Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?
Тұйық етістікке мысал келтіріңіз.
Мақалдың жалғасын табыңыз. Жақсыдан жаман туар азбақ үшін,
Синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.
(Жауап берген әр оқушыға сурет қиындылары беріліп отырады. Суреттерді құрастыра отырып оқушылары екі топқа бөлінеді. Күздің суретін алғандар «Болашақ» тобы, Жаздың суретін алғандар «Энергия» тобы деп аталды.)
Жаңа сабақ: Етістіктің райлары туралы түсінік
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. Етістік қимылды, іс-әрекетті білдірумен қатар, сол қимылдың , іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын да білдіреді. Міне, осы соңғы мәні етістіктің рай түрі болып табылады. Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Схема арқылы толық түсінік береді.