Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: Аппараттық құрастыру.
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта,
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер: Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.
Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромдық болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Бейнелеу түсі бойынша Шығаратын ақпараты бойынша
Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)
Түрлі түсті Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің принциптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
- басу пернетақтасы (алфавитті - цифрлық және таңбалық пернелер)
- функционал пернелер: F1-F12
- арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
- меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
- сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер - Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.
Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.
Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.
Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады
Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Компьютердің “атасы” деп, кімді айтуға болады? (Ч. Бэббидж)
2. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер, монитор)
4. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші (сканер)
5. Барлық ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
6. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша (см) болу керек? (60-70см)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
8. Компьютердің “миы” деп қай құрылғыны атайды? (жүйелік блок)
9. Компьютер жанында тұратын өсімдік атауы? (кактус)
10. Дыбыс тыңдау құрылғысы? (колонка)
11. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
12. Қазіргі пернетақтадағы пернелер саны? (105)
13. Компьютердің “тілі”? (монитор)
14. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
Тапсырмалар: Қатені табу
Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, алдымен сканерді іскеқосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.
3 қате бар: 1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын
Тапсырма №2
1. Компьютердің пернетақтасы мен баспа машинкасының ұқсастығы көп
2. Маус мәтіндік мәліметті компьютер жадына қолмен термей енгізу үшін қажет
3. Жүйелік блок компьютердің ақыл – ойы тәріздес
4. Монитор – компьютердің ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғы
Үйге тапсырма: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Бағалау.
Сабақтын тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сабақтын мақсаты: Аппараттық құрылыстыру.
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта,
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)
-функционал пернелер: F1-F12
-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
-сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
Тапсырмалар: Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.
Үйге тапсырма: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сабақтың тақырыбы Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес компьютерді құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?
Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.
Дербес компьютерлердің архитектурасы –бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.
Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.
Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.
Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.
Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.
Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютердің өнімділігіне не әсер етеді?
Шина дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
Контроллер дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
Үйге тапсырма: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. .
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
III. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе не үшін қажет?
Интерфейс деген не?
Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе ұғымы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар терезелердің құрылымы мен элементтерінің мүмкіндіктерін сабақта қолдана білу.
Сабақтың міндеттері:
1. Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
2. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін, құрал-саймандар
тақтасын қолдана білу қабілет-дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Достарыңызбен бөлісу: |