Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
|
Күні: 11.03.21ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Каржаубаева Б.Д.
|
Группа: М-21
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Етістік түрлері. Бастауыш сыныпта етістікті оқыту жолдары
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін дамыта, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырмаларды орындауға үйрету. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
|
Бағалау критерийі
|
-сөйлем ішінде етістікті таба алады.
-етістіктің түрлерін ажыты алады.
-жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Пән лексикасы және терминология: есімдік, есімдіктің түрленуі, т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,.......
|
Құндылықтарға баулу
|
Оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті т.б.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Есімдіктің түрленуі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Ребусты шеш.
Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.
|
|
Сабақтың ортасы
|
1.Тапсырма
Туынды етістіктерді теріп жаз.
оқы
жүрді
ойла
сезді
жырла
көрген
ұсақта
болды
жүзді
ақылдас
керілме
тұзда
биле
2.Тапсырма
Неліктен туынды етістік екенін дәлелде.
Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.
Дәлелдеу үлгісі: Ақта – туынды етістік, өйткені онын түбірі – ақ. «Ақ» сөзі – сын есім, оған –та жұрнағы жалғанғанда қимылды білдіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады.
3.Тапсырма
Сөйлемнен етістіктерді тауып, түрлеріне қарай ажырату.
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады. Көктем келгенін біз өз отбасымызбен қуана қарсы аламыз.
Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.
Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді.
|
|
Сабақтың соңы
7 минут
Үйге тапсырма
|
Рефлексия: «Ресторан»
-Бүгін ... өте дәмді болды.
-Бүгін ... өте тұзды болды.
-Бүгін ... өте сұйық болды.
-Бүгін... дәмі кермек болды.
-Бүгін ... тез дайындалды.
Мен келесі жолы ... , ... , ... тапсырыс беремін.
Етістік түрлерін оқу.
|
|