Пәні:Қазақ тілі Сыныбы: 2 «Е» Сынып жетекшісі:Асылбекқызы Д
Сабақтың тақырыбы: «Етістік»
Сабақтың міндеті: Іздеймін және табамын,ойланамын және біліп аламын.
Сабақтың мақсаты:
1)СТО технологиясы арқылы етістік тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту,тақырыпты толығымен талдап,мазмұнынын ашу.
2)Етістік тақырыбы арқылы оқушылардың шығармашылық сөздік қорын молайту,оқушылардың жек өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту,ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
3)Оқушыларды ұйымшылдыққа,тәртіптілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтежесі:
-Оқушылар сабақтың құрылысын нақты білуі тиіс;
-Тақырып бойынша оқушылардың түсінуі;
-Сұрақтарды талқылауға қатыса алады;
-Жоғарырақ деңгейдегі сұрақтарға жауап бере алады.
Сабақтың түрі:Дәстүрден тыс,СТО технологиясын қолдану
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдістері: «Шаттық шеңбері», «Ой толғаныс»,талдау,жинақтау, «Кластер» әдісі, «Ақылды үкілер» әдісі, «Алты ой қалпағы», «Бинго» ойыны, «Кездесоқтық»ойыны, «Сұхбат алу» ойыны, «Жүректен –жүрекке» т.б
Сабақтың көрнекілігі:Инерактивті тақта,Слайдтар, суреттер,түрлі-түсті қалпақтар,смайликтер,микрофон,қатты қағаздан жасалған тұрмыстық заттар,стиклер т.б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: « Шаттық шеңбері »
Сәлем арайлы күн!
Сәлем менің достарым!
Сәттілікпен бастайық!
Сабағымызды біз бүгін!
Үй тапсырмасын тексеру
«Менің оқу құралдарым» тақырыбына әңгіме құрау
Бекіту жаттығулары: «Бинго» ойыны арқылы жүргізіледі.
Сұрақтарға жауап алу.
-Сөз таптары нешеге бөлінеді?
-Зат есім деген не?
-Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
-Жалқы есім деген не?
-Жалпы есім деген не?
-Зат есімнің жекеше түрі деген не?
-Зат есімнің көпше түрі деген не?
«Жаңа сабақ кезеңі»
« Қызығушылықты ояту».Көңіл-күйлерің қандай?
Егер көңіл-күйлерің жабырқаулы болса,жұдырығымызды жұмып,бұлтты көрсетеміз,ал егер көтеріңкі болса,алақанымызды ашып,күнді көрсетеміз.
-Біз қолымызбен не істедік?
-Қолымызды аштық,жұмдық,яғни іс-қимыл жасадық.
-Балалар күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасаймыз,яғни қимыл-қозғалыссыз өмір сүре алмаймыз.
Актуализация
Келді,көктеді,күтті,күлімдеді
-Балалар,осы сөздер қандай сұраққа жауап береді?( Не істеді,Не қылды?Қайтті?)
-Не істеді?Не қылды?Қайтті?деген сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?( Қимылын,іс-әрекетін)
-Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады ?(Етістік)
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы- Етістік.Сабақта біз етістік туралы білімдердерімізді жалғастырамыз.
Топқа бөлу
1 топ-«Табамын» 2 топ-«Іздеймін» 3 топ-«Ойланамын»
Әр топ «Алты ой қалпағының түсін таңдайды,соған сәйкес өз тапсырмасын таңдауға ұсыныс жасайды:
Қара қалпақ-«қарсы» ұстаным
Қызыл қалпақ-«көңіл-күй» ұстанымы
Жасыл қалпақ-«шығармашыл» ұстаным
Дәптермен жұмыс.
Күн жадын жазу Бейнесөзбен жұмыс «Етістік» Е,ет,тіс,етік.
Терме диктант: Осы сөздерге қатысты сөйлемдер оқимын,оқушылар етістіктерді теріп жазады.
Аспаз ет тамақ пісірді.
Аянның тісі ауырды.
Ағам етікті тазалады.
«Ой толғаныс».Суретпен жұмыс Слайдтарға назар аударамыз.
-Суретте не бейнеленген?
-Адамдардың іс-қимылы қандай?Суретке қарап балалардың,әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауын атап,қандай сұраққа жауап беретінін анықтау.
Оқулықпен жұмыс. Жұмбақтарды шешу:
Жазда қыдырады,қыста тынығады. (Су)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Тапсырмасы:Жұмбақтардың шешуін тауып,сөйлем құрау.Сұрақтар қойып,зат есім мен етістікті табу Су ағады.Не ағады?Су .Су не істеді? Ағады.Күн шықты. Не шықты?Күн.Күн не істеді?Шықты.
Логикалық ойлауға жетелеу
«Не істеді?» Ойынының шарты:Қатты қағаздан жасалған заттар арқылы көрсетілген іс-қимылдарға сұрақтар қою.
Тақтамен жұмыс
356-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді пайдаланып,қойып жаз.
Тоғайда түрлі аңдар (болады).Терең шатқалда қояндар (жасырынады).Қызыл түлкілер тоғайда (жүреді).Тиіндер ағаштан ағашқа (секіреді).
«Сұхбат алу ойыны» арқылы жүргізіледі:
Шарты:Сұхбат-радио.теледидар арқылы да қойылуы мүмкін.Репортер-сұрақ беруші.Респондент-сұхбат беруші.Балалар микрофонда батыл жауап беруі тиіс.Сұхбат алушы сұрақтарын қоя бастайды.
Ойын нұсқалары: Мұғалім оқушыдан сұхбат алады; Балалар бір-бірінен сұхбат алады;
«Сергіту сәті»
«Қалай дыбыстайды?» ойыны.Жан-жануарлардың суреттері дыбыстарымен қоса беріледі.Олардың қалай дыбыстайтынын айтып,етістікті табу.
Мысалы:Ешкі маңырайды.Ит үреді.Сиыр мөңірейді.Қарға қаңқылдайды.
(Қоян,аю,жылан,жорға ат,бүркіт,ау тарту,балық аулау) Қимылмен көрсету
Қоян қайтеді?Қоян секіреді.
Аю қайтеді?Аю қорбандайды.
Жылан ше?Жылан ирелеңдейді.
Бүркіт ше?Бүркіт аспанда қалықтап ұшады.
Топпен жұмыс. 357-жаттығу
«Ақылды үкілер» әдісі арқылы орындалады.
Шарты:Берілген етістіктерге қатыстырып сөйлемдерді құрау кезіндегі негізгі басты ойды бейнелі сурет түрінде беруге тырысу керек .
Қонды,жауды,тасыды,жүзді.
Шығармашылық жұмыс.
Топқа тапсырма:Өлең құрау,етістіктерді тауып 2 сызықпен сызу.
Атам жылқы бағады,
------- -------- шабады.
------- ------- сауады,
------ ------ қағады.
358-жаттығу. «Кездейсоқтық» ойыны
Ойынның шарты:Бұл әдісті барабан немесе сүйек айналдыру,тиын лақтыру,жеребе тастау,тіпті ұшақ ұшыру т.б арқылы да жүргізуге болады.Кімге тисе,сол жауап береді.Жауап алу кездесоқ таңдау арқылы өтеді.Мұғалім сөздер оқиды,сол берілген сөздердің ішінен етістікті тауып,олардың етістік екенін дәлелдеу.
Үлгі сөздер тізбегі:Көгершін,жасыл,жинады,алғыс,сөйлесті,ертең,айтты,ою,байлады.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың бүгінгі өтен тақырып бойынша алған білімдерін
«Кластер құру» әдісі арқылы түйіндеу.
Бұл әдістің маңызы-тақырып бойынша оқушы білімін жүйелеуде.
Кластер-материалды сызба түрінде беру.Аудармасы түйін,шоқжұлдыз деген мағынаны білдіреді.Оқушылар ойын еркін ашық тірде қағаздың ортасына негізгі кілт сөзді жазып,сол сөзден жан-жаққа бағыттаушы сызықтар өрбітеді.Бұл сызықтар келесі сөзбен байланысып,ары қарай жалғаса береді.
Негізгі кілт сөздер- Зат есім,Сын есім және Етістік.
Үйге тапсырма беру
359-жаттығу. «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құра.
«Бағалау кезеңі».
-Бүгінгі сабақтың бағасы жинаған смайликтер санына байланысты болады.Сондықтан ұпайларды санайық!
«5»-9-10 ұпай
«4»-7-8 ұпай
«3»-4-6 ұпай
«Жүректен –жүрекке»
Бір-бірімізге шын жүрегімізбен жақсы сөздерімізді айту арқылы тілектерімізді білдірейік!
-Сабақ аяқталды,сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |