Сабақтың тақырыбы: Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы. Сабақты оқу барысында



Дата12.09.2020
өлшемі46,62 Kb.
#77911
түріСабақ
Байланысты:
4-сабақ 6-сынып Қаз.тарихы Аукенова


Cабақ саны: 4

Сынып: 6

Пәні: Қазақстан тарихы

Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI –XVII ғасырлардағы дамуы

Сабақтың тақырыбы:

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы.

Сабақты оқу барысында:

  • Есім хан саясатының Қазақ хандығын одан әрі дамытудағы маңызын білесіңдер;

  • Есім хан билігіне баға бересіңдер.

Есім хан

Тәуекелдің қайтыс болуымен билік інісі Есім хан (1598-1628 жж.) қолына өтті. Есім сұлтан Ташкент, Түркістан аймағын билеген, қазақтың көп санды әскерін басқарған көрнекті сұлтан еді.

Осы кезде Орта Азияда да саяси жағдай өзгерген еді. 1598 ж. шайбанид Абдаллах ханның қайтыс болуымен оның ұлы Абд ал-Момын мен ағасы Пір Мұхаммеддің аз уақыт билігінен кейін жаңа әулет (бұл да Шыңғыс әулеті) - Аштарханидтер (Астраханьда билік құрған) билікке келді.

Дегенмен, Есімге қарсы тұрған саяси топтар да болды. Солардың бірі- Тұрсын сұлтан еді. Тұрсын сұлтан 1613-1914 жж. өзін хан деп жариялап, қазақ хандығын екі хан билейді. Есім хан Түркістан қаласын өз астанасы етсе, Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмын деп жариялады.

Қазақ хандығында орын алған саяси бытыраңқылықты пайдаланып, кезінде Тәуекел тартып алған Ташкент, Сайрам, Әндижан жерлерін қайтарып алуды көксеген Бұхар ханы Есім ханмен жасасқан бітім шартын бұзады. Сөйтіп, қазақ жерлеріне жорықтар ұйымдастыра бастайды. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңында Айғыржар деген жерде болады. Бұхар әскері бұл шайқаста жеңіліс табады. 1611 жылы Бұқар әскерін Имамқұл хан басқарып Ташкент түбінде үлкен шайқас болады. Мұнда Есім  хан әскері жеңіске жетіп, Бұхар ханы келісімге келуге мәжбүр болады.

Қазақ билеушілері мен Аштарханидтер арасында маңызды сауда, экономикалық орталық - Ташкент үшін күрес қайта басталды. 1621 ж. Аштарханидтер мен қазақтардың қырғыздармен біріккен күштері арасында ең ірі шайқастың бірі болды. Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан 100 мың әскер жинап, оның  10 мыңын қырғыз билеушілері шығарды.



1624-1625 жж. Есім елге қайтып, өз ордасын Түркістанда тікті. Бірақ екеуінің арасында билік үшін күрес тоқтамады. 1627 ж. Есім  хан қалмақтарға жорыққа кеткен кезде Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан Түркістанға Есім хан  Ордасына өз отрядын жіберіп, олар ханның әйелін, балаларын тұтқынға алып, адамдарын соққыға жығады. Кейін Ташкент маңында Есім хан мен Тұрсын арасында шайқас болып, Тұрсын сұлтан қаза болды. Есім хан Тұрсын ханды қолдап, бейбіт елдің тыныштығын бұзған Қатаған руын да жазалайды. Бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» атанады.

Бұхар ханы Имамқұл «Ташкентті билеу туралы» грамотаны Есімге табыс етеді. Осылайша Есім хан екінші рет билікке келді.

Ішкі алауыздықтың қаупін жақсы түсінген Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, зекет, айып салу, діни патриархалдық ескі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Есім ханның бұл заңдары «Есім ханның ескі жолы» деп аталды.

Есім хан туралы мәтін; http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/medieval/figures/esim/



Тапсырма.

Есім ханның сыртқы саясатының басты бағыттарын анықтап, Есім ханның саясатына баға беріңіз.

Есім ханның саясатына баға беріңіз.

Есім ханның сыртқы саясаттағы басты бағыттары

Орта Азия билеушілерімен _________________________

Қарақалпақтармен ___________________________ _

Ойраттармен ____________________________ __

Дескриптор Білім алушы

— Есім ханның Орта Азия билеушілерімен қарымқатынасын анықтайды;

— Есім ханның қарақалпақтармен қарым-қатынасын анықтайды;

— Есім ханның ойраттармен қарым-қатынасын анықтайды;

— Есім ханның саясатына баға береді.



Сілтеме:https://uroky.kz/b-aza-stan-tarihy-6-synyp-alyptastyrushy-ba-alau-a-arnal-an-tapsyrmalar-zhina-y/

Үйге тапсырма: Есім хан Қазақ хандығының бір тұтастығын қалай сақтап қалды? сұрағына 50-60 сөзден тұратын ой-толғау жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет