Сабақтың тақырыбы: Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу



бет5/10
Дата09.12.2023
өлшемі295,55 Kb.
#196038
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ашық сабақ әдістер

«Джигсо» әдісінің артықшылығы - топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Оқытушы топты топшаларға бөліп, материалдың күрделілігіне байланысты тапсырмалар береді. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған топша Сарапшы топ деп аталып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесе жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады. Оқушылар бастапқы топқа оралады. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топтан алған мәліметтерін ескеріп, бастапқы топтың бірлескен ақылына сүйенуін қамтамасыз ету.
«Өкіл» әдісінің мақсаты: белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу. Оқытушы топты үш- төрттен орналастырады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланып, зерделенген материалды түсіну үшін немесе бұл туралы топтың ойын білу үшін топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай – ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
«Ақылдың алты қақпағы» әдісінің мақсаты: мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.
«Тв шоу» әдісінің мақсаты: көптеген оқушылардың сөйлеу және тыңдау, көру және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытушы жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет