Сабақтың тақырыбы: Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу


Қазіргі оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер



бет4/10
Дата09.12.2023
өлшемі295,55 Kb.
#196038
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ашық сабақ әдістер

Қазіргі оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.
«Инновация» деген латын тілінен аударғанда (жаңа, жаңару,өзгеру,жаңа нәрсені ендіру,жаңашылдық деген ұғымдарды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация – «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңаша әдістеме деген мағынада пайдаланылады. А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»-деп атап көрсетеді[7;25]. Инновациялық үрдіс- жаңалықтарды құру, (туғызу,жасау), меңгеру және тарату, қолдану, жүзеге асырудың тұтас қызметі. Инновациялық үрдіс-«жаңа әдістеме құралы» деп те қарастырылады.
Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экномикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың тегеурінін атауға болады. Бұл ерекшелік тұрақты кәсіптердің өз қасиеттерін жоғалтып, өзгерістерге ұшырап, уақытша сипаттарды иеленуіне әкеуде. Мұндай жағдайда үйрене білу жәнеүйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. [5;4]
Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:
-үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;
- оқу / оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;
- оқу/оқытуды бағалау.
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер мынадай: «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге незізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы үйренуге/үйреуге болады». Қазіргі күніәрекетті педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни оқу поцесін интербелсенді әдістемелер құрауы керек; әрбір оқытушы әр сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.
Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сонымен, «интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену үйрену/үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін «үйретуші», «үйренуш»-үйренуш», «үйренуші-өзімен-өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер») құрайды.
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру пороцесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

  1. Бaрлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

  2. Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) мазмұны мен қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндaй қaрым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.
Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен: бірлескен жұмыстaр(жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұрағат, басқа адамдар: оқушылар, мұғалімдер, мамандар, т.б.) шығармашылық жұмыстар, т.б[5;4]
Осындай интербелсенді әдістер мыналар: «Джигсо», «Тыңдап отырған үштік», «Өкіл», «Алтын балыққа арналған аквариум», «Ақылдың алты қақпағы», «Тв шоу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет