Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: 1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға заттың іс-қимылын білдіретін сөздер туралы қысқаша түсінік бере отырып, етістікпен таныстыру. Етістіктің дара және күрделі болатыны туралы түсінік беру. 2.Дамыту мақсаты:Оқушылардың оқу, түсініп оқу дағдыларын, көркем жазу дағдыларын дамыта түсу. Етістік туралы ұғымдарын, сөздік қорларын дамыту. 3.Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу. Түрі :Жаңа сабақ Әдістері : Сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру. Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер Пәнаралық байланыс : Дүниетану, бейнелеу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық дайындық жүргізу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.