Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев үйрену. Сабақтың мақсаты


Көңілді, мұңды дыбыстарды ажырата білуге баулу



бет3/5
Дата27.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#5698
түріСабақ
1   2   3   4   5

Көңілді, мұңды дыбыстарды ажырата білуге баулу.

Музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың міндеті:

1.Хормен ән айтуға, дыбыс желісін сезінуге үйрету.

2. Балалардың қызығушылығымен белсенділігін арттыру.

3. Музыканы сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырылады.

Жеті жастағы балалардың психологиялык ерекшелігі бар. Олар зейінін ұзақ уақыт бір арнаға бағыттай алмайды. Жаңа тақырып, жаңа ұгымдарды көрнекі құрал, ойындар арқылы бекітіп отырмаса, ұмытып қалады. Сондықтан музыканы әуенімен байланыстыра отырып, дидактикалық ойынмен музыкалық көңіл күй туралы ұгымын тереңдетеміз.


  • Балалар, адам музыкасыз өмір сүре ала ма?

  • Бір күн музыка естімей, ән айтпай, музыкалық аспаптың, домбыра- ның үнін естімей жүрсек, қалай болар еді?

  • Музыканың адамның жан дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?

  • Адамның коңіл күйін қалай байкауға болады? - деген сиякты ой қозгайтын сұрактар кою арқылы балалардың ой-пікірі тыңдалады.

Музыканың өзіндік тамаша тілі бар. Бейнелі, жарқын әуенді, жан- жақты үйлесімді озіндік бір ырғақты ұштастыра отырып, композитор музыка жазады. Әдемі музыканы тыңдай отырып, адам одан рухани азық алады.

Бәрінен де бұрын адам өміріндегі әртүрлі сәттерде, бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігін түсіндіруге болады.

Солдат жорықта келе жатып, ән салады. Ән оны аса көңілдендіріп, қадамын ширатады. Адам қайғырса, мұңды дыбыстар қайғысын сыртқа шығаруға көмектеседі. Музыка - адамның өмірлік серігі.

Музыканың өзіндік тамаша тілі бар. Оны түсіну үшін ең алдымен тыңдай білу керек.



Дауыс жаттығуы:

«Мен окушы баламын, әнге саламын».

Гамма тектес жаттығу жай орындалады. Әнді ырғақты қимылмен орындау ыңғайлы.

Ән үйрену: «Көбелек» әнін орындау. Музыкасын жазған К. Қуатбаев.

Ән көңілді, сергек орындалады. Әннің сөзі, әуені жеңіл,7 жастағы балалардың дауыс диапазонына лайық жазылған. Әннің әр шумағының бірінші фразасын дауыс жаттыгуы ретінде алуға болады.



Өзіндік жұмыс:

«Танқырлық» ойыны

Ақ қанатты ...

Көк қанатты ...

Қызыл қанат ...

... келе кет.

Гүлдер, ... көктесін,

... көп келсін.

Ақ қанатты ...,

... кетпесін.



Қорыту: Сұрақтар жазылған көбелек бейнесі балаларға таратылып беріледі жауап берген окушы көбелекті тақтада ілулі тұрған гүлдің бейнесіне жапсырады.

«Кім жылдам» ойыны. Сұрақтар:

1.Музыкада қандай дыбыстар кездеседі?

2. Қандай ән тыңдадық?

3. Қандай түсті көбелектерді көрдің?

4. Олар саған қандай көңіл күй сыйлады?

5. Қандай ән үйрендік? Әннің мазмұны не туралы?



6. «Көбелек» әні қалай орындалды?

Бағалау: «5» барлыгын дұрыс орындаса, «4» - бір 0ате жіберсе, «3» - 2-3

Қате жіберсе қойылады. Осы шкала бойынша оқушылардың өздері бірін- ооиады.

19-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көңілді дыбыстар.

«Күн болсам». Қ.Үбанұлы - үйрену.

«Тамаша».И.Нүсіпбаев -тыңдау.

Сабақтың мақсаты: музыканың дыбысын ажырата білумен қатар, ондағы көркем бейнені көріп, мазмұнын түсінуді үйрету. Дыбыс биіктігі туралы қарапайым түсінік беру. Музыкалық дыбыстың желісін сезінуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

1.Әнді әсерлі бабына келтіре,дұрыс тыныс алып, үнтазалығын сақтап орыднауға баулу.

2. Ойлау қабілетін жан жақты дамыту

3. Туған жерге деген сүйспеншілік сезімге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Оқулықпен жұмыс: Музыкалық әлемде адамның көңіл куйі өзгеріп тұрады. Сол сияқты музыка да түрлі көңіл күйді білдіре алады. Көңілді дыбыстар адамға күш-қуат береді, шаттыққа толы сезім сыйлайды деген ұғымды түсініп оқып шыгу.

Дауыс жаттығуы. Жоғары, жеңіл, үнді, әуезді, жылдам дыбысты жа- сап көрсету.

А, ө, ү, і дауысты дыбыстарының дұрыс айтылуын қалыптастырамыз.

Жаттығуды жай, айғайламай, дыбысты орныкты, толқытпай орындау аркасында бала даусының дыбыстық бояуын сақтаймыз және әнді орын­дау сапасын арттырамыз.

Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)



  • Балалар, айналаға көз салайықшы, егер Күн болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?

  • Аспанның түсі қандай?

  • Жердің түсі қандай?

  • Күннің түсі қандай?

Осы жұмбак пен сұрақтардан кейін бала жаңа әнді жақсы қабылдайтыны сөзсіз. Әннің мазмұнын ашып, көңілді, сергек орындауға үйретеміз.

Музыка тыңдау: И. Нүсіпбаевтың «Тамаша» әні.

Ән үйрену: «Күн болсам» әнін үйрену. «Әто май» әуеніне лайықтаған Қ.Үбанұлы.

Әннің мазмұны балаларға түсінікті, қарапайым жазылған. Әнді қимылмен көрсетіп орындаған қызықты болады және балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Шығарма мазмұнын түсінген бала Күн туралы әнді толғана, үлкен сезіммен орындайды. Ән әсерлі болу үшін, дикцияға көңіл бөлу керек. Әннің фразалық құрылысын талдап, дұрыс тыныс алуға үйретеміз. Жеке дыбысты әндете, созып айтып, баланың қайталауын талап етеміз. Бүл жерде бала дыбысты дәл айтуға, есту қабілетін арттыруға, ән әуенінің көтерілу бағытын аңғаруға талпынады.



Дидактикалық ойын - «Нұрлы күн».

Күнді сипаттайтын сөздер ойлап жаз.



Тақырып тұрғысында сұрақтар қойылады.



Қортыу:тәрбиесі мен оқушылардың қабілетіне карай дәптерге жұмыстар орындауға болады.

20-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мұңды дыбыстар.

«Мұңды ән» Б. Жүсіпәлиев-тыңдау.

«Маңмаңгер». Дқан cepi - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыра

Отырып, көңілді және мұңды дыбыстар туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды өз беттінше жұмыс жасауға дағдыландыру.



Сабақтың міндеті:

1. Сөздік қорларын байту, әстетикалық білім беру.

2. Оқушылардың жылдам ойлау кабілетін, белсенділігін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақ барысы:

Алдыммен кіріспе әңгіме өткізіп, музыка адамның әртүрлі көңіл күйін, сезімдерін білдіретінін түсіндірген жөн.

Өмірде адамдардың мінез-құлқы әрқалай болып келеді. Тіпті бірадамның өзі көңіл күйіне байланысты бірде көңілді, жайдары болса, енді бірде жабырқап, мұңға батып жүреді. Сол сияқты музыкалық шығармалар да көңілді немесе мұңды болатынын түсіндіре отырып, күйсандықта әр түрлі музыка ойнап, сұрақтар коюға болады.

Музыкалық ойын - «Менің көңіл күйім». Арнайы тапсырмалар беріліп тексеру жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларды 3 топқа бөледі. Әр топтың оқушылары өзіне бөлінген суреттегі адамның көңіл күйін
Дыбыстар

Көңілді Мүңды

Музыка тыңдау. «Мұңды ән». Музыкасын жазған Б. Жүсіпәлиев. «Мұңды ән» әнінің дыбыс желісі ақырын, асықпай, бір сарынды орын далады.

Әннің мазмұнына байланысты сүрактар:



  • Тыңдаған шығарманың көңіл күйі кандай деп ойлайсың?

Музыка әлемінде мұңды дыбыстар кездеседі.

Мұңды музыка тыңдаған кезде адамның көңілі түсіп, жабырқайды мұңаяды.

«Аулың кайда?» дауыс жаттығуын екі топка бөліп орындату. Музыкалық ырғақ дағдыларына, әмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдірул арналган жаттығулар музыкалық образдың сипатын, шығарманың құрылымын ашуына зор ыкпал етеді. Сондыктан осындай іс-әрекеттер арқылы баланың музыкалык шеберлігі шыңдалады.

Ән үйрену. «Маңмаңгер». Ақан сері. (Қысқа қайырым.)

Ақан сері—халықарасынатанымал, Көкшетау өңірінен шықкан атақть: әнші-композитор. Дарынды өнер иесін халык «сал», «сері» деп атаған, Ақан сері керемет әншілігімен қатар, суырыпсалма ақын болған.

Балалар назарын Ақанның атының көркіне, маң-маң басқан жүрісіне аударып, әннің «Маңмаңгер» аталу себебін түсіндіру қажет. «Маңмаңгер- дің» әр сөзі аттың касиетін айкындай түседі. «Маңмаңгер» әнінен қысқа қайырым орындау осы әннің есте үзақ сакталып қалуына көмектеседі. Ақан серімен қысқа танысудан кейін «Манмаңгер» әнін тыңдату.

Жаңа такырыпты, ұғымды меңгеру мақсатында түрлі сүрақтар мен тапсырмалар орындалады.


  1. Әннің көңіл күйі қандай?

  2. Әннің мазмұнын мәтініне карап ажыратуға бола ма?

  3. «Маңмаңгер» әнін дыбыс биіктігімен орында.

Қорыту: «Алтын қоржын» ойыны.

  • Балалар, бізге сый қоржынымен қуыршактар келіп қапты. «Алакай» коржынының ішіндегі музыкалык тапсырмаларды орындайык.

  1. Тыңдаған екі музыканың көңіл күйі қандай болды?

  2. Осы музыкаларды тындағанда қандай көңіл күйге бөлендің? Мүңды ма, әлде көңілді ме?


21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыка және табиғаттың көңіл күйі

«Сарыарқа». Құрманғазы -тыңдау.

«Кең дала». И. Нүсіпбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Жаңа такырыпты меңгеруге кажетті дағды деңгейін анықтау. Музыкалык шығармалар негізінде қоршаган орта, табиғаттуралы ой пікірін анықтау.. Балаларды әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

1.музыканың мазмұнын түсінуге, қорытынды жасауға бағыттау.

2. Музыкалық сауаттылықтарын арттыру.

3. Туған жердің, еліміздің кеңдігін, сұлу табиғатын, байтақ даласын, биік тауларын, мөлдір суларын бала жүрегімен сезіп, оны танып білуге, қадірлеуге аялауға тәрбиелеу,баулу.

Сабақтың барысы: Оқулықпен жұмыс:

«Музыка және табиғаттың көңіл күйі» тақырыбы оқылады.

Тақырып мазмұнына сәйкес бейнелі картиналар көрсетіп, Чайковскийдің «жыл мезгілдері» шығармасынан үзінділер тыңдатуға болады.

Тақтада ілулі тұрған табиғаттың көрінісі, алма бағы, биік тау, ағып жатқан өзен, төрт түліктің суреттері, далада жұмыс істеп жүрген адамдар,



Құрманғазы сағырбайұлы - казактың күйші-композиторы, аспаптық музыканың күйдің классигі. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтікәділетсіздікпен қанаушылыкқа, озбырлыққа қарсы күрес болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы, Құрманғазыны кажыта алмады. Домбырасын кару етіп, қиындықтарға қарсы күресті,

Дауыс жаттығуы:

Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болу үшін, дауысты дыбыстарды созып айтуды керісінше, дауыссыз дыбыстарды барынша қыска орындау-

Ән балалардың үйренуіне жеңіл, дауыс диапазонына лайық жазылған, әсем күйлер тыңдағаннан кейін әнді үйрену балаларға қиындык туғызбайды.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Кең дала» әні көңілді, сергек, шат сезіммен орындалады, Әннің мазмүны қарапайым сөздермен жазылган, бала үйренуге жаттауға жеңіл. Окулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып, . оқушыларға туған ауылын, оның әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түсіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әнніц ырғағын окулықта берілген сурет бойынша, аспаптарды ұрып ойнатып іс-қимылмен сабаққа баули алсақ, ол екі арада байланыс дами түседі Сондықтан сүйемелдеусіз, өзіне ыңғайлы дауыс мәнері мен қимылдь: өздері ойлап табады.

«Ойқозғау» сұрақ-жауап сайысы.



  1. Ән саған ұнады ма?

  2. Ән қалай орындалды?

  3. Сен жазда ауылга ата-әжеңе қыдырып бардың ба?

  4. Сенің көңіл күйің кандай болды?

  5. Суретке қандай ат қояр едің?

Сергіту сәті:

Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ.

«Сарыарқа» күйіне «Жорға» биі.



Шығармашмлық жұмыс:

Музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суреттеу.

Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің калауы бо­йынша әртүрлі гүлдің суретін салғызамыз. Оқушылардың салған суреттері бағаланып, ойқозғау сұрақтары койылады.

Қорыту:

Музыкалық шығарманың мазмұны бойынша жұмыс.



  • Суретке ненің бейнесін салдың?

  • Табиғат бейнесін қандай бояулармен боядың?

  • Сурет салуға музыка қалай әсер етті?

  • Табиғат туралы музыка қандай болуы керек?

  • Табиғат пен музыканы бөліп тастауға бола ма?


22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыка жан-жануарлардың көңіл күйін жеткізе ала ма

«Керуен». К. Дүйсекеев -тыңдау.

«Нар идірген». Халық күйі - тыңдау.

«Мысық». Б. Ғизатов - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Окушыларға кұстардың және жан-жануарлардың табиғаттағы орнын түсіндіру барысында қоршаған орта жайындағы білімдерін дамыту. Балалардың коршаған орта мен өмір құбылыстары жөнінде түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеті:



  1. Музыканы бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстырып, оқу- шылардың тақырыпты толык меңгеруіне көмектесу.

  2. Оқушының таным деңгейін дамыту. Ән айту, мәнерлеп орындау ше- берлігін арттыру.

  3. Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету, жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың жабдыгы: күстарды бейнелейтін картиналар, таспаға жа- зылған қүстар үні.

Сабақтың барысы:

Психологиялық көңіл күй. Оқулықпен жұмыс. Қүстар мен жан-жа- нуарлар туралы қосымша кызыкты мәліметтер беру. Ондағы суреттерді, сұрактар мен тапсырмаларды пайдалану. Суреттен не бейнетаспадан көрген жан-жануарлар мен құстардын әрқайсысына жеке тоқталып, олар тура­лы не білетіндерін айтқызу.

Музыка өнері өзінің керемет дыбыстарының көмегімен табиғатты суреттейді, адамдардың көңіл күйін білдіреді. Енді музыка дыбыстарының жан-жануарлар мен құстарды да бейнелей алатынын білдік.

Музыка тыңдау: «Керуен». Музыкасын жазған К. Дүйсекеев.

Бала музыканың сырлы тілі арқылы оны терең сезіммен қабылдау үшін, музыка тыңдау ережесін үнемі еске салып отыру қажет.

Әр музыкалық шығарманы тыңдап болғаннан кейін, талдау әңгімеде сүрақтар жүйелі түрде қойылып, мүғалім баланың сөйлеуге тілегін әрдайым қолдап отыруы қажет.

Тапсырма: «Кім жылдам және алғыр».

Оқулықтағы сурет бойынша окушылар әңгіме қүрастырады.



  1. Суретке қарап, тыңдаған музыкаңа кандай ат қояр едің?

  2. Тыңдаған музыканың көңіл күйі туралы әңгімеле.

«Бозторғай» (дауыс жаттыгуы). Музыкасын жазған Е. Құсайынов.

Сергіту сәті. «Үшты-үшты» ойыны.

Ән үйрену: Б. Ғизатовтың «Мысық» әні жүмсақ сазды, орташа екпінде, ақырын әуенмен орындалады.

Шығармашылық жұмыс: оқулықтағы сурет бойынша әңгіме кұрастырып, баланың танымын ашамыз. Әр оқушының ойын түжырымдап, дүрыс бағдар беріп, қүстар мен жан-жануарларды дұрыс атауын қадағалаймыз.

Қорыту: «Музыкалық лото» ойыны.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың сабақта алған білімін түжырымдау. Окушылардың танымын, жүйелі ойын дамыту мақсатында «Музыкалық лото» ойынын үйымдастыру. Оқулықта берілгенжұмбақтардың шешімінтабу, олардың суретін салу. Картиналардды пайдаланып әңгімелеу.

Өздерінің өмірлерінен көргендерін айтқызу.

23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы дыбыстар достығы.

«Достық». И. Нүсіпбаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Халық әні, халық күйі, ойын, ертегі арқылы баланың ойлау, сөйлеу, тыңдау, қабылдау, тану, есте сақтау, тағы басқа қабілеттерін құдіретті музыканың сырлы тілі арқылы жеткізу.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыкалық образдарды сипаттауда ой, сезім, ырғақ, шығарма маз мүны, дыбыс үйлесімі, дыбыс бояуы барынша нақты, түсінікті мағлүмаі беретінін поәтикалық сөзбен, сюжетпен, ойын, би ырғағы аркылы ба- лаларга жеткізу. Ән мен күйді тыңдау барысында халық түрмысының өмірінің қыры мен сырын түсінуге үйретеміз.

  2. Қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Ton алдында еркін тиянақты, жүйелі ой айта білуге дағдыландыру.



  3. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Бояулар достасса, әдемі бейнелі сурет шығады. Балалар достасса.

әдемі күлкі шығады. Ал егер музыкалык дыбыстар достасса, не болар еді? Музыкалық дыбыстар достасса, әсем музыка шығады. Музыка тілі - достық тілі. Ол үшін шекара жоқ. Достықтың, адалдықтың арқасында қандай қиындықтарды болса да жеңуге болады.

Осындай ой козғайтын сүрақтар қою арқылы тақырыпты ашамыз.

Сенің ең сүйікті әнің, музыкаң қандай?

Оқушыларға оқулықтағы суреттер арқылы берілген жағдайаттарды

талдау ұсынылады. Суретке қарап әндердің атын еске түсір.

Суреттен өздеріне таныс, үйреніп жүрген әндерінің шешімін жекелей немесе бірлесіп іздестіріп табуы тиіс.



Музыка тыңдау: Мұғалімнің қалауы бойынша, үнтаспаны қосып әдемі, көңілді музыка тыңдалады. Балалар өздерінің ой-пікірлерін айтады. Барлығын да тыңдап, түсініксіз айтылған ойды міндетті түрде дұрыс түсіндіру, жөнге салып отыру.

  • Музыка қалай естілді?

  • Әуені мен ырғағы үйлесіп түр ма?

Бұл әуенге билеуге бола ма?

Композитор музыкалық дыбыстарды үйлестіріп, достастырып, осын- дай әдемі, коңілді, жайдары музыка жазады екен.

Оны тыңдаған адам куанышты, шат кеңілде болады.

Дауыс жаттығуын мұғалім өз қалауынша шағын ғана жасату.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Достык» әні жайдары музыка екпінінде жазылған.

Әннің жайдары сипатын нақышына келтіре орындауды, үн бір- келкілігін, дұрыс тыныс алуды қадағалау.

«Ақыл қалта» ішінен жазылған сұрақтарды алып оқимыз.


  1. Қандай ән үйрендік?

  2. Ән қалай орындалды?

  3. Әннің мазмүны не туралы?

  4. Әннің қайырмасын оқыңдар.

  5. Ән неше шумақтан түрады?

  6. Ән әуеніне билеуге бола ма?

Сергіту сәті:

Осы әнге қандай қимылдар жасауға болады?

Орнымыздан түрайық,

Қолды белге кояйық.

Оңға басты бұрайық,

Солға басты бүрайық,

Бір отырып, бір түрып,

Орнымызға қонайық.

Үйретілген би қимылдарын жасау.

Би қимылдарын жасағанда қандай сезімде болдың?



Шығармашылық жұмыс: «Қара да, біліп ал». (Ойқозғау ойыны.)

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Суретін салайық,

Қане, қандай бұл аспап?

(Домбыра аспабыиың суреті көрсетіледі.)

Ал, балалар, балалар,

Зейін қойып тыңдап ал.

Қандай әуен естідің,

Қане, кімдер таба алар?

(Үйренген әннен үзінді ойналады, не ұнтаспадан күй тыңдапады.)
Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен калам ал.

Алты әріптен тұратын,

Бізде кандай қала бар?



(Алматы қаласының суреті көрсетіледі, балалар дәптерге жазады.) Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен калам ал.

Екі кобыз, бір домбыра,

Қанша аспап болады?



(2+1=3, балалар дәптерге жазады.)

Қорыту:«Ойнайық та, ойлайық».



  • «Дос», «Достық» деген сөздерді қалай түсінесің?

  • Сенің досың бар ма?

  • Досыңмен бірге жүргенде, сенің көңіл күйің калай болады?

  • Досыңмен қосылып ән айтасың ба?

  • Досыңмен қарым-катынасың қандай?


24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті анама сыйлық.

«Айналайын ақ мамам». И. Нүсіпбаев - үйрену.

«Ана». К. Дүйсекеев - тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Оқушының таным деңгейін байыту. Әнді мә нерлегі орындау шеберлігін арттыру. Ой-орісін, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың міндеті:


  1. Оқушының музыкалық талғамын ашу.

  2. Әнге деген қүштарлыгын арттыру.

  3. Үлкенді құрметтеуге, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Ән - біздің досымыз бола ала ма? Әрине, ән - біздің мәңгі досымыз. Ән - әуені әсем, мәтіннен түратын музыкалык шыгарма. Кез келгец әннің мазмүны мен басты ойы, әдемі әуені болады. Ән адамның көңіл күйіп көтереді, күш-қуат береді, ерлікке, жаңа бастауларға жетелейді. Ән әртүрлі тақырыпта жазылады. Отан, туған жер, ауыл, қала, ана, сәби, табиғат, торт түлік, т.б.

Күйші-композиторлар жақын, жақсы көретін адамдарына арнап ән, күй шығарған. Бүлар арнау әндер мен күйлер деп аталған.

Дүниеде адамға ең жақын адам, ең ардақты жан - АНА. Адам бойындағы барлык жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың сүтінен дарыған.сонндыктан өнер адамдары, күйші, сазгер, әнші, биші, суретші,- ешкайсысы бұл тақырыпты тыс қалдырмаған.



Дауыс жаттығуын әр түрлі өлеңнен алынған үзінді арқылы орындатқан тиімді.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Айналайын ақ мамам» әні жұмсақ сазды орташа екпінде орындалады. Әннің тәрбиелік жағына көңіл бөлеміз.

Әннің мазмұны оқылған соң, оқулықтағы сурет бойынша әннің биіктігі жазылып, әуеніне келтіре орындалады.

«Ана өмірдің шуағы» атты шағын койылым ұйымдастыруға болады.

Ана


«Апа» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген - бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген - алтын қазық, алтын бак.

-Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеп жұбататын кім?

-Аяғын апыл-тапыл басқанда, тұсауын кесіп қуанатын кім?

Ол шексіз мейірімді АНА!

Мақал мател - халқымыздың ертеден келе жатқан дана сөздері. Сондықтан баланың есінде сақталып, ойында калу үшін оны оқыпберіп, мазмұнын ашу орынды.

Ананың көңілі балада,

Баланың кеңілі далада.
Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.



Музыканы тыңдау: К. Дүйсекеевтің «Ана» әні орындалады.

Сұрақтарға жауап беру:

Сен ән айтқанды білесің бе?

Әннің музыкасын кім жазады?

Әнді кім орындайды?

Қандай әндер білесіңдер?

Осы сияқты ой қозғайтын сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптар еске түсіріледі.

Өткен әндер жатқа орындалады.



Қорыту. «Кім ұкыпты, кім шапшаң».

Ән мазмұнына байяанысты сұрацтар мен тапсырмалар:

  • Бізге жарық дүние сыйлаған жан кім?

  • Сен сүйікті анаңа қандай сыйлық ұсынар едің?

  • Әсем ән мен сурет салып анаңды қуантқың келе ме?

Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.

25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көктем әуендері.

«Көктемде». Ж.Түрсынбаев - тыңдау.

«Жау-жау, жаңбыр». К. Дүйсекеев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Музыка мазмұнын түсініп, музыканың көркемд) құралдарын ажырата отырып, әнді әсерлі, сезіне орындауға үйрету.

Сабақтың міндеті:


  1. Әнді нақышына келтіріп орындай алу.

  2. Әстетикалық талғамын, шығармашылығын арттыру.

  3. Туған жердің табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың жабдығы: Көктем табиғатын бейнелейтін суреттер, бейн

таспа, күйсандык, үнтаспа, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет