Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев үйрену. Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#5698
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сурақ - жауап.

  • «Жезкиік» күйінің жылдамдығы қандай?

  • Күйдің көңіл күйін ажырату.

  • Күйдің әуені мен суреттегі киіктің бейнесін салыстыр.

  • Киіктің суретін сал.

  • Күйдің мазмұнын есіңе түсір.

«Ақыл қалта» айдарымен берілген жүмбақты шешу.

Күнсайын Қуатбаев - «Жұлдыздарға жол», «Моншақтар», т.б. эн жинақтарының авторы. К. Қуатбаев казақ балаларына музыкалық тәрбие беруге, балалардың эстетикалық талғамын жан-жақты дамытуға зор үлес қосқан композитор.

Ән үйрену: «Моншақтар». Музыкасын жазған К. Қуатбаев. Сөзін жазған Қ.Толыбаев.

«Моншақтар» әні балалардың үйренуіне жеңіл, ән әуенінің қозғалысы дауыс диапазонына ыңғайлы, шаттана, көңілді орындалатын ән.

Ән үйренбес бұрын ән айту дағдыларын еске түсіріп, одан әрі бекітеміз. Денені тік, еркін үстау, орындықтың шетіне түзу отырудың бала омыртқасының дүрыс дамуына әсері зор.

Әнді оқушыларға таныстыру.

Әсерлі орындап шығу.

Сөздерін, мазмұнын талдау.

Әндік жаттығулар.

Сергіту сәті: «Биле, биле».

Домбыраның күйіне Қане биле, балақан.

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бұралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

Ойын арқылы домбыра, қобыз, дауылпаз аспаптарының үні, орындау қимылы еске түсіріледі.

Қорыту: «Жеті ғажайып бақ» ойыны.

Ойын мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Ойын шарты: Кестедегі санды тауып, сол санның сұрағына жауап беру.


1

2

3




7




4

5

6


Қойылатын сұрақтар:

  1. Қандай шығарма үйрендік, оның авторы кім?

  2. Әннің мазмұны не туралы?

  3. Ән қандай сипатта орындалады?

  4. Жылдам әлде ақырын орындала ма?


30-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Шертер, Шаңқобыз.

«Сылқылдақ». Тәттімбет –тыңдау.

Сабақтың мақсаты: халык аспаптық музыкасымен тереңірек таныстыру. Аспаптардың дыбыс тембрін ажыратуға үйрету. Музыкалық қабілетін арттыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыра білуге жетелеу.

  2. Шығармашылык ізденісін, білім мен дағдысының деңгейін аныктау

  3. Шығарманы тыңдай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ұлттык аспаптарының суреті, күй сандық, ән-күй таспалары. Күйші-сазгерлердің портреті.

Сабақтың барысы: Шертер - қазақ халқының тағы бір көне музыкалық аспабы.

Оқулықпен жұмыс: Шертер аспабы туралы анықтама оқылады. Шер­тер - үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Шертерді көбіне мал бағатын бақташылар тартатын болған. Бұл аспаппен дала әншілері мен жыршылары ән айтканда өз әндерін сүйемелдейтін болған. Бұл күнде көне аспаптың көмейінен күй төгіліп, кайта жаңғырды, жетілдірілді. Шертердің ішектері күйге келген сайын қазақтың дархан даласы көзге елестеп, желпіген самал желі жусан иісін жеткізетін сияқты.

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден, ағаштан, кейде күмістен жасалады. Шаңқобызда ойнағанда оны тістеп тұрып, кішкене темір тілшігін козғау арқылы дыбыс шығарады. Дыбыс бояуы /тембрі/ өте әсем эрі нэзік, екі дауысты ән тыңдағандай эсер береді.

Музыкалық ойын - «Күйді тап».

Үнтаспада өздеріне таныс күйлерден үзінді тыңдалады.

Оқушылар қандай күй екенін, қандай аспапта орындалғанын ажыратады.

Тәттімбет Қазангапулы - шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші-композиторлардың бірі. Тәттімбет өз дэуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде элеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор.

Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атақты күйші Әбікен Хасеновтің орындауында жетіп отыр.

Тәттімбеттің қазақ күйі өнеріндегі шоқтығы биік «Бестөре», «Былқылдақ», «Қосбасар», «Қоянды», «Көкейкесті», «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Тепеңкок», «Терісқақпай», т.б. күйлері ғасырлар бойына сан ұрпақтың таңдаулы рухани азығына айналып келеді.

Сылқылдақ. Бірде Тәттімбет ел аралап келе жатып, ат басын жолда кездескен бір қыздың үйіне тірейді.

Тәттімбет төрге жайғасып отырғаннан кейін қыз төсегінің басында ілулі тұрған домбыраны көреді. Ол қыздың домбырашы екенін бірден сезеді.

Дастарқан жайылып, шай ішіліп бола бере Тәттімбет: «Қарындасым, анау домбыраға қол жалғап жіберші», - деп қыздың домбырасын сұрайды. Қыз домбырасын қолына алып, Тәттімбетке бірден бере салмай: «Сізді жұрт асқан домбырашы дейді. Әуелі ауылдың алты ауызын тыңдаңыз. Мүмкін күй тартыспай-ақ жеңілгендігіңізді мойындай саларсыз», - деп қалжыңдап, бір күй тартады.Содан кейін Тәттімбет қыздың домбырасын алып, өзі бір күй шертеді. Күй тартысы басталып кетеді. Қыз бен Тәттімбет бірін-бірі жеңе алмайды. Тәттімбет кәдімгідей саса бастайды. Қыз отыз тоғыз күй тартады.

Сол кезде Тәттімбет аяғындағы етігін шешіп тастап, башпайының қырымен бір күй тартады. Жұрттың алдында жалаң аяқ күй тартуға батылы бармаған қыз әрі қонақты сыйлап: «Ағеке, жолды сізге бердім. Жеңілдім», - дейді.Сонда Тәттімбет: «Қарындасым, өнерің үстем болсын. Сылқылдаған күлкің, сабырлы мінезің мен ақылыңа арнап, күйдің атын «Сылқылда койдым. Осы күй саған арнаған сыйым болсын», - дейді. Сонда Тәттімбеттің қызға арнап шығарған қырқыншы күйі осы «Сылқылда» екен.



Музыка тыңдау: «Сылқылдак». Тәттімбет. Күй көлемді шығарма әнге карағанда күрделірек. Сондықтан оны дұрыс қабылдау үшін алдымен мазмұнымен танысып, зейін қойып тыңдауға дағдыландыру керек.

Сұрақтарга жауап бер:

  1. Тәттімбеттің қандай күйін бұрын естіп, таныстың?

  2. «Сылқылдақ» күйінің көңіл күйі қандай?

  3. Күйді тыңдағаныңда көз алдыңа кандай бейне келеді?

  4. Тәттімбет қыздың домбырашы екенін қалай біледі?

  5. Тәттімбет қызды қалай жеңеді?

  6. Тәттімбеттің кызға арналган күйі қалай аталады?

Төмендегі атақтарға лайыктылар анықталады.

1. Зейінді бала. 2. Ойы үшқыр бала. 3. Тапкыр бала. 4. Ақылды бала.



  1. Алғыр бала, т.б.

Ибрагим Нусіпбаев - әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен адам. Одан білім алған шәкірттернің көбі музыканы оздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші дирижер, композитор болды. И.Нүсіпбаев 150-ден астам балалар әндері жазды. Оларда мектеп өмірі, еңбек, достық туралы жырланады.

Композитордың «Сүйікті мектебім», «Жомарт өлке», «Саяхат жыры> «Айналайын ак мамам», «Май жыры», «Достық» т.б. әндерін балалар ереше сүйіп орындайды.



Қорыту.

  1. Шертер мен шаңқобыз аспаптарын өзара салыстыр, ерекшеліктерін әңгімеле.

  2. «Сылкылдақ» күйін тыңдағанда қандай музыка аспаптарының дауысын естідің?

  3. Шертер мен шаңқобыздың суретін сал.

Үй тапсырмасы.«туған жерім» такырыбына шағын әңгіме жаз.


31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жетіген.

«Қосалқа». Дәулеткерей - тыңдау.

«Қурай». Е. Құсайынов - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Аспаптық музыканың даму ерекшелігі туралы түсінік беру. ¥лттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай білуге баулу. Оқушылардың ән-әуенге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:


  1. Өткен замандағы және бүгінгі таңдағы халық өмірінің байланысын түсіндіру.

  2. Көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту.

  3. Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы түсініктерін тереңдету, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабактың барысы:

Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасы тексеріліп, оқушылардың білімі бағаланады. Бұл әдіс арқылы баланың талабын ашамыз, кемшіліктерін жоюға көмектесеміз.



Оқулықпен жұмыс: Суреттегі жетіген аспабымен таныстыру.

Жетіген - қазақтың көне музыкалық аспабының бірі. Саусакпен теріп ойналады. Жеті ішегі бар. Жетіген аспабына арналған күйлер көп емес, бірақ халық арасында кең таралған. Жетіген аспабында орындау белгілі бір даярлықты талап етеді. Себебі оның ішегі баска аспаптарға қарағанда көбірек. Әр ішектен дыбысты шығару үшін, олардың орналасуына мән беру керек.



Жұмбақ

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мүң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қай аспап? (Жетіген)

Алдыңғы сабақта өтілген материалдарды бекіте отырып, Дәулеткерей Шығайұлымен танысамыз. Күйшінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме окушылардың күйді түсінуіне ықпалын тигізеді.



Дәулеткерей - XIX ғасырдың басында батыс өңірінде дүниеге келген қазақтың ұлы күйші-композиторы. Дәулеткерей атақты хан тұқымынан шыккан, төре. Бірақ ол төрелік билікке қызықпай, күйшілік өнерге жақын болды.

«Төре күйлерінің атасы» атанған Дәулеткерей өзінің әрбір күйін айрықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған. Оның кез келген күйі табиғаттың өзіндей табиғи, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезіміммен қайран қалдырады.



Музыка тыңдау: Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа».

«Қосалқа» халыққа кеңінен таныс күйлердің бірі. Оның 3 түрі ба Дәулеткерей өз күйінде сұлу қыздың бейнесін, оның әдемі жүрісі алқаның сылдырын бейнелеген.

«Қосалка» күйін тыңдап, шығарма туралы әңгімелесу окушыларди күй жөнінде, оның мазмұны түрліше болатыны жөнінде түсінігін кеңейі түседі.

Сұрақтар:


  • Дәулеткерей кім?

  • Дәулеткерейдің ата-тегі кім болған?

  • Дәулеткерей «Қосалқа» күйін кімге арнаған?

Ән орындау: «Қурай». Музыкасын жазған Е. Құсайынов. Сөзін жазған А. Асылбеков.

Тапсырма: «Қурай» әнін өзің білетін аспаптарды (домбыра, жетіген шаңкобыз және т.б.) еске түсіре отырып орындау.

Қорыту. «Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады.
32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үрлемелі және ұрмалы аспаптар.

«Тайтұяқ пен асатаяк». А. Райымқүлова - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу. Аспаптың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру. Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Есту, есте сақтау ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

  1. Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету.

  2. Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіну.

  3. Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақтыц көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, күйсандық, үнтаспа, буклет, түрлі түсті сюжетгі суреттер.

Сабақтың барысы: Кіріспе зңгіме.

Қазақтың музыкалық аспаптарының тобына - үрлемелі және ұрмалы аспаптар жатады. Үрлемелі аспалтарға - үрлеп ойнайтын сыбызғы, саз- сырнай аспаптарып, ал үрмалы аспаптарға ұрып ойнайтын - дабыл, дауылпаз аспаптарын жатқызамыз.



Сыбызғы - үрлемелі аспаптардың бірі. Ол қамыс-қурайдан, ағаштан, жезден жасалады. Оның құрылысы шанақ, өзек, ойықтан тұрады. Бармақпен басатын бірнеше тесігі болады (үш, төрт, бес). Өзектің ішіне бағытталған ауа тербеліп, жаңғырып, дыбыс шығарады.

Сазсырнай өте ерте заманда пайда болған үрлеп тартылатын аспап. Оларды қамыстан, аңдар мен құстардың сүйегінен, мүйізінен, саздан және кейбір жұмсақ тастардан жасайтын болған. Шанағына жел үрлеп, ойықтарды басса, түрлі дыбыс шығады.

Дауылпаз ұрып ойналатын көне музыкалық аспап. Жаугершілік

заманда шабуылға шығу немесе ұрысты тоқтату, халықты бір орталыққа жинау мақсатында қолданылған. Ел ішіндегі той-томалақта бәйге, қыз қуу, көкпар ойындарыпа «баста», «тоқта» дегенді білдіру үшін пайдаланылған.



Тайтұяқ казақ тұрмысында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады. Тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оның ішін әбден тазартып, күнге кептіреді. Қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін, белдеуше бау тағады.

Асатаяқ - ұрып ойнайтын кене музыкалық аспап. Шанағының ішіне темірден жасалған сылдырмақ теңгелер ілінген. Музыканың ырғағына қарай сілкіп ойнағанда, одан біріне-бірі ұласқан сыңғырлаған нәзік үн шығады.

Дабыл - ерте заманнан келе жатқан ұрып ойнайтын аспаптың бір түрі.

Ол барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көнесі. Ағаш шеңбердің екі жақ бетіне тері керіліп қапталады. Ағаштан немесе кайыстан жасалған тұтқасы бар. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған. Мұны «дабыл қағу» деп атаған.



Сергіту сәті:

Көңілді музыкант

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың,

Қозы, лақтар би билейді: дың, дың, дың.

Енді ойнаймын қобызда: зың, зың, зың.

Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.

Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дұң, дұң.

Төлдер састы, тұра қашты: дұң, дүң, дүң.

Ән үйрену. Тайтұяқ пен асатаяқ.

Музыкасын жазған А. Райымқұлова. Сөзін жазған А. Асылбек. Шыгармашылық жұмыс: «Қандай аспап?» ойыны.

Сыбызғы, сазсырнай дабыл, тайтұяқ пен асатаяқ, дауылпаз аспаптарының үнін тыңдап, ажыратамыз.

Қорыту: Ойлан, тап!

Қай аспап қай топқа жатады?


Аспап

түрлері


Шертпелі

Үрлемелі

ұрмалы

Ысқышты

Домбыра

+










Сыбызғы




+







Жетіген

+










Даңғыра







+




Сазсырнай




+







Шертер

+










Дабыл







+




Қобыз










+



Жүмбақ

Көкшіл айна үйдегі, ]

Көрсетеді киноны.

(Теледидар)

Теледидардан қазак ұлттық аспаптары жөнінде бейнефильм көріп тамашалаймыз.



33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Оркестр.

«Біздің оркестр». Т. Қоңыратбаев - үйрену.

«Ата толғауы». Н. Тілендиев - тыңдау.

«Шалғындағы бақбақ». Т. Қоңыратбаев - орындау.



Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының күйі мен аспаптық музыкасы жайлы нақты да тиянақты білім беру. Музыкалық ырғақты сезініп, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

  1. Өмірдің сан алуан құбылыстарын музыка арқылы жеткізудің түрлі тәсілдерін талдай білуге баулу.

  2. Музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын арттыру.

  3. Халық музыкасына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың жабдығы: Қазақтың үлттық саз аспаптары, күйсандық, үнтаспаға жазылған музыкалық әуен, т.б.

Сабақтың барысы:

Ән үйрену: Біздің оркестр. Музыкасын жазған Т. Қоңыратбаев. Сөзін жазған А. Асылбек.

Ән үйретуді бастамас бұрын шығарманы дұрыс түсініп, қабылдау бағытында дайындық жұмысы жүргізіледі. Ән сөзінде қандай аспаптар айтылады? (Дауылпаз, даңғыра, сыбызғы, ысқырық, домбыра, сырнай).

Әнді орындау кезінде, әннің мазмұнына орай балалар аспаптарда ойнау кейпін, немесе би қимылдарын жасауға болады.

Жаттығу ретінде әннің өзін пайдаланып, ең алдымен оны дыбыс сарынын үзбей, үнемі жалғастыра, ерінді шеңберлей жинақылап, әдемі үнмен «ля» буынымен айтқызамыз. Әннің жүрдек, көңілді сипатын нақышына келтіре орындауды, үн біркелкілігін, дұрыс тыныс алуды қадағалауды ұмытпаған жөн.



Ойлан, man!

  1. Ән не жайында? Аспаптар жайында./

  2. Әннің сипаты қандай? /Көңілді, жарқын./

  3. Екпіні ше? /Орташа, асықпай./

  4. Ән неше шумақтан тұрады?

Музыка тыңдау: «Ата толғауы». Н.Тілендиев.

Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдау барысында балаларды таңғажайып дүниеге саяхатқа шақырамыз. Күңіреніп шыққан домбыраның, қобыздың, сазсырнай, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, дабыл аспаптарының сикырлы үнінен терең толғау, сырлы сарын, әсем саз естіліп тұратынын балаларға түсіндіреміз.

Домбырам, тағы жырлашы,

Сұңқардай көкке самғашы.

Күмбірлетіп күй төксем,

Туған елдің арқасы.

Қазақ жерінің сүлу табиғатын, түрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін бейнелейтін әдемі күй. Күйді тыңдай отырып, музыкалық және шулы аспаптардың дыбысын естуге болады. Мысалы: домбыра, қобыз, шаңқобыз, тайтүяқ, дабыл, жетіген, сазсырнай, үскірік.

Тапсырма: «Ата толғауы» күйін тыңдаған кезіңде әр аспапты дыбы- сына қарай ажырат. Күйдің кіріспесінде ең алдымен түсетін музыкалық аспапты ата.

Нұргиса Тілендиев - белгілі композитор, дирижер, он саусағынан өнері тамған күйші-домбырашы. Ол - бар дүниеге қазақтың көзімен қарап, қазақша ойлайтын және сол үнде музыка жазатын композитор. Оның қолдары буынсыз бишідей домбыра пернелерін қуалап, қос ішегін ілген сайын жүректің нәзік қылдары мың сан сезімге оралады.

Сергіту сәті:

«Қандай аспап?» - Музыкалық қимыл ойын.

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай аспап тембрі Ажыратып алайық.

Қимылмен аспап ойнауды келтіру. (Домбыра, қобыз, сырнай, форте­пиано, сыбызғы, т.б.)



Ән орындау: «Шалғындағы бақбақ». Музыкасын жазған Т. Қоңырат- баев. Сөзін жазған Қ. Жұмалиев.

Ән қуанышты, сергек, ашық дыбысты, көңілді орындалады. Ән кейіп- кері табиғат қүбылыстарына балалык көзбен қарайды, яғни өсімдікке жан бітіріп, сонымен тілдеседі. Әннің шумағы үнемі бірінші үлесте аяқталып отырады. Осы жерде балаларға музыкада ғана емес, адам сөйлегенде де белгілі бір уақыт аралығында үзіліс жасап, тыныс алып отыратынын түсіндіреміз.



Шығармашылық жұмыс: «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып, шулы аспаптармен қосылып орындау.

Қорыту: Сабақта мұғалім тоқсан бойы оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап түрінде немесе дидактикалык ойын түрінде, жарыс түрінде тексеруіне болады. Оқулықтағы түрлі түсті суреттер, жұмбақ, жаңылтпаштарды, сұрақтарды негізге ала отырып, тақырыпты меңгергендерін тексеруге мүмкіндік бар.



Каталог: uploads -> doc -> 0084
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0084 -> Әшірбаев Ғабит Әшірбайұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Математика пәні мұғалімі
0084 -> Күні: 12. 2016 Сыныбы: 8а, геометрия Тақырыбы
0084 -> Денешынықтыру сабағында оқушылар денсаулығын нығайту, ҚОЗҒалыс белсенділігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет