Сабақтың тақырыбы Есептеу техникасының даму тарихы. Эоектронды есептеуіш машиналардың кезеңдері. Сілтеме



Дата08.06.2018
өлшемі21,19 Kb.
#41658
түріСабақ

Пәні

Информатика

Сыныбы

6 сынып

Күні

8/10/2016ж 12/10/2016ж 17/10/2016ж

Сабақтың тақырыбы

Есептеу техникасының даму тарихы. Эоектронды есептеуіш машиналардың кезеңдері.

Сілтеме

6 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттар

Білімділік:  Оқушыларды ЕТ-нің даму тарихы мен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру.

Тәрбиелік:  ЭЕМ-нің даму кезеңдерін, буындарын түсіндіру, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролін түсіндіру. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту. 


Көрнекілігі

ДК, презентация

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы



Түсіну

Мағынаны тану



Қолдану

Тапсырмаларды орындау



Талдау

Қорытынды



Бағалау

Топ басшысы бағалайды



Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 мин

Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру /оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру/ топқа бөлу

5 мин

«Білу»

І. Үй тапсырмасы



Әр топқа А, В, және С деңгей бойынша үш сұрақ қойылады

А деңгейі

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпаратты адамдар қалай қабылдайды?

Ақпараттық процестер дегеніміз не?



В деңгейі

Вирус дегеніміз не?

Вирусқа қарсы программаларды атаңыз?

Компьютерге вирус кіргенін қалай анықтауға болады?



С деңгейі

Мұрағаттау дегеніміз не?

Мұрағаттауға арналған қандай программаларды білесіз?

Ақпараттарды қалай мұрағаттаймыз?




20 мин

«Түсіну»

ІІ. Жаңа сабақ



«Алғашқы  есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы

Есептеу техникасы

Есептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.

Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді.



Ең алғашқы есептеу құралы

Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған. Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан»,жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды.



«Паскалина»

1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.

Есептеуіш сағаттар

1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер өз жұмыстарында пайдаланды.

Электронды -есептеуіш машиналар

Арифмометр

1694 жылы неміс математигі Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Ол- Паскаль идеясын жетілдіру барысында пайда болған механикалық есептеу машинасы. Дөңгеліктің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндір қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Лейбництен кейін де арифмометр бірнеше рет жетілдіруден өтті.



Бэббидждің аналитикалық машинасы

Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады.



Стол калькуляторлары

1900 жылдары механикалық калькуляторлар, кассалық аппараттар мен есептеуіш машиналары өндірісі кезінде электр қозғалтқыштарын пайдалана басталды. Алғаш төрт амалды стол калькуляторлары 1930 жылдары шығарыла басталды.



« ЭЕМ –нің даму  буындары»

ЭЕМ дамуының 5 буыны

ЭЕМ–нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді:

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.)

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )

V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)

ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954)

Бірінші буын- электронды шамдар пайдаланылған ЭЕМ-дер.

Олар- « ENIAC », «МЭСМ», «БЭСМ», «IBM -701», «Стрела», «М-2», «М-3», «Урал», «Урал-2», «Минск-1», «Минск-12», «М-20».

Бірінші буындағы машиналар өте үлкен ауданды алады, көп энергия жұмсайды және мыңдаған электронды шамдардан тұрады. Ақпарат перфокарта 


арқылы енгізілді.

ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)

ЭЕМ негізгі бөлігі- электронды шамдар емес, жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар.

Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана бастады.

Буын ЭЕМ-дері- «РАЗДАН-2», «IВМ-7090», «Минск-22,-32», «Урал- 14,-16», «БЭСМ-3,-4,-6», «М-220, -222»



ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.

ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.

ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.)

Негізі- үлкен интегралды схемалар. ЭЕМ-дердің жылдамдығы секундына ондаған миллион операциялар, жады жүздеген Мб-қа жетті.

Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ пайда болды.

Алғаш компьютер атауын 4-буын ЭЕМ-деріне берді.



ЭЕМ-нің бесінші буыны

5- буын ЭЕМ-дері- бұл болашақ ЭЕМ-дер.

Алғаш рет Жапонияда 1982 жылы қолға алынды.

ЭЕМ-дер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.

Қазірдің өзінде компьютерлер ақпаратты адам дауысы, қолжазбасы немесе қағаз басылымдарынан оқи алады


5 мин

«Қолдану» Жеке жаттығу жұмысы

8 мин

«Талдау» Топпен жұмыс

ЭЕМ

Не?

Қайда?

Қашан?
















2 мин

«Бағалау»

Критерийлер арқылы бағалау




2 мин

«Бес саусақ» әдісі арқылы

  1. Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

  2. Не қиын болды?

  3. Маған сабақта не ұнады?

  4. Маған бүгінгі сабақта не көмектесті?

  5. Бүгінгі көңіл күйің?

Оқушылар ақ қағазға қолдарын салып, саусақтардың ішіне сұрақтарға жауап жазады. Кері байланысты жапсырма қағазға жазып, бақыт ағашына жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет