Стример
Стример (ағылш. streamer) - үлкен көлемді ақпараттарды резервтті көшіруге арналған құрылғы. Тасымалдаушы ретінде 1-2 Гбайт және одан да жоғары магниттік лентасы мен кассетасы бар. Сыймдылығы 4 Тбайтқа (терабайт) дейін.
Компакт-диск
Компакт-диск – бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 600-700 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Лазерлік дискіні құрайтын қабаттар:
Көркем сурет.
Түссіз пластик.
Желімді қабат
Шағылдырушы қабат
Түссіз пластик
Иілгіш және компакт-дискілерде сақталған ақпаратпен жұмыс істеу үшін тиісті жинақтауыштарды қолданады. Жинақтауыш – бұл жадтайтын құрылғы, ол ақпараттың үлкен көлемін ұзақ уақыт сақтауға (электр қоректендіруінен тәуелсіз) арналған. Жинақтаүышты тасуыш пен (дискілер) тиісті жетектің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Иілгіш дискілер (дискіжетек) мен компакт – дискілерге (CD-ROM) арналған жинақтауыштар-ауыстырмалы тасуыштарға арналған жинақтауыштар, ал винчестер – ауыстырмалы емес жинақтауышқа арналған. Жетек бұл оқу-жазу механизімі мен электрондық басқару схемасының үйлесуі болып табылады.
Флеш-жад
Флеш-жад – деректерді жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін тегіс корпусқа енгізілген микросхема. Флеш-жадқа жазылған ақпарат ұзақ уақытқа сақталады. Магниттік және оптикалық дисководтарға қарағанда флеш-жад тұтас және энергияны азырақ тұтынады. Флеш-карталар портативті құрылғыларда пайдалануға өте ыңғайлы.
Ақпаратты оқу және жазу үшін жадтың картасы компьютерге қосылған USB-портқа немесе мобилді құрылғыларға (цифрлық видео және фото аппаратура, мобильдік телефон және т.б.) кірістірілен жинақтауыштарға енгізіледі.
Флеш-дискілердің сыймдылығы 64 Гбайтқа дейін
Флеш-карталардың сыймдылығы 32 Гбайтқа дейін
Дискіжетек – бұл дискідегі оқуға және жазуға арналған құрылғы.
Дискіжетек - бұл иілгіш магнитті дискілерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екі өлшемді болады – бес дюймді (ол 1995 жылдан бері шығырылмайды) және үшдюймді болады.
Үшдюймді дискіжетектер 1,44/2,88 Мб жазуға мүмкіндік береді. Қатты пластикалық корпус дискеттің бетін сыртқы зақымданудан қорғайды.
CD-ROM және DVD-ROM
Компакт-дискілерге арналған дискіжетектердің көмегімен компьютерлер арнайы компьютерлік компакт-дискілерді оқи алады және дыбыс картасы болса, аудиокомпакт-дисілерді ойнатады.
CD-ROM компакт-дискілерінде қолданылатын ақпаратты цифрлық жазу әдісі оларға жазуға және бір-ақ тасымалдауыштан мүлде әр түрлі ақпаратты - әріпті-цифрлі, дыбыс, (музыка және сөз), графикалық, сондай-ақ түсті қозғалмайтын және қозғалатын кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.
CD-RW және DVD-RW приводтары деректерді компакт-дискіден оқуға және оған жазуға мүмкіндік береді.
IV. Бекіту.
Зерттеу жұмысы. Үш топқа тапсырмалар:
Сендер мынадай мақсатта: үлкен бейнеархивтерді сақтау және дербес компьютер арасында ақпараттарды тез және сенімді тасымалдау үшін, сыртқы жадтайтын құрылғылардың үш партиясын сатып алуға дайын фирманың өкілеті болып табыласыз.
Сендерге қатқыл диск (Samsung – Корея), лазерлік диск (Verbatim – Англия) және флеш-жады (Transcend – Тайвань) сияқты жадтау құрылғыларының өндірісімен айналысатын бірнеше компаниялардың ақпаратты жинақтауыштарын зерттеу қажет.
Сендерге тапсырма:
Өз өнімдеріне зерттеу жүргізу;
Алынған нәтижені кестеге толтыру.
Зерттеу нәтижесі бойынша сендердің жад түрлерін қай салада қолдануға лайықты болатының шешім қабылдау қажет. Жауапты дәлелдеу қажет.
1-ші кесте. Кестені толтыр
Жад
|
Қатқыл дискілер
|
Иілгіш
дискілер
|
Лазерлік дискілер
|
Флеш-
дискілер
|
CD-R(W)
|
DVD-R(W)
|
|
Қызметі
|
|
|
|
|
|
Көлемі
|
|
|
|
|
|
Шапшан әрекеттілігі (жоғары/орташа/төмен)
|
|
|
|
|
|
Cенімділігі (жоғары/орташа/төмен)
|
|
|
|
|
|
2-ші кесте. Компьютердің жад құрылғыларының әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой.
Жад құрылғысы
|
Компьютерде қолданылуы мүмкін
|
Жазу үшін
|
Оқу үшін
|
Ақпаратты компьютерден компьютерге тасымалдау үшін
|
Жедел жад
|
|
|
|
Қатқыл диск
|
|
|
|
Дискет
|
|
|
|
Компакт-диск
CD-RW, DVD-RW
|
|
|
|
Компакт-диск
CD-R, DVD-R
|
|
|
|
Флеш-диск
|
|
|
|
V. Рефлексия.
1. Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.
Бүгін мен .................................. білдім.
...................................... қызықты болды.
....................................... қиын болды.
Мен ...................................... үйрендім.
Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.
............................ орындап көремін.
............................... мені таң қалдырды.
Өмір үшін сабақ маған ...................... берді
......................... мен орындай алдым.
Енді мен .............................істей аламын.
2. «Комплимент» жаттығуы. Оқушылар бір-бірін бағалайды, сабаққа бір-бірінің қосылған үлесі туралы айтады да, бір-біріне және мұғалімге алғыс айатды.
VI. Үй тапсырмасы. Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Тақырып: Практикалық жұмыс
Мақсат: Оқушылардың білімдерін қалыптастыру және тексеру
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды компьютерде жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ типі: Практикалық жұмыс
Құрал-жабдықтар компьютер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
Үй тапсырмасын тексеру.
Сыртқы жад дегеніміз не?
CD-RW және DVD-RW приводтары не үшін қажет?
Дискіжетек деген не?
Флеш-жад деген не?
Жаңа сабақ.
1-деңгей
1. «Сілтеуіш» терезесін қарап шығып, оның С: дискісінде «Информатика» қапшығын құрып, әрекеттерін жаз.
2. «Информатика»қапшығының ішінен «Ақпарат»атты екінші деңгейлі қапшық құрып, әрекеттерін жаз.
2. Қапшықтың құрлымында оның қалай орналасқанын қарап, сипаттама бер. «Информатика» қапшығын жауып, одан кейін С:/ дискісін жабу әрекеттерін жаз.
3. Жұмыс үстелінде уақытша «Информатика» жарлығын құр және әрекеттерін жаз.
4. Жұмыс үстелінде уақытша «Алматы» қапшығын құр.
5. «Алматы» қапшығының ішіне өзің тұратын көшенің есімімен аталатын бос құжат файлын құр және құру жолын жаз.
6. «Алматы» қапшығын жұмыс үстелінен сілтеуіш терезесінің С:/ Дискісіне тасымалдап жылжытқанда қанша әрекет орындалатынын жаз.
7. Жұмыс үстелінде «Алматы» жарлығын құр және құру жолын жаз.
2-деңгей
1. Сілтеуіш терезесінде «Мои документы» қапшығының ішінен «Ақпарат» атты қапшықты құр. Сілтеуіштің оң жақ терезесіне қалауың бойынша файлдар тізімін шығарып, оған қатар тұрған бірнеше файлды белгіле.
2. Екінші деңгейлі «Ақпарат» қапшығының ішіне тасымалдау әдісімен белгіленген файлдарды көшіріп, осы файлдар көшірлген қапшықты ашып, олардың түгел көшірілгенін анықтап, сипаттама бер.
3. «Ақпарат» қапшығына көшірілген файлдардың кез келген біреуінің атын «Компьютер» деп өзгерту әрекетін жаз.
4. Сілтеуіштің оң жақ терезесінде «Ақпарат» жарлығын құру әрекетін жаз.
5.Сілтеуіш терезесінде қапшықтар құрлымынан «Ақпарат» қапшығын ашып, «Компьютер» файлын белгілеп, орындалған әрекеттерге сипаттама бер.
6.Белгіленген «Компьютер» файлын «Алматы» бумасының ішіндегі «Райымбек» бумасына жылжыт. «Ақпарат» бумасын ашып, қарап шығып ондағы белгіленген файлдың көшірмесі алынбай, өзі жылжығанын анықтап, талдау жаса.
7.Жұмыс үстелінде «Алгоритм» атты бос файлды құрып, оны «Ақпарат» бумасының ішіне жылжыт.
8.Бос файлды тышқанның көмегімен жүктеп, экранда қандай терезе пайда болғанын анықта.
3- деңгей
1.Жұмыс үстелінде «Калькулятор» жарлығын қой.
2.Қойылған жарлықты пайдаланып, мына арифметикалық өрнекті есепте:(14689+45621*36587)
3. «Калькулятор» программасы туралы толық мәліметті алып, сипаттама бер.
4. «Калькулятор» бумасын құрып, оған «математика» файлын сақта және орындау әрекеттерін анықта.
Тест тапсырмалары
Файл атауын қалай ажыратуға болады?
А. Аты немесе кеңейтілуі
В. Кеңейтілуі
С. Атынан кейін қойылған нүкте арқылы
D. Кеңейтілудің алдына қойылған нүкте арқылы
Е. Нүктеден кейін кеңейтілу арқылы
2. Бос файлды қалай құруға болады?
А. Жанама меню арқылы
В. Создать- файлды құру құжатын таңдау арқылы
С. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы
D. Жанама меню- Создать- белгісін таңдау арқылы
Е. Жанама меню- Создать- W белгісін таңдау арқылы
3. Бума бұл...
А. Белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай орналастырылған файлдар тізіміне берілетін атау
В. Файлдар тізімі орналасқан орын
С. Каталог
D. Магниттік дискіге белгілі бір атаумен орналастырылған файлдар тізімі
Е. Директория
4. Буманы жұмыс үстелінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады?
А. Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама менюді шақыру
В. Жанама менюден Создать командасын таңдау
С.Создать- Папки
D. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы Папки қатарына басу
Е. Жанама меню- Создать- Папки
5. Қандай тұжырым дұрыс емес?
А. Файл- бума- жарлық
В. Файл- бұл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар арқылы
С. Жарлық- бұл бумалардың ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл
D. Буманың атын кез келген символмен өзгертуге болады
Е. Жарлық кез келген бума үшін жасала береді
6. Жарлықты қанша тәсілмен құруға болады?
А. 2 немесе 3; В. 3 немесе 5; С. 2; D. 4, не 6; Е. 1
7. Жарлық- бұл...
А. Командалық файл
В. Кез келген дискіде орналасқан объектіні бірден орындауға негізделген командалық файл
С. Кез келген объектіні бірден орындау бұйрығы.
D. Тізбектей орналасқан объектілерді біртіндеп орындау бұйрығы.
Е. Кез келген дискідегі объектіні іздеу жүргізбей-ақ бірден орындауға мүмкіндік беретін командалық файл
8. Бума түрлерін ата
А. Ашық, жабық
В. Мәтіндік немесе графиктік құжаттар орналасқан бумалар
С. Мәтіндік, кестелік, символдық, дыбыстық ақпараттар орналасқан бумалар.
D. Кестелік, символдық ақпараттар орналасқан бумалар.
Е. Төменгі не жоғарғы деңгейлі бумалар.
9. Файлды ашу үшін қанша әрекет орындалады?
А. 2 ; В. 3; С. 2 не 3; D. 1; Е. 3 не 4
10. Жарлықты құру үшін ең алдымен не таңдап алынады?
А. Орны
В.объекті
С. Жарлықты құратын объекті.
D. Кез келген объектіден орын.
Е. Жарлық орналасқан орын.
Объектілерді іздеу.
Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей
1. Сілтеуіш программасындағы бумалар құрлымына сипаттама бер және оны төмендегі кестеге толтырып, жаз.
№
|
Атауы
|
+
|
сипаттама
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
«Менің компьютерім» бумасынның қайда орналасқанын тауып, оған сипаттама бер.
Меню қатарындағы «?» белгісінің мазмұнына сипаттаманы кесте түрінде бейнелеп, жаз.
2-деңгей
1. «Тауып алу» сұхбат терезесінің «Имя и размещение» қосымшасындағы «Имя» қатарында файл атын анықтамада берілген үлгімен енгізе отырып, іздеу жұмыстарын жүргіз.
2. Аты белгісіз, бірақ орналасқын жері белгілі өзіңіз сақтап қойған кез келген бір файлды «Сілтеуі» терезесінен тауып алып, сол жерден іске қос. Сөйтіп, оның орындау әрекеттері жаз.
3. «Сілтеуіші» іске қосу әрекеттерін кескін түрінде бейнелеп, тиімді әдісін анықта.
3-деңгей
1. Іске қосу- негізгі меню –Іздеу- Файлдар мен бумалар жолымен «тауып алу» сұхбат терезесін экран бетіне шығарып, оның үш қосымшасынның керекті параметрлерін енгізе отырып, кезек-кезек пайдалану арқылы файлдарды тауып, іске қос та, орындау әрекеттерні жаз.
2. « Менің компьютерім», «Сілтеуіш» программасына салыстырмалы талдау жасап, оны кесте түрінде бейнеле.
Анаграмма «Сілтеуіш»
Достарыңызбен бөлісу: |