Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері



бет5/7
Дата13.02.2017
өлшемі1,22 Mb.
#9024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Үйге тапсырма беру. Word –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру. (Мазмұндау). Шығармашылық жұмыс жасау.

  • Оқушыларды бағалау.


    САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

    ________________

    Оқу ісінің меңгерушісі

    «___________» ________20 ж
    Пән аты: Информатика

    Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

    Сабақтың тақырыбы: 10- бөлім. Компьютердегі кестелік есептеулер. 10.1-тақырып. Деректерді кестелік түрде ұсыну. Электрондық кестелер. 10.2- тақырып. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу. Деректердің типтері. Формула жазу ережесі. Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Деректерді кестелік түрде ұсыну, электрондық кестелер, Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу, деректердің типтері, формула жазу ережесі, кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

    Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

    Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.

    Сабақтың өту барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі.

    ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

    (Практикум жұмыстарын талқылау)

    Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

    1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?

    2. Рисование панелі арқылы қандай амалдар орындаймыз?

    3. Формат рисунка –Положение командасы қандай қызмет атқарады?

    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    10-бөлім. Компьютердегі кестелік есептеулер

    10.1-тақырып. Деректерді кестелік түрде ұсыну.

    Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі.

    Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

    Жол – көршілес ұяшықтардың бірлестігі



    Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі

    Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.



    Электрондық кестелер

    1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды.



    10.2-тақырып. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу.

    Деректердің типтері.

    ЭК-дегі мынадай типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.

    Мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостроф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады.

    Сандық деректер- бұл цифрдан , «+», немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін.

    Дата мен уақыт символдарымен жұмыс істегенде ғасыр басынан бастап енгізілген күнге дейінгі күн сайын анықтайтын реттік нөмір түрленеді.

    Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.




    Формула жазу ережесі.

    Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады. Формула математикалық, статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді.



    Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы


    Кестелік процессорды іске қосу


    Кестенің жаңа жұмыс бетін құру


    Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу

    Деректерді енгізу

    Деректерді редакциялау


    Енгізілген обьектілермен жұмыс істеу


    Кестені пішімдеу

    Құжатты сақтау

    Құжатты басу




    Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар практикум: 10.1, 10.3, 10.5 тапсырмалар.

    Сабақты бекіту.

    Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

    1. Кесте дегеніміз не?

    2. Қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталады?

    3. Жол, баған, ұяшық дегеніміз не?

    4. ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?

    5. ЭК ұяшығына деректердің қандай типтерін енгізуге болады?

    6. Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер.

    7. Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?

    Үйге тапсырма: Практикум : 10.4, 10.2 тапсырмалар.

    Оқулық: 10-бөлім. Компьютердегі кестелік есептеулер. 10.1-тақырып. Деректерді кестелік түрде ұсыну. Электрондық кестелер. 10.2-тақырып. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу. Деректердің типтері. Формула жазу ережесі. Кестелік есептеуді компьютерде өңдеу технологиясы.

    Оқушыларды бағалау.

    САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

    ________________

    Оқу ісінің меңгерушісі

    «___________» ________20 ж
    Пән аты: Информатика

    Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

    Сабақтың тақырыбы: 11-бөлім. Excel кестелік процессоры.

    11.1-тақырып.Негізгі түсініктер мен амалдар. ЕХСЕІ мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементтері.Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.



    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсінікте мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің бетібойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдын биіктігін өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру.

    Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

    Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

    Сабақтың түрі Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау.

    Баяндау арқылы түсіндіру.



    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер ,оқулық,

    практикум, интерактивті тақта



    Сабақтың өту барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі.

    ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

    (Практикум жұмыстарын талқылау)

    Өткен сабақтар бойынша қайталаусұрақтары:

    1) Кесте дегеніміз не?

    2) Қандай кесте тіктөрбұрышты деп аталады

    3) Жол, баған, ұяшық дегеніміз не?

    4) ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?

    5) ЭК ұяшығына деректердіғ қандай типтерін енгізуге болады?

    6) Мәтіндік,сандық,дата,уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер?

    7) Электрондық кестедегі формула деп нені атайды.

    ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    11-бөлім. ЕХСЕІ КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. 11.1-тақырып. НЕГІЗГІ

    ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР. ЕХСЕІ мүмкіндіктері

    Microsoft Excel программасы

    1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;

    2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;

    3) Кестеге жол,баған,немесе ұяшықтар қосуға;

    4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға;

    5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;

    6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;

    7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;

    8) Диаграмма тұрғызуға;

    9) Графикалық обьектілер кірістіруге;

    10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді;

    Excel – ді іске қосу:

    Немесе Пуск іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.



    Жұмыс кестесінің элементтері

    ЕхеІ-дің обьектілерімен өңделген ХІs кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. ЕхеІ де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файыл 1ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондық кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан ж\е 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді,ал бағандар латын алфавитінің А,В,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық-деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі н\е кординатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы АІ,С20.



    Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру. Жұмыс парағымен бойынша жылжу

    • Керек парақты екпінді ету үшін сол парақтың белгішесін басу керек;

    • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін жүгіртпе нұсқаушыны пайдалану керек.

    • Жұмыс парағымен жоғары төмен, срлға оңға жылжу үшін(«PageUp» «PageDown»т.б.)ауысу пернелерін пайдалану.

    • Нақты орынға өту үшін Правка менюінен Перейти командасын таңдаймыз

    • Перехот сұхбат терезесіне Выделить пернесін нақты бір элементтерді (жазбалар формулалар т.б.) іздеу үшін қолданады.




    Пернелер

    Орын ауысу

    Page Down

    Бір экранға төмен


    Page Up

    Бір экранға жоғары


    Home

    Аңымдағы қатардың басына


    Ctrl+ Home

    А 1 ұяшығына


    Ctrl+End

    Соңғы толтырылған ұяшыққа


    Ctrl+

    Бірінші толтырылған ұяшықтың

    жоғарғы жағына



    Ctrl+

    Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағына

    Ctrl+

    Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағына

    Ctrl+

    Бірінші толтырылған өяшықтың оң жағына

    Ctrl+ Page Up

    Жұмыс парағының келесі парағына


    Ctrl+ Page Down

    Жұмыс парағының алдыңғы парағына


    Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру.

    Кестенің қажетті бетіне ауысудың екі жолы бар:

    1) Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.

    2) «F5» пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок бастырмасын шерту керек.

    Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка Лист командасын орындау қажет.

    Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту
    Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2» т.б. меншіктелген. Сол парақтағы ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.

    1) Қандайда бір парақтың таңбасында мауыстың оң жағын шертіңдер

    2) Переименавать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.

    Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.
    Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағаның енін мауыстың көмегімен өзгертуге болады. Н\е Формат-Строка(Столбец)-Ширина командасын таңдау керек Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағаның енін ж\е жолдың биіктігін өзгерту

    Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум (11.1,11.3,11.4 тапсырмалар)

    ІV. Сабақты бекіту.

    Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

    1)Microsoft Excel программасы деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді

    2) Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.

    3) Microsoft Excel терезесін қандай элементтерден тұрады

    4) Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар

    5)Жұмыс парағының бет бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз

    6)Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз

    7)Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз

    8)Бағаның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады



    V. Үйге тапсырма беру. Практикум:11.2 тапсырма.

    Оқулық:11-бөлім. ЕХСЕІ КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ.11.1-тақырып. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР. ЕХСЕІ мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементері. Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Кестенің жұмыс беттерінің биіктігін өзгерту. (Мазмұндау).
    VІ. Оқушыларды бағалау.

    САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

    ________________

    Оқу ісінің меңгерушісі

    «___________» ________20 ж
    Пән аты: Информатика

    Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

    Сабақтың тақырыбы: 11.2-тақырып. ЕХСЕІ-ДЕГІ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ. Деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу. Деректермен саұтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары. Деректердің орныне ауыстыру және көшірмелеу. Жұмыс кестесін афтоматты

    түрде пішімдеу. Кестелерді басуға шығару.



    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: ЕХСЕІ- ДЕГІ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ, деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

    Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

    Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

    Сабақтың өту барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі.

    ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

    (Практикум жұмыстарын талқылау)

    Өткен сабақтар бойынша қайталаусұрақтары


    1. Microsoft Excel программасындеректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді

    2. Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.

    3. Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады

    4. Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар

    5. Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелерарқылы орын ауыстырамыз

    6. Кесиенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз

    7. Кесте бетінің тағбасының атын қалай ауыстырамыз

    8. Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады

    Тест

    Электронды кесте бұл …..

    А) Қандайда бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны.

    Б) Кестеге жазылған мәліметтермен жұмыс істейтін программа.

    В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.

    Г) Мәтіндік ақпаратпен тығыз байланысты ерікті ақпаратты ұсынатын ж\е өңдейтін арнайы құрылым моделі

    1) Microsoft Excel программасы бұл-…

    А) Windows-тың текстік құжаттарды құратын ж\е модификациялайтын баспаға беретін қосымшасы

    Б)Windows операциялық жүйесі бақылаужасайтын ақпаратты басқаратын жүйе

    В) Windows операциялық жүйесі басқаратын электрондық кестені өңдеу үшін берілген арнайы бағдарлама

    Г)Экранда бейнелернді құратын ж\е реакторлау үшін берілген арнайы бағдарлама

    2) МS Excel –де кестенің жеке ұяшықты көрсететін, жолдың номері мен бағананың атын білдіретін ол - ....

    А) Есептеу нәтижесі

    Б) Ұяшыққа енгізілген формула

    В) Ұяшық адресі

    Г) Операндтар



    3) МS Excel-дің дұрыс ұяшық адресін көрсетіңіз.

    А) BD666


    Б) 67BC

    В) AB745


    Г) AB;32

    4) МS Excel-құжаты...болып табылады.

    А) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл

    Б) аты dos түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл

    В) аты . mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл

    Г) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл

    5) МS Excel жұмыс кітабы неше жұмыс парағынан тұруы мүмкін?

    А) 1 ден 6536

    Б) 1 ден 255

    В) 1


    Г) 1 ден 65536

    6) МS Excel электрондық кестесі .... тұрады

    А) 24 қатар және 16384 бағанадан

    Б) 24 қатар және 16385 бағанадан.

    В) 24 қатар және 16386 бағанадан.

    Г) 24 қатар және 16387 бағанадан.

    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    11.2-тақырып. Excel-дегі деректермен жұмыс істеу. Деректерді Excel-ге енгізу.

    Мәтін енгізу


    • Саннан басқа кез-келген символдар мәтін ретінде қарастырылады.

    • Белгіленген диапазондағы ұяшықтар арасымен табуляция пернесі арқылы ауысуға болады.

    Мәтінді түзету.

    1. Мәтін енгізілген ұяшықты белгіле.

    2. Формула қатары арқылы мәтінді өзгерт.

    3. Формула қатарында енгізу батырмасын басып

    4. Болдырмау батырмасын өзгертпеу үшін басу керек.

    Сандарды енгізу және пішімдеу.

    • Кез-келген санмен бастаған, мына +, - символдармен және ашылу жабылу жақшаларымен басталған жазбалардың барлығы сан болып табылады.

    • Диапазонға қатысты ұяшықтарға сандар енгізу үшін, диапазонды белгілеп табуляция пернесі арқылы орындайды.

    Деректерді сақтау және қорғау.

    Жұмысты аяқтау үшін Файл/Закрыть командасы арқылы тек қана жұмыс парағын ал Файл/Выход командасы арқылы Excel –ді жабуға болады. Файл/Сохранить арқылы жұмыс кітабын сақтауға ал атын өзгертіп сақтау үшін Файл/Сохранить как командасын орындау қажет.

    Сервис –параметры командасы арқылы жұмыс кітабын ашу үшін пароль қоюға болады.

    Деректерді өңдеу формулалары.

    Формула енгізу.


    • Формуланы енгізу = тең символы арқылы орындалады.

    • Формулаларды ұяшық адрестері мен операторлар арқылы құрастырады

    • Формуланы енгізу пернесін басу арқылы аяқталады.

    Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

    Правка-Копировать ;

    Правка-Вырезать;

    Правка-Вставить командасы арқылы орындалады.

    Правка-Копировать және Специальная вставка командасы арқылы арнайы параметрлерді тағайындауға болады.

    Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу. Формат/Автоформат командасы арқылы кестені автоматты түрде форматтауға болады.

    Формат/Условное форматирование арқылы шарт бойынша форматтауға болады.

    Файл/Печать командасы арқылы принтерді таңдап, құжаттың белгілі бірбөлігін немесе барлығын баспаға жіберуге болады.



    Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар.

    1-тапсырма

    Сенің жанұяң үшін қандай ақпарат көздері маңызды екенін анықта. Нәтижесін достарыңмен салыстыр.

    Күнделікті уақыт (кететін ақпарт көздері)

    мама

    папа

    мен

    Апа (қарындас)

    әже

    Кітап оқу

    1

    1

    1

    1

    1

    Газет-журналдар оқу




    0

    1

    2




    Телевизор көру

    2

    1

    2

    2

    3

    Интернеттен ақпарат іздеу

    4

    4

    3

    3




    Жанұя мүшелерімен қарым-қатынас араласу

    1










    0


    Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : 11.5, 11.6 тапсырмалар.

    Сабақты бекіту:

    Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

    1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

    2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналстыру үшін не істейміз?

    3. Формула қандай символмен басталады?

    4. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

    Үйге тапсырма беру: практикум : 11.7, 11.8 тапсырмалар.

    Оқушыларды бағалау.


    САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

    ________________

    Оқу ісінің меңгерушісі

    «___________» ________20 ж
    Пән аты: Информатика

    Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

    Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Оқушылардың мәтіндік редактор және кестелік процессор тақырыптары бойынша алған білімін бекіту, тиянақтау;

    Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

    Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    Сабақтың түрі: Білім бекіту практикалық.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет