Қазақ тілі пәні 4 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Етістік туралы берілген білімді толықтырып, кеңейту және оның түрі, құрамы, құрылысы жайында түсініктерін екңейту
Оқушылардың етістік түрлерін меңгеру, дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін шыңдау.
Сауатты көркем жазуға төселдіріп, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізде ашық сабақ сондықтан қонақта пән мұғалімдері қатысып отыр.Сендерге сәттілік тілеймін.
Ендеше өзімізге психологиялық дайындық жүргізіп жіберейік
Бүгінгі күн терезеден ізетімен тұр қарап,
Сондай жақсы көңіл күймен басталады бұл сабақ.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма 108 жаттығуМәтіннен жіктелген зат есімдерді бар сөздерді теріп жазу.Қай жақта тұрғанын айту
ІІІ.Өткен тақырыптарды пысықтау
-Біз , сендермен зат есімнің жіктелуі туралы өткен болатынбыз.Кім маған оқушы, ғалым, жазушы, сөздерін жіктеп береді
ІҮ .Жаңа сабақ
Дыбыстарды тыңдату,не естідік, қандай қимылдарды ненің қимылын естідік? Олардың іс-әрекетіне қандай сұрақтар қоюға болады?
-Қайтті?, неғылды? Не істеді?
1.Оқулықпен жұмыс Ребусты шеш
Ребустың шешуі: Етістік
Етістік дегеніміз не? Оған қандай сұрақтар қойылады? Оның қандай түрлерін білеміз ?( негізгі,туынды)
Негізгі етістік-заттың қимылын білдіретін төл етістік.Түбірі етістік болады.Мысалы :кел, жаз, оқы
Туынды : түбір етістікке және басқа да сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік.ой-ла, есеп-те.
2-жаттығу Жұмбақты оқып , жатқа жаз.Шешуін тап
Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз)
Етістіктердің астын сыз, дара немесе күрделі екенін айт.Осы етістіктерді күрделіметістікке айналдыр.
3-жаттығу Терме диктант
Жырла, жүрді,жүзді, жүзді, көрген, ақылдас, биле, ойла, сезді, ұсақта, болды, керілме, тұзда
Бір –бірімізбен ауысып тексерейік.Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Дәлелдеу үлгісі: жүрді-жүр түбір етістік, ді-жұрнақ күрделі етістік
Сергіту сәті Ағылшынша(біз шет тілін де меңгереміз )
Ү.Сабақты қорытындылау
4-жаттығу Тыйым сөздерді жаттап ал.Етістіктердің қалай аталатынын еске түсір
5-жаттығу сызбаға қарап, етістік туралы білетініңді жинақта
(плакаттағы сызбаны сәйкестендіру) Сызбаны талдату
6-жаттығу семантикалық карта бойынша .Оны ауысып талдау
ҮІ.Бекіту Етістік атаның жұмбақтары
Жұмбақтардың шешуін тауып, етістіктерді талда.
Рефлексия Біз осы сабақтан не үйрендік?Не білдік?
ҮІІ.Үйге тапсырма
ҮІІІ.Бағалау
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС САБАҚ «Бізде бүгін 5 сабақ»
««Бізде бүгін 5 сабақ» интеллектуалды сайыс сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,
қажет те. (Р. Бэкон)
Мұғалім: Уа халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі жарыс төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді жарыс жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға ------------топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі
І топ тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Білімге құштар ұланбыз
Білімге толы санамыз
Бүгінгі күн жеңісті
Алғырлық пен аламыз
Ән: Бір сыныпта оқимыз бәріміз де (армандастар)
Достың сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топқа сәлем.
Таныстыруы:
ІІ топ. «Шаршы» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
«Шаршы» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Әні: Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Таныстыруы:
1 сабақ . Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) Қызықты математика сабағы
тобына.
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 1 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалады? (1 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында
үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары
бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
5. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (3 тауық, 1 бұзау)
« » тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Асханаға 50 кг пияз және одан 20 кг артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (70 кг)
5. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2. Сабақ Біліктілік сайысы (қазақ тілінен)
«Қарлы кесек». Балалар қазір қандай жыл мезгілі? (Қыс)
« » тобына:
заттың атын білдіреді (зат есім)
мәтіннің түрлері (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
сөйлем неден құралады (сөзден)
қимылды білдіретін сөз табы (етіс тік)
септік түрлері (атау, ілік, барыс, табыс , жатыс , шығыс, көмектес)
«Үшбұрыш» тобына:
заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді (сын есім)
Құрмалас сөйлем дегеніміз (ол екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған)
Жерө су адам аттары қалай жазылады? (бас әріптен жазылады)
етістік дегеніміз ...
сөз таптарын ата
3 сабақ. Әдебиеттік оқу 5 балл
1 топқа мақалды жалғастыр
1)Мектеп кеме-(білім теңіз)
2.Әдепті бала-арлы бала
(Әдепсіз бала -сорлы бала)
3.Білекті бірді жығады
(Білімді мыңды жығады)
4.Қырық кісі бір жақ
(Қыңыр кісі бір жақ)
5.Туған жердің күні де ыстық (түні де ыстық)
2 топқа мақалды жалғастыр
1.Оқу инемен (құдық зазғандай)
2.Сумен ойнама-батасың
(Отпен ойнама күйесің)
3.Өзге елде сұлтан болғанша
(Өз еліңде ұлтан бол)
4.Асық ойнаған азар
(Доп ойнаған тозар
Білім қуған озар)
5.Туған жердей жер болмас
(Туған елдей ел болмас)
4 сабақ Дүниетану
топқа
1)Елді басқаратын адамды кім дейміз?(Елбасы)
2) Еліміздің туында қандай құстың бейнесі бейнеленген?(Бүркіт)
3) террикондар дегеніміз не?
4)жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады (тас көмір, мұнай, газ)
5.Ауа қоспасындағы ең көп газ- (азот)
7. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
«Ел құлағы елу»
«Көп түкірсе көл болады»
«Адам жүрген жермен адам жүреді, біреу білмегенді біреу біледі»
«Он адам жүрген жерде із қалады
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
«Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмайды»
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»
«Бес саусақ бірдей емес»
«Екі жүзді пышақтан сақтанба, екі жүзді адамнан сақтан»
«Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың»
«Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас»
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
«Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық»
8: Ребусті шешу.
9. Қорытынды бөлім: 5 жолды өлең құрастыру
1. зат есім. Кім? Не?
2. сын есім. Қандай?
3. етістік. Не істеді? Қайтті?
4. сөйлем
5. мағыналас сөз
10. Рефлексия «Блоб» ағашы.
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Марапаттау.
Қазақ тілі
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы толық теориялық білім беру, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлемді жүйелі құруға,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі жазуға мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:интерактивтік тақта, компьютер, слайд.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзі-өзін бағалау әдісі. сын тұрғысынан ойлау, ой шақыру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: математика,
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақ тілім –өз тілім-ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім!
-Міне,балалар,кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың өлеңімен қазақ тілі сабағын бастаймыз.
2.Өткенді пысықтау.
Үй тапсырмасын тексеру.(интерактивтік тақтаны қолдану барысында оқушыларға мына кестені толтытыру)
Зат есімнің жіктелуі
3.Жаңа сабақ.
Ой шақыру .
Сөз таптарын еске алайық. (назарымызды экранға аударайық)
Мысал келтіру
Домбыра,асық,бала.
-Ал енді ,осы зат есімдерді қатыстырып,сөйлем құрайық.
Құраған сөйлемдеріміз заттың ісін,қимылын білдіретін болсын.
Мысалы:Балалар асық ойнады.
-Сұрақ ,заттыңісін,қимылын білдіретін сөздерді табу.
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз!
4.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз.
Өлеңде қойылған сұраққа жауап бер.
Сұрақ қою арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді тап.
Заттың қимылын білдіретін сөздер қалай аталады?
Кім не істеді?
Атам мал бақты,
Апам от жақты,
Ағам отын үйді,
Жеңгем тары түйді,
Әкем жүк түсірді,
Анам ас пісірді,
Әпкем суға кетті,
Қанша адам еңбек етті?
Т.Еділбаев
5.Дәптермен жұмыс.
Сынып жұмысы
Етістік
2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Керекті сөздер: көжектейді, жылытады, қорықпайды, болмайды, күтеді.
Етістіктер қандай сөйлем мүшесі болып тұр?
Болымды, болымсыз етістіктерді ата. Болымсыз өтістіктер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Үй қояны
Күтімі жақсы үй қояндары суықтан ... . Олар көктемде ... . Ана қояндар көжектерін жақсы ... . Олар көжектерін бауырына басып ... . Әрбір ана қояның қасында алтыдан артық көжек ... .
3-жаттығу.
Сурет бойынша кестені құрастырып, толтырып сөйлемдер жазыңдар.
Кім?
|
Не істеді?
|
Қайтті?
|
Не қылды?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша тапсырма:
Сөйлем ішіндегі етістіктердің астын сыз.
Дара немесе күрделі етістік екенін анықта.
4-жаттығу.
«Тапқыр болсаң тауып көр » ойыны арқылы жаттығуды орындау.
Негізгі етістік болуы үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр?
Ша... па, ны...шы, та...та, а...а, о...ы, то...та, шо ...ы.
6. Сабақты қорыту. Сұрақ-жауап.
Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша «Етістік», «Үй қояны» сөздеріне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
■
Берілгені: Етістік ● = =?
▼
3 (е, 2 і)■
Шешуі: Етістік 7 ● =
4(2 т, с,к)▼
Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға тиісті бағаларын қоямын.
Үйге тапсырма: 112-бет, 5-жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |