Қазақстан тарихы
|
Күні:
|
Сынып -6
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары.
Қорытынды сабақ
|
Сабақтың мақсаты:
|
Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, пысықтау, нақтылау, қорытындылау;
есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру;
білімділікке, ізденімпаздыққа, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу.
|
Сабақ. әдіс-тәсілдері:
Дерек көздері:
|
СТО, ой қозғау, өзін-өзі басқару, топтық жұмыс,
АКТ, слайдтар, карта, кескін карта, фломастер, семантикалық карта
|
Күтілетін нәтиже:
|
Қазақстан аймақтарын картадан көрсетіп сипаттайды, мәдениеті мен ескерткіштері туралы мағлұмат береді, тапқырлық танытып топтық жұмыс арқылы ұйымшыл болады.
|
Сабақ жоспары:
Үйге тапсырма:
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Сабақ барысы. СТО-дың 3 фазасы.
1. Қызығушылығын ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс.
III.Үйге тапсырма беру.
Тарауға байланысты 5 тест сұрағын дайындап келу
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
1. Қызығушылығын ояту:
Психологиялық тренинг өткізу
|
Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады
«Шаттық шеңбер»
|
Сабағымызды бастар алдында интербелсенді тақтаға назар аударайық. Мұқият қараңдар, өйткені көргендеріне байланысты мен сұрақтар қоямын.
|
Оқушылар слайдтар қарап , келесі сұрақтарға жауап береді.
1.Бұл слайдтардан не көрдіңдер? /обалардан табылған бұйымдар/
2.Көргендерін қай дәуірдің бұйымдары? /темір/
Темір дәуіріне байланысты Қазақ жерінің қандай аймақтарымен таныстыңдар?
3.Жалпы бүгінгі сабақта не тұралы айтпақпыз деп ойлайсыңдар?
|
2. Мағынаны тану:
«Миға шабуыл»
Топқа бөліну
(стикерлер алады, оның келесі жағында Солтүстік, Орталық, Шығыс деген жазулар бар)
|
1.6-сыныптың тарихы темір дәуірі кезеңін оқиды. Неліктен бұл дәуір темір дәуірі деп аталады?
2.Темір дәуірінде қандай тайпалар Қазақстан жерінде өмір сүрген?
3.Темір дәуірінің хронологиясы.
4. Тасмола мәдениетінің аталу себебі
-топпен жұмыс
Әр топқа Қазақстанның кескін картасы беріледі. Соған әр топ өз өңірінің шекарасын белгілейді, ескерткіштері мен мәдениетіің атауларын жазады. Топ атынан спикер тақырыпшаны түсіндіреді /көмектесуге болады/
-жеке жұмыс
Келесі жәдігерлер қандай қорымдарға және қай өңірлерге тән?
(суреттері көрсетіледі, оқушылар оның шешімін табу керек)
«Алтын адам» - Шілікті, Шығыс Қазақстан
16 аттың қаңқасы – Берел, Шығыс Қазақстан
Ақтау – Ақтау қалашығы, Солтүстік Қазақстан
«Мұртты оба» - Сарыарқа, Орталық Қазақстан
|
Тақырып бойынша түйін шығарту.
|
Семантикалық карта
|
|
Солтүстік Қазақстан
|
Орталық Қазақстан
|
Шығыс Қазақстан
|
1
|
Сарыарқа
|
|
+
|
|
2.
|
13 жирен жылқы
|
|
|
+
|
3.
|
Берел қорымы
|
|
|
+
|
4.
|
«Патша қорғандары»
|
|
|
+
|
5.
|
Есіл өзенінің оң жағалауындағы ескерткіш
|
+
|
|
|
6.
|
«мұртты обаның» 4 түрі
|
|
+
|
|
7.
|
Аргипейлер, исседондар, аримаспылар
|
|
+
|
|
8.
|
Ұлыбай—Тасмола мәдениеті
|
+
|
|
|
«Аймақтардың ортақ белгілерін тап»
1.Барлығы бір елдің аймақтары
2.Темір дәуірі кезеңіндегі аймақтар
3. Барлығы да ескерткіштерін қалдырған.
4.Шаруашылығы
5.Жылқыларымен жерлегені
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлерін жазады.
|
Бағалау:
|
Формативті баға. Өзін-өзі бағалау.
«Бас бармақ»
|