Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі0,91 Mb.
#33625
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың түрі:                 Дәстүрлі
Сабақтың типі:                 Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:                Практикалық жұмыс, ойын, крассворд, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктер:                 ДК, ИТ, карточкалар
Пәнаралық байланыс:        ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

  1. I.    Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу

  2. Журнал толтыру

  3. Оқушылардың назарын сабаққа бұру

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Windows XP операциялық жүйесі дегеніміз не?

  2. Windows объектілері дегеніміз не?

  3. Маустың оң және сол жақ қызметтерін ата?

III. Сабақтың жоспары:

  1. Білім – оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

  2. Кім жылдам (компьютермен жұмыс).

  3. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).

  4. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

  5. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

Интерактивті тақтамен жұмыс

Білім – оқу анасы(жаңа тақырыпты түсіндіру).

ТЕРЕЗЕЛЕР.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді.Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.



Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймағы. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:


-          толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);
-          қалыпты – терезе экранның бір бөлігінде орналасады;
-          белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар


зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:
-          терезені есептер тақтасындағы жазуға  жималау;
-          терезені толық экранның бетіне жаймалау;
-          терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.



Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден  жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.



Меню
Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу  – қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.



2.Кім жылдам (компьютермен жұмыс).

 Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).



Түрі




Жою

Қиып алу

Кірістіру

Бір деңгейге жоғары өту

Орындатпау

Алға қарайөту

Көшіру

Кері ауысу

Іздеу

Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

 ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
















































10






































































ш

е

к

а

р

а

л

а

р








































қ

а

п

ш

ы

қ

қ

а

9

а

у

ы

с

у





































қ

а

л

ы

п

 -

к

ү

й

8

ж

о

л

ы








































а

й

н

а

л

д

ы

р

у

7

ж

о

л

а

ғ

ы








































б

а

с

қ

а

р

у

6

б

а

т

ы

р

м

а

л

а

р

ы

қ

ұ

р

а

л




с

а

й

м

а

н

д

а

р

5

т

а

қ

т

а

с

ы











































ж

ұ

м

ы

с

4

а

л

а

ң

ы











































т

а

қ

ы

р

ы

п

3

ж

о

л

ы































ж

ү

й

е

л

і

к




м

е

н

ю

2

б

е

л

г

і

ш

е

с

і








































м

е

н

ю

1

ж

о

л

ы






















  1. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

ТЕСТ ЖҰМЫСЫ

1.     Информатика . . . зерттейтін  ғылым

А) Ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылығыны


Б) Ақпараттық процестер
С) Ақпараттық қасиеттер
Д) Компьютер құрылғыларын

     2.  Ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру және жіберу . . . деп аталады.


А) Ақпаратты өңдеу
Б) Есептеу
С) Ақпаратты  процесс
Д) Информатика

     3.  Ақпаратты шығару құрылғысы  . . .  болып табылады.


А) Сканер
Б) Монитор
С) Процесор
Д) Пернетақта

     4.  Сыртқы жатқа нелер жатады?.


А) Принтер, монитор, диск
Б) Флешка, монитор, дискета
С) Процесор, дискета, флешка
Д) Дискета, диск, флешка

 5.  Динамикалық меню маустың қай жақ батырмасын басқанда шығады.


А) Оң
Б) Сол

     7.  Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ?.


А) Бума
Б) Тақта
С) Монитор
Д) Терезе

 8.  Терезе түрлері нешеу?.


А) 3
Б) 4
С) 5
Д) 6

     8.  Терезелерді жабудың неше тәсілі бар?.


А) 3
Б) 4
С) 2
Д) 1

     9.  Бір ашық терезеден екінші терезеге . . . өту керек


А) Тапсырмалар үстелінде керекті терезенің батырмасын басып
Б) Бастау батырмасын басып және керекті терезені таңдап
С) Файл мәзірін ашып  және керекті терезені таңдап
Д) Түр мәзірін және керекті терезені таңдап

     10.  Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай қосымшаларының белгішелері орналасады?


А) Менің компьютерім, себет құралдар үстелі
Б) MS Word, MS Excel, желілік орта
С) MS Word, MS Excel, шығару батырмасы
Д) Менің компьютерім, себет, тапсырмалар үстелі, желілік орта, Internet Explorer, бастау батырмасы

IV) Үйге тапсырма: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. 
V) Оқушыларды бағалау

Сынып

5 «А»

Мерзімі






Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды  файлдармен,  бумалармен және таңбашалармен  таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар

Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру. 
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Терезе дегеніміз не?
2. Терезе түрлері туралы айтып бер.
3. Терезе элементтерін ата.
4. Активті терезе дегенімізді қалай түсінеміз?
5. Іске қосу батырмасының көмегімен программаны қалай іске қосамыз?
6. Іске қосу батырмасының көмегімен құжатты қалай ашамыз?
7. Менің компьютерім қапшығы арқылы программаны қалай іске қосамыз?
8. Менің компьютерім қапшығы арқылы құжатты қалай ашамыз?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файлдар мен бумалар
Файл   дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та  бағдарламалардың басқа атауы –қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты  болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның  типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

* .bmp   Paint


* .doc  Word  WordPad
* .txt   Блокнот қолданбасының құжаты
* .wav  Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
* .avi  Бейне – клип
* .xls  Excel кестелік процессорының құжаты
* .ppt  PowerPoint  қолданбасының тұсаукесері

Бума – бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне  қағаз беттерін – файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете  алады.

Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда  таңбашалар, файлдар және басқа   бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.



Бумалар екі түрлі болады:
-жүйелік бума-каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менін компьютерім,  принтерлер және т.б.)

Бумаларды құру оның құрылымы:

Бума элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.



Терезеде жаңа бума құру:

Буманы Файл®Создать®Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады.Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.



Жұмыс үстелінде жаңа  бума құру:

Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.

Создать®Папка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.

Буманың атын енгізіп,енгізу пернесін басамыз.



Таңбаша- нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар.Таңбашаны жойғанда,оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.

Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай-ақ қатынауды қамтамасыз ету.

Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.

Бірінші жолы:



  • Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.

  • Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып,онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.

  • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.

Екінші жолы:

  • Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.

  • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.

  • Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.

4.Сабақты бекіту тапсырмалар мен сұрақтар

1. Файл денегіміз не?


2. Файл типтерін ата.
3. Бума дегеніміз не? Бума түрлерін ата.
4. Компьтерде бума құру әдістерін көрсет.
5. Таңбаша дегеніміз не? Таңбашалардың қызметін ата.
6. Таңбашаны қалай жасайды?

1 тапсырма 
Файлдардың дұрыс аттарын таңдандар:
1) Қыс туралы шығарма.
2) 12>13.
3) Еврика!
4) Список 8 «А».

2 тапсырма
My game атты бумада төмендегі файлдар бар:

Ойын нұсқауы қай файлда жазылуы мүмкін екенің анықта. 
1)      My_game.exe
2)      My_game.txt
3)      My_game.bmp
4)      My_game.avi
5)      My_game.wav

№ 3 тапсырма
Пиктограмма бойынша файлдың типын анықта.

5.Мен сабақ жөнінде не айталамын?

  • Нені білдім __________________________

  • Немене  қызықты болды _________________________

  • Неменеге  таңғалдым_________________________

  • Нені білгін келеді ________________________

6.Үйге  тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту



Сынып

5 «А»

Мерзімі






Тақырып: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Мақсат: Оқушылардың каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары туралы білімдерін қалыптастыру. Қолданбалы программалармен жұмыс істеуге үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.



Үй тапсырмасын тексеру.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе не үшін қажет?

Интерфейс деген не?

Операциялық жүйе қалай жіктеледі?

Тұйық жұмыс ортасы деген не?



Жаңа тақырыпқа кіріспе

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерде файл және қапшық аттарын және қай жерде олардың орналасқанын біле отырып жұмыс істесеңдер, оларды қапшықтар терезесінің немесе Проводник көмегімен іздеу қолайлы. Бірақ бұл жағдайда іздеп жатқан файлдарынңның қай жерде орналасқанынн білу қажет. Мұндай жағдайда Windows ОЖ-де Найти деп Windows командалары көмекке келеді.

Бұл команда компьютерлеріңнің қандай жерінде болса да орналасқан құжаттардың файлдарын, программаларды, қапшықтарды және тіпті желіден тұтас компьютерді жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді. Объектіні оның аты, жасалған күні, өлшемі, типі, мазмұны немесе бұл параметрлердің жеке комбинациялары бойынша табуға болады. Мысалы, Найти командасынан өткен айда Word мәтіндік редакторы жасаған «информатика» сөзі бар барлық файлдарды көрсетуді немесе өлшемі 100 килобайттан кем барлық файлдарды және т.б. табуды сұрауға болады.

Объектіні немесе объектілер тобын тауып, олармен әдеттегі қапшық терезедегідей Найти командасының терезесінде тікелей жұмыс істеуге немесе ол сақталған қапшыққа өтуге болады.

Комнаданы шақыру үшін мына әрекеттер тізбегін орындаймыз:

Пуск – Главное меню – Найти – Файлы и папки

Экранда үнсіз келісім бойынша активті жағдайға келтірілген, онда нені іздеу керек екенін көрсетуге болатын Имя и Местонахождение қосымшасы бар Найти комнадасының диалогтік терезесі пайда болады.

Тапсырма №1. Найти комнадасының көмегімен Ученик ФИО қапшықтарыңды табыңдар.

1. Пуск-Найти-Файлы и папки әрекеттер тізбегін орындаңдар

2. Найти командасының диалогтік терезесінде Имя и местонахождение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.

3. Имя өрісіне Ученик ФИО -өз қапшықтарыңның атын енгізіңдер.

4. Найти батырмасын шертіңдер.

5. Егер қапшық табылса, онда терезенің төменгі бөлігінде қапшықтарыңның орналасқан жерін табу жолы көрсетіледі, сендер оны осы терезеде ашуларыңа болады.

6. Егер қапшық табылмаса, онда терезенің төменгі бөлігінде «бұл түрде бейнеленетін объектілер жоқ» деген хабарлама шығады.

5) Өткен тақырыпты бекіту

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Файл, қапшықтарды іздеуді қалай жүзеге асырамыз?

Компьютердің уақыты мен күнін қалай өзгертуге болады?

Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау қалай жүзеге асырылады?

Экран заставкасын орнатуды қалай жүзеге асырамыз?.

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға файлдар, дискілер және каталогтармен жұмыс жасау командалары туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.




Сынып

5 «А»

Мерзімі



Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

- оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру; дискіжетек, USB-порты, CD-ROM мен DVD-ROM жұмыстарымен таныстыру;

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушыларды ақпараттық мәдениетке, тәртіпке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту, әңгіме элементтері бар дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық, зерттеу
Көрнекілік: ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, қатқыл диск, иілгіш және компакт-дискілер, дискіжетек, дәптер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Адамның ішкі және сыртқы жады» деген тақырып бойынша өз ойыңды айт.



Қойылатын сұрақтар:

  • Адамның ішкі жадында не сақталады?

  • Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?

  • Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?

адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында – құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.
Сыртқы жад.

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш, компакт және флеш-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.



Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типі Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданылады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді, флеш-дискілерді жатқызуға болады.

Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.



Каталог: uploads -> doc -> 053b
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
053b -> Сабақтың түрі : дамытушылық, жаңа білім беру
053b -> Ақылбаева Қалима Сраилқызы
053b -> Сабақ тақырыбы : №15-16 Тригонометриялық функциялардың графигі және қасиеттері
053b -> Сабаққа негізделген оқу мақсаты
053b -> «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет