Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев үйрену. Сабақтың мақсаты



бет4/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#5698
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Жұмбақ:


Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су акты,

Гүлдер өсті ырғалған. (Көктем)

Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс. Суре карап, ондағы көріністер бойынша әңгіме жүргізу.

Сұрақтар кою аркылы баланың танымын ашып, ой-өрісін кеңейтеміз



Музыка тыңдау: «Көктемде». Музыкасын жазған Ж.Тұрсынбаев.

  • Музыка әуенінен табиғаттың қандай көрінісін байқауға болады? Жүмбактар шешу арқылы әннің мазмұиы ашылады.

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон-алап,

Терледі, көгерді. (Жаңбыр)


Будақ түтін түсі ашық

Көк жүзінде тұзақтап

Қойғандай-ақ жылжымай,

Тауды өбедіі құшақтап. (Бұлт)

Ағаштарды шайкайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай сайды

Бір ерінбейді . (Жел)

Оқулықта берілген жұмбақтарды шешіп қана қоймай, табиғат құбылстарының қай мезгілде болатынын тауып айту керек.

Ән үйрену: «Жау –жау, жаңбыр» музыкасын жазған, К. Дүйсекеев.Әнннің шуамағымен қайырмасының орындалу ерекшелігіне көңіл бөлу. Қайырмасындағы менің әсем қалама, менің байтақ далама» сөздеріндегі он алтылық ноталарды таза аутуға көңіл бөлу.

Қортыу. Үйренген әндер мен тыңдалған муызкалық шығармалардың мазмұнына сай берілген бір дамытушылық, тәрбиелік мәні бар музыкалық ойын ұйымдастыру балаларға ерекше әсер етеді.

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойын тойлайық

«Наурыз - біздің жаңа жыл». А. Меңжанова - үйрену.

«Саржайлау». Тәттімбет-тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Ертеден келе жатқан халық дәстүрін, әдет ғұрпын, жақсылық пен ақ ниеттілікке толы бабалар дәстүрін жалғастыруі баулу. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілек, бата туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті:


  1. Әнді мәнерлі, сезіммен орындауға баулу.

  2. Әннің мазмұнын аша білу дағдыларын арттыру.

  3. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпын үйренуге, қадірлеуі тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Қой маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Коктем - жыл мезгілдерінің ішіндегі ең әдемісі. Күн жылынып, қа еріп, сай-саладан су ағып, ағаштар бүршік атып, табиғаттьщ жаңаратыі мезгілі. Көктемде түркі тілдес елдер күн мен түн теңелетін 22 наурыз күні жыл басы деп санап, наурыз мерекесін тойлайды.

Наурыз мерекесі күні адамдар ерекше амандасады.


  • Ұлыстың үлы күні құтты болсын!

  • Құт дарысын!

  • Ұлыс оң болсын!

  • Ак мол болсын!

  • Қайда барсаң, жол болсын!

  • Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін! - деп адамдар бір-біріні жақсы тілектер айтады, кариялар дәстүрлі бата береді.

Наурыз тойында ұлттық ойындар - аркан тарту, күрес, асық ату, кок пар, теңге алу, бәйге, т.б. ұйымдастырылады. Айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ жаңылтпаш айту жарысы болады

Дастарқанға наурыз көже, бауырсақ, қазы-қарта, кұрт, жент, т.б. қойылады.

Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Ән үйрену: А. Меңжанованың «Наурыз - біздің жаңа жыл» әні көңілді, шат сезіммен, қуанышты, орташа екпінде орындалады.

Композитор Айымгүл Меңжанова балаларға арналған көптеген шығармаларында мектеп өмірін, оқушылардың білім ордасы мектебіне деген сүйіспеншілігін әнге қосады.

Ән биіктігін, әсіресе қайырмасындағы музыка биіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындауға ықпал жасалынады.

Музыка тыңдау:

Тәттімбет Қазангапұлы шертпе күй орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның күйлерінде ойшылдық, терең толғаныс, сырлы сезім мол.

Тәттімбеттің «Саржайлауы» - шертпе күйге жатады. Туған жердің сұлу табиғатын бейнелейтін, ел ішіне кең тараған күй. Күйдің әсем де нәзік ырғағы тыңдаушыны бірде желпіндіріп, бірде тәтті мұңға бөлейді. Күйдің дыбыс бояуы жұмсақ, әуені нәзік естіледі. Күйді тыңдап, мазмұнын әңгімелеу.



Ақ бата

Көтерейік білекті,

Жырға бөлеп жүректі,

Бобекке бата берейін,

Ағынан айтып тілекті.

Сүйкімді бол, бал бөбек,

Табыла берсін бар керек.

Ісіңді тағдыр оңдасын,

Қайда жүрсе калыктап,

Қызыр баба қолдасын.

Жақсы жолды таңдасын,

Жаманнан тәлім алмасын,

Ата-баба дәстүрін Жаңартсын да жалғасын!

Сергіту сәті:

Наурыз мерекесі күні әртүрлі ұлттық ойындар ойналады.

Сондай ойынның бірі - «Ақ серек, көк серек».

1-топ: Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

2-топ: Бәсе, бізге кім керек?

Оқу десе тым зерек,

Бізге ... деген ұл керек.

1-топ: Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

1-топ: Бәсе, бізге кім керек?

Күй шерткенде шалқытқан,

Қорғасындай балқытқан,

Домбырашы ... деген қыз керек.



  1. топ: Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

  1. топ: Әуендетіп ән салар

Жезтаңдай әнші... деген қыз керек.

  1. топ: Ақ серек, кок серек,

Бізден сізге кім керек?

  1. топ: Бәсе, бізге кім керек?

Желден жүйрік желаяқ,

Көптен озар оң аяқ,

Жас жүлдегер ... деген ул керек.

Осындай ойын арқылы баланың жан-жақты дамуы артып, жағымл қасиеттері пайда болуына ықпал жасалынады, көңіл күйі көтеріледі, муі калық талғамы қалыптасады.



Қорыту:

Сұрактар мен тапсырмалар.



  1. Балалар, ән-күй сендерге үнады ма?

  2. Наурыз тойы қандай той?

  3. Бул тойды халық калай тойлайды?

«Наурыз тойы салтымыз» дегенді қалай түсінесің

ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ЖӘНЕ АСПАПТАРЫ

27-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Ән және күй.

«Киіз үй». Ж. Тұрсынбаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Жаңа материалдарды игеруге кажеггі білім, дағды деңгейін анықтау. Бұл сабақта музыканың сипатын ажырату, маі мүнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легіыің бағытын айыру туралы сөз болады.

Сабақтың міндеті: Баланьщ шығармашылық белсенділігін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту және есте сақтау қабілеті мен ыр- ғақтық сезімдерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме өткізіп, халықтық музыка мәдениеті, оның салалары, орындаушылары туралы қысқаша мағлұмат беруге болады. Халық шығармашылығы тек бұрынғы заманды ғана емес, қазіргі кезеңді де қамтиды. Яғни халық өміріндегі белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға байланысты өзінің көңіл күйін, арман-мүддесін қосып, ән шығарған.

Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай.

Халық музыкасы - халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жаткан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Халық музыкасын тудырушылар өз елінің жанашыр жаршылары. Музыканың жалпы халық мәдениетіндегі, өмір шындығын айқындап көрсетудегі алатын орнының маңызы зор.

Халық әні - авторы ұмытылған, бірден-бірге ауызба-ауыз жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер.

Халық күйі - ұлттық музыкалық аспаптарға арналып шығарылган, ауызша бірден-бірге таратылып, бізге жеткен музыка.

Музыка мен өнер өзара байланысты. Музыка - өмірдің ажырамас бір бөлігі және өнердегі көрінісі.



Музыка өнері - халық тарихының шежіресі.

Халық әндері мен күйлері қазақ халқының өмір тіршілігін - адамдар мен достық, табиғат, жан-жануарлар мен құстар туралы және т.б. жырлайды.



Сабақтың таңғажайып сәті. «Қазақ ауылына саяхат».

- Балалар, сендер өздеріңді автобусқа мініп, ауылға келе жатырмыз деп сезініңдер. Жүргізуші - Айдос.

Мұғалім сұрақ-жауап арқылы «Біздің ауыл» тақырыбына әңгіме жүргізеді.

Ауылда кімге келе жатырмыз?

Ауылда не өседі?

Ауылдың табиғаты қандай?

Сен ауылды ұнатасың ба?

Сен жайлауға бардың ба?

Таңертең ұйқыдан түрғанда табиғаттың қандай көрінісін көрдің? де­ген сияқты ойқозғау сұрақтарын қойып, шығарманың мазмүнын ашамыз және баланың сөз корын дамытамыз.

Қазақ халқының ең касиетті дүниесі - киіз үй. Киіз үй біздің ата- бабамыздан қалған. Оның ерекшелігі — бұрышы жок, дөңгелек. Алыстан аппақ болып көрінеді.?

Балалар киіз үй туралы (ак парақта жазылған) жұмбақты шешеді.

Жұмбақ

Қазша қанат жаяды, Үйрекше мойын созады, Қүсша қонады. (Киіз үй)

Ұқсайтын шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жүлдыздар корінеді. (Киіз үй)

Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі коп айқыш-ұйкыш.

Көзі бар жабыркаған төбесінде,

Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс. (Киіз үй)



Ән үйрену: «Киіз үй». Музыкасын жазған Ж. Тұрсынбаев.

«Киіз үй» әнін тыңдаганда, ашық, көңілді дыбыстар естиміз.

«Киіз үй» әнінің кайырмасында кездесетін «ха-лә-лә, лә-лә, ха-ла-ла| ку-ли-ла-ла» әуенін балалардың үндестігіне жақын етіп, ыңғайлы дыбыі биіктігімен орындатылады. Бүл әдіс он үйрену кезінде баланың есту, есті сақтау қасиеттерін дамытады. Әннің әрбір сөз катары оқушының санаі сына көркем бейнені көрсетіп тұрғандай, баланың әнді тез қабылдауыні ықпал жасайды. Ән өте әсем, сазды, мазмұнды, жүмсак тембрлі. КөркеіІ бейнелі шығарма қатарына жатады. Ән әуенінде, музыкалық дыбыстарды! желісінде казақ ауылының көрінісі ерекше көркем бейнеленген.

Сабактың ең маңызды кезеңінің бірі - балалардың он айту қалпыш сактау жоне оны алғашқы сабақтан бастап дағдыландыру. Ән айту кезінді қатты айкайламай, әнді жұмсак, сазды дауыспен орындау керек.

Музыка тыңдау: «Алқоңыр». Қазақтың халык әні. (Үнтаспа)

Шығармашылық жұмыс:

Түрлі түсті сурет немесе киіз үй макетін көрсете отырып, киіз үйдіц қазак халқының өмір-тіршілігінде алатын орны туралы шағын әңгіме ұйымдастыру.

  • Сүйегі, төбесіндегі көзі деген не?

  • Киіз үй неден құралады? (Шаңырак] уық, кереге, түндік, басқұр, ағаш есік.)

Киіз үйдін негізі ағаштан, ал жабуы қойдың жүнінен басылған киізден жасалады. Сондыктан киіз үй деп аталған.

  • Жазғы демалысыңда ата-әжеңнің ауылына, жайлауға бардың ба?

  • «Наурыз» мерекесінде құрылған алты канат ак боз үйдің ішіне кірдің бе?

  • Киіз үйдің өзің көрген жасаулары мен ішкі жиһаздарын атап бер.

Бұл заттар тек тұрмысга пайдаланатын зат емес, ата-бабамыздан кал­ган асыл мқра екенін дәріптейміз.

Қорыту. Жауап берген балаға кағаздан жасалған гүл береміз. Осылай сұрақ біткенде, қыздардың және ер балалардың гүлдерін санап, жеңген топты аньқтаймыз немесе «Айгөлек» ән байкауын өткізіп, үйренген әндерді кайталаймыз. Бұл жерде де ән айтқан балаға гүл беріп, шапалақ ұру арқылы, баланың ынтасын, шығармашылығын, ұяңдығын, белсенділігін ашамыз.

Сабақтың тақырыбы: Домбыра сыры.

«Кеңес». Қазақтың халық күйі - тыңдау.

«Домбыра». Ә. Еспаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Күй ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру. Музыкалык шығар- малардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.

Сабақтың міндеті:


  • Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасауға үйрету.

  • Динамикалық есту қабілетін арттыру. Әнді әдемі сезіммен орындауға баулу.

  • Өткен сабақта алған білімін тереңдетіп, тыңдаған, орындаған халық эні мен халық күйлерін еске түсіру, дэріптеу, үгындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суретті тест, түрлі түсті суреттер, буклет көрсету арқылы балалар домбыраның түрлері, оның кұрылысы, шығу та- рихы туралы қысқаша маглүмат алады.

Сабақтың барысы: Кіріспе эңгіме.

Домбыра - қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті музыкалық аспап.

Күй - жеке музыкалық жанр болып қалыптасқаннан бастап, домбыра аспабы қоса дамып келеді.

Сабақты күй тыңдаудан бастаған дұрыс. Өйткені әдемі ән мен күй баланың көңіл күйін, сезімін оятады.



Музыка тыңдау: Қазақтың халық күйі «Кеңес».

Күйде ән сияқты белгілі бір тақырып - туып-өскен жеріне, табиғатқ күнделікті тіршілік-тұрмысына және өмір қүбылыстарына деген адамны өзіндік көзқарасы бейнеленеді. Айырмашылығы - күйде сөз мәтіні болмайды.Сондықтан күйді аспаптық музыкаға жатқызамыз. Ол тек бір аспапта немесе оркестрде орындалады. Осы мақсатта қазақтың халық күйі «Кеңес тыңдалады. Өткен күйлер мен күйшілерді еске түсіреді. Күй көлем; шығарма, оны қабылдау, әнге қарағанда күрделірек. Сондықтан оны дұрыс қабылдау үшін, алдымен мазмұнымен танысып, зейін қойып тыңдауға осы бастан дағдыландыру керек.

Күйдің сипатына назар аударылады. (Кең тынысты, динамикалы бояуға бай.)

Ойлан, man!


  1. Бүл шығарма музыканың қай түріне жатады?

  2. Күй қандай аспапта орындалды?

  3. «Кеңес» күйінің ыргағын қолыңмен шапалақтап көрсет.

  4. Тағы қандай халық аспабын білесің?

Күй орындалғанда оқушылар колдың қимылымен домбырада шертіі ойнауды бейнелейді.

  1. Шығарма (күй) бір аспапта орындалды ма?

  2. Қандай аспаптың даусын, қандай дыбыстарды естідіңдер? /Қатты, даңғырлаған, естілмейтін, жылдам, коңыр, көңілді, көңілсіз, сезімді, жү\ сақ, жай/.

Оқушылар жүмбақ шешіп, берілген тапсырманы орындаса, бүгіні өтетін әннің тақырыбын да өздері хабарлайтынын айтады.

Жұмбақ Тиіп кетсе ән салған,

Даусына ел тамсанған. /Домбыра./

Ән үйрену: «Домбыра». Музыкасын жазған Ә. Еспаев.

  1. Әннің мазмүны не туралы?

  2. Әуені саған үнады ма?

Балалардың жауабын мүқият тыңдап, олардың сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік береміз.

Музыкалық үзіліс. (Сергіту сәті)

Домбырамен билеу.

Қатысушылар 4 ұл бала, 4 қыз бала немесе топпен.


  1. Бір қатарда домбыра үстап түрады.

  2. Екіге бөлініп немесе жүп-жүбымен түрады. Қарама-қарсы түрыи оңға, солға бүрылып, домбыра шерту қимылын жасайды.

  3. Орындарын ауыстырып, сол қимылды қайталайды.

  4. Содан соң барльны жарты шеңбер жасап ту рады.

  5. ¥лдар отырып, қыздар айналады.

  6. Жұп-жұбымен орындарына келіп, тізелерін бүгіп, қарама-қарсы жарты шеңбер жасап, домбыра ойнау қимылын жасап, бір-біріне сәлем жасайды.

Шығармашылық жұмыс:

1. Егер дұрыс тапсаң, қазақ ұлт аспабының аты шығады. аоыдмбр



Жұмбақ Екі желілі,

Күйдің көрігі. (Домбыра)



Жаңылтпаш Домбыраның құлағын

Оң бүрадым,

Он бұрадым

Қорыту.

«Домбыра» сөзжұмбағын шешу.

Шулы және музыкалық...

Түйенің төлі.

Ән, әуен, ырғақ.

Ақ қанатты, кек қанатты ...

Ұлыстың ұлы күні.

Атақты күйші.



Құрманғазының күйі.













Д

Ы

Б

Ы

С



















Б

О

т

А




























м

У

3

Ы

К

А













К

Ө

Б

Е

Л

Е

к










н

А

У

Р

Ы

3






















Қ

¥

Р

м

А

Н

Ғ

А

3

Ы

с

А

р

Ы

А

р

Қ

А






29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қобыз сарыны.

«Жезкиік». Ыкылас Дүкенұлы - тыңдау.

«Моншақтар». К. Қуатбаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Ән айтып, күйді тыңдау барысында музыкань қыр-сырын түсінуге үйрету. Музыкалык шығарманы талдауда, музыкаль бейнені сипаттауда өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Ән айту дағдыларын сактауға үйрету.

  2. Есту, есте сактау кабілетін жетілдіру.

  3. Туған жерге, елге, табиғатка сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Қобыз - қазақтың ішекті музыкалық аспабы. Қобыз аспабын ертел бақсылар ойнайтын болған. Олар қобыз аспабының ауру адамды сыр қатынан айыктыратын сиқырлы қасиеті барына сенді. Қобыздың үні естіген жан оның тілін бірден түсінеді. Қобызда кез келген адам орында алмайды. Оны орындау үшін әбден машықтану кажет. Қобызды ысқышпен ысып орындайды. Қобызда орындайтын адамды - кобызшы деп атайды.



Ықылас Дүкенұлы - атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшьлар әулетінен шыкқан күйші сазгер. Өз әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те аскан қобызшы болған. Ықылас Қорқыттан калған дәстүрлі қобы тартуды қайта жаңғыртып, жандандырды.

Ертеден келе жатқан кобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас - «Айрауық», «Ақку», «Асанкайғы», «Ерден», «Бозторғаш «Қаскыр», «Саржан төре», «Шақыру» сынды күйлер калдырған ірі композитор.



Музыка тыңдау: Ықыластың күйі «Жезкиік».

Өзінің бір сапарында Ықылас бостандыктың бейнесі, кең даланың мақтанышы мен сұлуы жезкиік туралы әңгіме естиді. Аңшылардың ұғымында жезкиік жас нәрестесін аман-сау өсіру қамын ойлаған анаға ұқсас.

Ол тау-қүздың төбесінде еркін секіріп, кең даланың төсінде ойнақтайды. Өзін жыртқыш аңдардан аман сақтайтын, айналадағы өсімдікке ұқсайды. терісінің әсем бояуымен мақтанады. Жезге ұксас түсі күнге шағылысып, аңшыға дұрыс көздетпейді, сондықтан ол кең далада ұзақ өмір сүреді.

«Жезкиік» күйінде композитор өз ойын, сезімін бейнелейді.ол өз халқының бостандығын көздейді, жарлы-жақыбайлардың қанаудан құтылатын, дала жырткыштарын түсайтын күнді арман етеді. «Жезкиік»

күйі оптимистік шабытқа толы, бостандық туралы патетикамен ұштасады. Балалар мүғалімнің көмегімен куйді тыңдап, анықтайды.


Каталог: uploads -> doc -> 0084
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0084 -> Әшірбаев Ғабит Әшірбайұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Математика пәні мұғалімі
0084 -> Күні: 12. 2016 Сыныбы: 8а, геометрия Тақырыбы
0084 -> Денешынықтыру сабағында оқушылар денсаулығын нығайту, ҚОЗҒалыс белсенділігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет