізде кандай үлт өкілдері бар?

5. Сен басқа ұлт өкілінен досың бар ма? Аты кім?

Сабақты төмендегі нақыл сөздермен аяқтау:

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

Жолдасы көптің олжасы көп.

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар және ойындар.

«Ойыншыктар». И. Нүсіпбаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Ойын-сауық, ойыншықтар арқылы баланың танымын ашу, көңіл күйін көтеру.

Сабақтың міндеті:

  1. Әнді әсерлі, мәнерлі орындауға баулу.

  2. Жағымды қасиеттердің пайда болуына көмектесу. Ырғақ сезу қабілетін дамыту.

  3. Сұлулыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ әдемі, көңілді ән тыңдаудан басталады.

Үстел үстіне бірнеше ойыншық қойылады.


  • Қандай ойыншықтар көріп отырсыңдар?

  • Ойыншықтар саған үнады ма? Саған қандай көңіл күй сыйлады?

  • Сенің сүйікті ойыншығың бар ма? Ойыншығьщцы қалай ұстайсың?

  • Сен ойыншығыңа арнап ән айтасың ба? - деген ой қозғау сұрақтар

арқылы балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс: Берілген түрлі түсті суреттер арқылы тақырып пысықталады.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Ойыншықтар» әні - жылдам, жеңіл, көңілді орындалады. Әннің сөзі, әуені баланың кабылдауына жеңіл.

И. Нүсіпбаев - «Біздің Отан», «Домбыра сазы», «Мұғалім ол біздің», т.б. әндер жазған композитор.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ, -

деген әннің фразасын дауыс жаттығуы ретінде алып, алғашқы тактідегі pe l ля 1 дыбыстарын таза орындауға баса назар аударған жөн. Бұл әдіс әннің сөзін есте тез сақтауға әсерін тигізеді.



  • Ән мазмүнындағы бұзау, қозы, құлыншақты сен қай жерде кездестірдің?

  • Сен оларды жаксы көресің бе?

  • Сен оларға қандай қамқорлық жасар едің?

Балалар оларды ауылда көргенін, оларға жем, шоп, су бергенін, жайылымға апарғанын қызықты етіп айтып береді.

Мұртын сипап кун бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады. (Мысық)



  • Мақта қызбен мысық» ертегісі куыршактармен көрсетіледі. Бұл қойылымбаланың қызығушылығын оятып, тыңдайтын шығарманы тартымды етіп көрсетеді.

Шығармашлық жұмыс: Өзіңнің сүйікті куыршағыңды бейнеле.

Сурет слау кезінде әдемі музыка қойылады.



Қортыу: Баллалардың салған суреттері көрсетіліп, талдау жасалады, бағаланады, Сурсі салуда қанық бояуларды әдемі, ұқыпты қолдануды ескеріп, шығармашылыққа баулимыз.

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы және caп музыкасы.

«Биші болам өскенде». Т. Тайбеков - үйрену.

«барабан» Б. Долденбаев-тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Би өнерінің түрлі қасиеттері мен әдемілігін дәріптеу.

Сабақтың міндеті:


  1. Оқушыларды көркемөнерге баулу. Хореографиялық әдіс-тәсілдердің сипаттарымен таныстыру.

2.Музыкалық ырғақтық қимылдар жасауға, би өнеріне қызығушылығын арттыру,

3.Ұлттық би өнерін үйренуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады.

Бұл қандай әуен? Саған таныс па?

Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады?

Қазақтың би өнерінің түп-тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Би жақсылықты әдемілікті,сұлулықты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейді.

«Қара жоға», «Айжан қыз»,«Келіншек», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билерхалық өмірін, оның тұрмыс-тіршілігін би тілімен баяндайды.

Әр бидің өзіне тән ерекшелігі, мінез-құлқы бар. Көкпар, бәйге, қыз қуу, жорға шабыс, қолөнерде - киіз басу, кілем тоқу, ши орау, қазақ үй әбзелдері, ою-өрнек, т.б. Ал бишілер өнерін мың бұралған әсем қимылдарымен көрерменге жеткізеді.

Бишілер суреттері көрсетіледі.



  1. Қандай би билеп жүр?

  2. Биші үстіне қандай киім киген?

Сергіту сәті: «Қара жорға» биін билеу.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді окып беру.

Би билейтін музыканың әуені көңілді, жылдам, ширақ орындалса, сапка түзейтін музыка нық, бірқалыпты орындалады.



Музыка тыңдау: Б. Дәлденбаевтың «Барабан» әні - аяқты нық басуға, саппен жүруге ықпал етеді. Әннің ырғағын қол шапалақтап немесе бара­бан, дабылды соғып көрсетсе, баланың сезімі, қабылдауы артады.

Дауысжаттыгуын Б. Байқадамовтың «Айгөлек» әнінің қайырмасына жай екпінде жасатуға болады. Әннің мазмұны, әуені би ырғағына сай келеді.

Ән үйрену: Т. Тайбековтың «Биші болам өскенде» әні - көңілді, ойнақы орындалады. Әннің әуені де, сөзі де баланың қабылдауына жеңіл, тез үйретіледі. Фраза соңындағы жартылык ұзақтықтағы ноталарды созып орындауға назар аудару керек.

Шығармашылық жұмыс: Оқулыкта берілген тапсырманы орындау, сұрақтарға жауап беру.

«Айгелек» дауыс жаттығуына әр түрлі есімдер қойып, би музыкасы- мен орындау.

Айгөлек, айгөлек,

Айдың жүзі доңгелек.

Сен шақырсаң мен керек,

Мен шақырсам сен керек,

Досан деген ер керек!

Осылайша сыныптас достарын биге шақыру.

Ақыл қалта бөліміндегі жаңылтпашты оқып, балалардыц сөйлеу мәнері, сөз саптауы, дыбысты таза айтуы шыңдалады.

Қорыту: Бірнеше суреттерді көрсетіп, билеуге лайық немесе сапқа түзейтін әндерді ажырату

БІЗ ҮЛГІЛІ БАЛАМЫЗ

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық екпін.

«Балақан мен алақан». Е. Хасанғалиев-тыңдау.

«Жай және жылдам». Е. Хасанғалиев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық екпін туралы түсінік беру. Жай және жылдаммузыканы ажырата білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:


  1. Шығарманы кабылдау ынтасын қалыптастыру, Сезімін ояту. Есту есте сақтау қасиеттерін дамыту.

  2. Талаптануға ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен Қорқыттын «Қорқыт» күйі орындалады. (Музыкалык шығарманы мұғалім өз қалауынша өзгертуге болады.

- екі шығарманың орындалуынан кандай айырмашылық байқадың?

«Балбырауын» күйі - жылдам, шабытты орындалса, «Қорқыт» күйі –жай, асықпай, ақырын орындалды.

Оқулықпен жұмыс: «Музыкалык екпін» мәтіні окылады. Берілген суреттерге қарап, шапшаң, жай жылдамдықты табу.

Тасбақаның жүрісі жай.

Қоянның жүрісі жылдам.

Сурет салу жай.



Футбол ойнау жылдам, т.б. өмірмен байланыстырылған мысалдарды келтіре отырып, музыкада жай жылдам екпіндер болатыны айтылады.

Қандайж ылдам әндерді үйрендік? («Биші болам өскенде»)

Қандай ән жай орындалады орындалады? («Бесік жыры»)

Музыка тыңдау: Е. Хасанғалиевтың «Балақан мен алақан» әні нық,жігерлі орындалады. Әпнің әуені, мазмүны баланың кабылдауына жеңіл.

Ән үйрену: «Жай жоне жылдам» әнінің 1-бөлімі асықпай, 2-бөлімі жылдам орындалады, Әндегі жай және жылдам айтуды кол қимылдарымен көрсетіп, дирижерлық ету әлементтерін пайдалану.

Қол шапалақтаумен орындалатын бөлігінде төрттік, сегіздік ұзактықть дәл орындауды қадағалау.



Шығармашылық жұмыс: «Ақыл қалта» бөліміндегі жұмбақтарды шешу.

Қорыту:

  • Музыканың екпіні қандай болады?

  • Екпін деген не?



11-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет. Музыка және сөз.

«Мен әдепті баламын». И. Нүсіпбаев - үйрену.

«Біздің ауыл». И. Нүсіпбаев -тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Сөз бен дыбыстың бір-бірімен тығыз байланысын түсіндіру. Шығармадағы бейнелерді тануға үйрету. Сөздік корын молайту.

Сабақтың міндеті:


  1. Ән сөзі мен мазмүнын үйлестіре орындауға баулу. Ой-сезімін ашу.

  2. Ән айту дағдысын, сөйлеу мәнерін дамыту.

  3. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Жануарларға деген сүйіспеншілік, камқорлық сезімін ояту.

Сабақтың барысы:

Б. Бейсенованың «Түлпарым» әнінің әуенін тыңдау.



  • Әннің сөзі бар ма?

  • Әннің мазмұны не туралы екенін байқадың ба?

  • Енді осы әнді сөзімен бірге тыңдайық.

  • Ән саған ұнады ма?

  • Біз орындап жүрген әндердің сөз мәтіні болмаса, мазмұны не туралы екенін білер ме едік?

  • Музыка әлемінде тек музыкалық дыбыстар бар. Үйқасы бар көркем сөз музыкалық дыбыспен үйлесіп, әдемі ән пайда болады.

Оқулықпен жұмыс: Ән - әуені, сазы бар музыкалық шығарма.

Өлен - ұйқасы бар көркем сөз.



Ән үйрену:

И. Нүсіпбаевтың «Мен әдепті баламын» әні асықпай, әндете, жұмсақ дауыспен орындалады. Квинта интервалынан аспайтын дауыс диапазоны бар, мазмұны қарапайым балалардың қабылдауына жеңіл,тез үйретіледі.

Әннің мазмұнын аша түсіп, баланың әдептілікке, үлкендерге деген құрметке ынтасын арттыру мақсатында түрлі түсті суреттер көрсетіледі.

Дауыс жаттығуын «Мені үлкендер әдепті деп мақтайды» сөзінің 1 фазасында ажасауты арқылы баланың әнге қызығушылығын ашып мәтінін есте сақтауға ықпал жасау.

Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру, мәтінді оқып беру.

Музыканы тыңдау: И. Нүсіпбаевтың «Біздің ауыл» әні - көңілді, сергек ашық шаттық сезіммен орындалады. Ән мазмұны, әуені өмір құбылстарын көріністерін, ауылдың бейнесін, тұрмыс-тіршілігін,әсем табиғатын жырлайды.

Төрт түлік бал бағу, азықтандыру, оларды жыртқыштан қорғау,шаруашылық жұмыстардың түрлерімен таныстыру.



Шығармашылық жұмыс: Ән әуенін тыңдай отырып, ауыл бейнесін суретке салу

Қортыу:«Адасқап гөлдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты - сызық жүрізу арқылы адасқан төлдерді енесіне тауып беру.

Қой Бұзау

Сиыр Бота

Бие Қошақан


12-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Биік, төмен дыбыстар.

Музыка сауаты: Биік, төмен дыбыстар.

Қазақтың халық әні «Алатау» - тыңдау, үйрену.

Сабақтың мақсаты: Биік,төмен дыбыстардың айтылу жоғарылығына қарай ажырата білуге және әнімен айта білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

Үй тазалығын сақтауға, дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ән дағдыларын дамыту. Ой-өрісін жан-жақты жетілдіру.

Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

Окушылардың ойын өрістетіп, қиялын ұштап, кызығушылығын арт тыру мақсатында саяхат сабақ ұйымдастыру.



  • Ал енді бәріміз саяхатқа аттанайық.

Саяхат қызықты болу үшін көңілді ән орындау. (Өткен сабақта үйренген әндер айтылады.)

Көркем сурет немесе бейнефильм көрсету арқылы туған жердің та биғаты суреттеледі. Кең-байтақ жомарт дала, бидай, күріш, сұлы, тары егістіктері, биік тау, сылдыраған бұлақ, орманды алқап, жан-жануарлар осының бәрі туған жер табиғаты. Бірнеше балалар туған жерінің табиғатыц суреттейді. Табиғатка серуенге шыққандарын, одан алған әсерлерін әңгімелейді.



  • Өзіңді биік таудың шыңына шыкқандай сезін. Енді төмен қара Таудың етегінде жайлау, жайылып жүрген төрт түлік мал, аппақ киі үйлер. Тауға мұқият қарасаң, ол бірде төмен, бірде аласа, бірде биік болып келеді. Музыканың әуені де тауға ұқсайды, биік, тқмен естілегін дыбыстар кездеседі.

Оқулықпен жұмыс: «Биік, төмен дыбыстар» мәтіні оқылып, сурет бойынша мәтін пысықталады.

Музыка тыңдау, үйрену: Қазақтың халық әні «Алатау» - жұмсақ тембрлі, кең тыныспен, асыкпай, сазды әуенмен айтылатын ән. Ән әуенінің желісінен, дыбыс козғалысынан тау бейнесін, сұлу табиғатты көруге болады.

Окулықта берілген суретке қарап, әннен үзінді орындау.

«Ақыл қалта» бөліміндегі жұмбақтар шешіліп, баланың ойлау кабілеті шыңдалады.

Шығармашылық жұмыс:

Қалқыған бұлт шыға алмай Алатаудың басына.

Ирелендеп жыландай Жата кетті тасына.

Қыран самғап тайсалмай,

Мұзға такау барады.

Одан әрі аса алмай,

Жартасқа ұя салады.

Үйренген ән, тыңдаган өлең мазмұнын суретпен бейнелеу.



Қорыту: Балалардың салған суреттеріне талдау жасап, бағалау.

Адасқан әріптерді орнына қой:



13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қатты, ақырын дыбыстар.



Музыка сауаты: Қатты, акырын дыбыстар

«Бәсең және көтеріңкі». Е. Хасанғалиев- үйрену.



«Бесік жыры» Б. Долденбаев - тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық дыбыстардың күші болатынын ұғындыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Дыбыстардың динамикасы мен тембрін ажыратуға үйрету.

  2. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Мейірімділікке, сүйіспеншілікке, бауырмашылдыкка тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақты «Бесік жырын» тыңдаудан бастап, ой козғайтын сұрақтар қойылады.

Іні қарындасың бар ма? Ол бесікке жата ма?

Нәретені бесікке бөлегенде қандай ән айтады, ол қалай орындалады? Қатты ма? Ақырын ба?

Бұл сұрақтарға балалар өз отбасы туралы, кішкене бөпесі, оның қылықтары анасы жайлы аса қызығушылықпен, кұлшына әңгімелейді.

Оқулықпен жұмыс: Қатты, акырын дыбыстар туралы мәтін оқылып, оқылып, сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.

Жұмбақ:

Сәбиге сәнді үй,

Әжеге ән-күй. (Бесік)

Бесікке іледі,

Әнін де,

Дәмін де,

Сәнін де

Сәбилер біледі. (Сылдырмақ)

Бесік жабдықтары, тағылған үкі, ойыншыктар туралы әңгімелеу.

Үкі ақшылл қоңыр түсті үлкен құс. Оның канатының көлденең түскен өрнегі араб әріптеріне ұқсайтын болғандықтан, ата-бабамыз оны құранның жазуы деп есептеген. Сондықтан оны бесікке, баскиімге, домбыраға, т.б тағатын болған.

Қысқа қайырым:

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Дауыс жаттығуын «Анам, менің анашым, ма-ма» сөз тіркесіне жасату.

Ән үйрену: Е. Хасанғалиевтің «Бәсең және көтеріңкі» әнінің мазмұнына байланысты дыбыс күшін қалпына келтіре орындауға назар аудару.

Ескепдір Хасангалиев - әнші-композитор, 200-ден астам әні бар «Келші, келші, балашым», «Немерем», т.б. әндері тыңдарман көңілінеі шығып жүр.

Сұрақ-тапсырма: Окулықтағы суретте барабан соғып бара жатқан балалардың көңіл күйлері қандай? Олар қайда жүр? Барабанның даусы қалай шығады?

Тапсырманы барабан немесе дабылмен, не шапалақпен соғып, бәсең және көтеріңкі орындап, тақырыпты пысықтау.



Музыка тыңдау: Б. Дәлденбаевтың «Бесік жыры» бәсең дыбыстар' мен, ақырын, жұмсақ, сазды орындалады.

Қорыту:

  1. Қандай дыбыстармен таныстық?

  2. «Бесік жыры» калай орындалады?

  3. Барабан, дабылды соққанда қандай дыбыс естіледі?

14-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бояу және дыбыстар. Тембр.

«Сурет сабағы». К. Қуатбаев - үйрену.

«Сұр қоян». К. Қуатбаев - тыңдау.

Музыка сауаты: тембр.



Сабақтың мақсаты: Музыкалық дыбыстың бояуы, тембрі жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға үйрету. Қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігін кеңейту.

  2. Таным деңгейін, әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту.

  3. Табиғатты сүюге, жан-жануарларды қорғауға, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Балалар, айналадаға көз салайықшы, егер бояу болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?

Аспанның үсі қандай?

Жердің түсі қандай?

Күннің түсі қандай?

Ағашы жапырағмның түсі ше?

Орманда қандай жа бар?

Оқулықпен жұмыс: Сен қоянды қандай бояумен бояр едің? Қолыңдағы сәбізді қандай бояумен бояу керек?

Баланың коңілін көтеріп, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмсақ қоян ойыншығы көрсетіледі.

Музыка тыңдау: К. Қуатбаевтың «Сұр қоян» әні жылдам, ойнақы орындалады. Әуеннен жүйрік, қорқақ, сүйкімді қоянның бейнесін коруге болады.

Балалар, біздің сыныпқа хат келіпті. Ол жай хат емес, музыкалық сәлем жолдаған екен, - деп, окушыға конвертті ашқызып, ішіндегі

Дискіге жазылған музыкалык шығарманы тыңдау.

Домбыра аспабында - күй

Қобыз аспабында күй,

Баян аспабында ән орындалады.

Осы аспаптардың үні, әуені, сазы, дауысы бір-біріне ұқсай ма?

сурегтегі бояу сияқты дыбыстың, түрлі музыкалық аспаптардың да өзіне тән бояуы болады. Оны музыка тілінде тембр деп атайды. Оқулықтағы тембр тақырыбы окылады.



Сергіту сәті:«Көңілді музыкант» - қимылды ән.

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.

Қозы -лақтар би билейді: дың, дың, дың.

I пді ойнаймын қобызда: зың, зың, зың.

Ііотақандар би билейді: зың, зың, зың.

Қатты ойнаймын дауылпазда: дүң, дүң, дүң.

Төлдер састы, түра қашты: дүң, дүң, дүң.

Ән үйрену: Оқулыктағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру.Туған жердің әсем табиғатын, жасыл жайлауының көркем бейнесін қандай әнмен жеткізген болар едің?

«Сурет сабағы» әні көңілді, жайдары, ақжарқын, жігерлі орындалады. Әннің алғашқы нотасы до 2 дыбысын нык, дәл, қатар жаткан дыбыстарды сатылап, ұқыпты, таза орындауға жаттықтыру Шығармашылық жұмыс: Көңілді музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суретке түсіру.



Қорыту:

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай аспап тембрі,

Ажыратып алайық.

«Қандай аспап» - музыкалық дидактикалық ойын. Музыкалык аспаптардың тембрін анық



15-сабак

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, Әліппем!

Қысқа және үзақ дыбыстар.

«Әліппе». Ә. Нұрымұлы - үйрену.

«Әліппе» туралы ән». И. Нүсіпбаев -тыңдау.

Музыка сауаты: Қысқа және ұзак дыбыстар.



Сабақтың мақсаты: Қыска және ұзақ дыбыстар туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыкалық дыбыстардың орындалу ерекшелігін дәріптеу.

  2. Есту, есте сақтау қасиеттерін дамыту. Ән айту шеберліктерін шыңдау.

  3. Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Өткен сабақтарда үйренген «Мен әдепті баламын», «Етікші» әндері хормен орындалады.

Хормен ән айту кезінде бірқалыпты екпінмен айтуды, кідірістерді дәл үстап, уақытылы түсуді, секірмелі биіктікті таза орындауды дирижердың қол қимылымен орындауға дағдыландыру керек.

«Етікші» әніндегі «тук-тук» сөздері қыска, үзік орындалу ерекшелігін байқадык. Музыкада осындай ұзақ, қысқа дыбыстардың атауы бар. Олар «легато» және «стаккато» деп аталады.



Оқулықпен жұмыс: «Қысқа және ұзақ дыбыстар» мәтіні окылады.

Табиғат пен музыка - тығыз байланысты. Табиғатты композитор әсем музыкасымен жырласа, акындар сырлы өлеңдер арнаған, суретшілер әдемі суреттерімен бейнелеген.



Саяхатта

Кеттік ұзап ауылдан,

Өттік асу, белдерден.

Сескенбедік жауыннан,

Сескенбедік желден де.

Жасыл орман айнала,

Жапырағы түспеген.

Таң алдында сайраған,

Бірге ояндық құспенен.

Таң нұрына боялып,

Тұрса терек алдыңда,

Жас гүлдерге оранып,

Жата берсең шалғында.

Жүре берсең құмартып,

Көре берсең әлі де.

Көгілдір көл мұнартып,

Таулар жатар әріде.

Аққу-қаздай тізіліп,

Қыдырсаң да қыратта.

Туған дала кызығы Таусылар ма бірақ та...



Сағи Жиенбаев

Музыка тыңдау: И. Нүсіпбаевтың «Әліппе туралы әні» - әсем сазды,жұмсақ тембрлі ән.

Ән үйрену:ӘНұрымұлының «Әліппе» әні - орташа екпінде, жұмсақ, сазды әуенмен орындалады.

Шығармашылық жұмыс: «Саржайлау» күйін тыңдай отырып, көз алдыңа не келді, түрлі түсті бояумен бейнелеу.



Қортыу:Оқушылардың салған суреттері тақтаға ілініп, талдау жасалады.

1. Қандай дыбыстармен таныстық?

2. Стаккато дыбыс қалай естіледі?

3. Легато дыбыстың естілуі қалай?

16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құтты болсын Жаңа жыл!

«Шырша әні». И. Нүсіпбаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Мереке туралы түсініктерін ашу.

Сабақгың міндеті:

  1. Музыкалық талғамдарын шыңдау.

  2. Ән айту шеберліктерін дамыту.

  3. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Музыка тыңдау: Жаңа жыл немесе кыс мезгілі туралы әдемі ән тыңдалады. (Мұғалімнің қалауы бойынша.)

  1. Ән қалай орындалды?

  2. Әннің мазмұны не туралы?

  3. Әннің әуеніне кандай қимылдар жасауға болады?

  4. Ән сенің көңіл күйіңе қалай әсер erri?

Жаңа жыл - кыс мерекесі, ол балаларды Аязатамен, Қаршақызбен, орман заңдарымен, әртүрлі кейіпкерлермен қауыштырады. Шырша айналасындағы ойындар мен көңілді билер, асқақгата ойналған музыка баланың көңілін көтеріп, шаттандырады, біразға дейін ұмытылмайтын әсерлермен байытады.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.

Сырғанақ

Қар жамылды күллі алап,

Жүрмедік біз қүр карап.

Бір топ бала бірлесіп,

Жасап алдық сырғанақ.

Ақ көрпемен он қабат,

Тастағандай доңді орап.

Ауырмайды еш жерім,

Аунап түссем домалап.

Ә. Ысқақов

Жұмбақ:

Тек өзі көрінбейді,

Адамды тоңдырады.

Ызғары дірілдеп,

Есіңнен тандырады. (Аяз)
Қолы мен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Қырау)

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбат. (Мұз)



Ән үйрену:«Шырша әні» көңілді, орташа екпінде, сергек, шаттык сезіммен орындалады. До 1-ля 1 орта тиссетурада жазылған, баланың дауысына бірқалыпты орындауға ыңғайлы.

Тауда туын,

Тауд(а) өсекен - екі дауысты дыбыс қатар келгенде, «а» дыбысының қысқарып айтылуына көңіл бөлу.

Сергіту сәті:

Қыс ойындарының қимыл-қозғалыспен көрсету.

1.Шаңғы тебу.

2.Коньки тебу.



3. Қар атысу.

4. Аққала жасау.



Шығармашылық жұмыс: Жаңажылдық шыршаны қандай ойыншықтармен безендірер едің? Суретін салып, түрлі түсті бояумен бояу.

МУЗЫКАЛЫҚ КӨҢІЛ КҮЙ

17-сабақ

Сабақтын тақырыбы: Көңіл күйдің музыкада бейнеленуі.

«Қызыл-жасыл көбелек». Т. Тайбеков - үйрену.

«Сәби қуанышы». Е. Қүсайынов – тыңдау

Сабақтың мақсаты: Музыканың сипатын ажырату, мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легінің бағытын айыру. Жеті жастағы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақ жеңіл тілмен, қызықты іс-әрекетпен түсіндіріледі.

Сабақтың міндегі:

1.Әндегі дыбысты тыңдап, музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуды үйрету, мәнерлеп орындауға баулу.

2. Өткен гоқсан такырыптарын кысқаша кайталап, негізгі ұғымдарды еске түсіру.

3.үйіренген әндерді жатқа орындау.



Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Бала жаны жақсыға құмар. Айнала қоршаған орта, өмір кұбылыстары, сұлу көркімен назар аударатын табиғат суреттері: толқынды мұхит, орман- тау, кеңжазиралы дала, сылдыр қаккан бұлақтар - осының бәрі оның әсершіл жүрегін еліктіріп, ынта-ықыласын баурап алады. Бала көңілі қызыққан, әсер алған құбылысының болмысын анықтап білуге талап- танады. Енді бір сәт құйқылжи төгілген музыка үнін тыңдаса ше? Онда тыңдаушының жан дүниесі жадырап, өзгеше бір әсерге беріледі. Біз музыканы сөз естігендей түсіне аламыз ба? Кейде оның мазмұнын оның ерекше дыбыстары арқылы түсінеміз. Оны музыка тілі деп атайды. Музыканың сиқырлы үні, сырлы сазы баланың балғын жанын әлдилеп, көңіліне ләззат нұрын құяды. Сөйтіп, музыка оның рухани сырласына айналады. Жас ұрпақ музыка өнерінің қайнарынан сусындап, рухани нәр алады. Әсемдік, әдемілік әлемінің ғажайып сырын ұғады. Балаларға арналған музыкалық шығармалар олардың өнерге деген ыстық сезімін оятып, көңілінен тұрақты орын алады.



Музыка тыңдау: Сәби қуанышы. Музыкасын жазған Е. Құсайынов.

Әнді оқушыларға таныстыру.

Ән көңілді, шаттық сезіммен, жайдары, жылдам екпінде орындалады.

Түрлі сұрақтар қойып, бағыт беру арқылы әннің мазмұнын мүмкіндігінше оқушылардың оздеріне анықтатқан жөн. Сонда олардың ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы артады.



  • Осы әнді тыңдағанда сенің коңіл күйің қандай болды?

  • Мына тыңдаган шығарма қалай орындалды?

Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме кұрастыру.

Дауыс жаттығуы: Дауыс жаттығуы кезінде үн тазалығын, дикция мен дыбысталу күшінің біркелкілігін қадағалау. Осы жаттығудан кейін бала жаңа әнді жақсы қабылдайтыны сөзсіз.

Ән үйрену: «Қызыл-жасыл көбелек» әнін орындау. Музыкасын жазған Т. Тайбеков. Әннің мазмұнын ашып, көңілді, сергек орындауға үйретеміз.

Тапсырма:

  • Сен табиғат аясында көбелектерді көрдің бе?

  • Олардың түсі қандай?

  • Суретке қара. Көңіл күйіңді оз сөзіңмен жеткіз.

  • Тыңдаған музыка саған қандай әсер қалдырды?

  • «Қызыл-жасыл көбелек» әні мен «Сәби қуанышы» әуенінің қандай айырмашылығын байқадың?

  • Өзің үйренген әндеріңнің ішінен көңілді әндерді атап шық.

Сергіту сәті:Ырғақты қимыл ойыны.

Күшік иен көбелек

Қонды гүлге көбелек’

Гүл жайқалды, құлпырды,

Ұстап алып көрем деп,

Күшік гүлге ұмтылды,

Көк көбелек кетті ұщып,

Жарға қонды көбелек

Ґстатпады ақыры,

Қу көбелек күлкі етті,

Күшік суға күміп етті.



Ойқозғау ойыны:

Мағыналары қарама-қарсы сөздерді сызқтармен қосыңдар.

Көңілді Ақырын

Қатты Жай

Тез Жіңішке

Жуан Көңілсіз

Қорыту

1. Оқулықтағы суретте көріп отырған балалардың балалық шағы қалай өтуде?

2. Олардың көңіл күйлері қандай?

3. Өмір сүріп жатқан жерлерің табиғаты қандай?

4. Тыңдаған музыка туралы не айтасың?

5. Тыңдаған музыкаңды суретке сал.

Сабаққа ынталы балаларды бағалап марапаттау арқылыбасқада балалардың қызығушылығын арттырамыз.

18-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыка және адамның көңіл күйі

«Көбелек» Қ Қуатбаев үйрену

Сабақтың мақсаты: Музыканың көңіл күйін сезінуге үйрету.


Каталог: uploads -> doc -> 0084
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0084 -> Әшірбаев Ғабит Әшірбайұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Математика пәні мұғалімі
0084 -> Күні: 12. 2016 Сыныбы: 8а, геометрия Тақырыбы
0084 -> Денешынықтыру сабағында оқушылар денсаулығын нығайту, ҚОЗҒалыс белсенділігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет