Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады
Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады.
Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады.
АЛГОРИТМДІК ТІЛДЕГІ ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР:
1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында жазылады.
2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin, end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
3. АРГ и НӘТ –аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.
4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.
5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ –қызметші сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады (бітті – команданың соңы).
6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС –қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.
Қарапайым есептерге мысал
Мысал. Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
Алгоритм тілінде: Блок- схемасы
алгpr1
арг S,D,D1;
нәт Sum
басы
енгізу S, D,D1
Sum=S/D*D1
шығару Sum
соңы
басы
соңы
Sum=S/D*D1
S,D,D1
Sum
Бағдарламаның құрамдас бөлігі
Паскаль тіліндегі бағдарламаның жалпы түрі:
PROGRAM аты;
VAR айнымалылар бөлімі;
BEGIN
оператор 1;
… …
оператор n;
END.
Бағдарлама стандартты тақырып Program сөзінен басталады.
Тақырыбын енгізгеннен кейін берілгендерді сипаттау орындалады. Var сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар көрсетіледі және олардың типі (integer, real, boolean) көрсетіледі.
Әрі қарай Begin және End сөздерінің арасында операторлар орналасады.