Сабақтың тақырыбы Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар



бет3/3
Дата11.10.2024
өлшемі374,58 Kb.
#206217
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған

Аурудың атауы

Аурудың пайда болуы себебі

Белгілері

Алдын алу

Микседема

Ересек адамда қалқанша безінің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема пайда болады.

Зат алмасу баяулайды.
Дене температурасы, жүректің соғуы төмендейді.
Шаш түседі. Адам енжар болады, ойлауы мен сөйлеуі баялауды.

Тағам құрамында йод болуы қажет.

Эндомиялық зоб

Тағам құрамында йодтың жетіспеушілігі.

Қалқанша безі 1 кг дейін өсуі мүмкін. Жүйкенің қозғыштығы байқалады, адамда ентігуді сезінеді.

Тағам құрамында йод болуы қажет. Йодомарин қабылдау. Ламинарияны тағамға қолдану. Йоды бар тұзды асқа қолдану.

Кретинизм

Балаларда қалқанша безінің қызметі жеткіліксіз болғанда дамиды.

Баланың ойлау үрдістері, үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады. Өсу мен жыныстық жетілу тоқтайды.

Жүкті әйелдің тағам құрамында йод болуы шарт.

Базедов ауруы

Қалқанша безінің қызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондардың артық мөлшері бөлінеді.

Зат алмасу артады, жүрек соғысы жиілейді, жүйке жүйесі қозуы жоғарылайды. Адам қатты арықтайды. Адам ашуланшақ, қатты терлегіш болады. Көзі бадырайып кетеді.

-

«Сөйлемді жалғастыр» әдісі.
1. ............ без тироксин гормонын бөледі.
2. Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе ....... деп атайды.
3. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен ........... ауруы пайда болады.
4. Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, .......... ауруы пайда болады.
5.Ағзада гормондар мөлшерінен аз бөлінсе .......... деп атайды.
6. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ...........пайда болады.
7................– ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлінуінен пайда болатын ауру.
8. ............. бездері екі қабаттан тұрады.
9. Инсулиннің жетіспеушілігінен ағзада ........... ауруы пайда болады.
10. Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды .............. деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет