Сабақтың тақырыбы: Еуразияның географиялық орны.Қоныстануы және зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі139,58 Kb.
#30193
түріСабақ
Күні: 14.03.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Еуразияның географиялық орны.Қоныстануы және

зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгі,қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:


  • Материктің географиялық орны ұғымн түсіндіру.

  • Еуразия материгінің географиялық орнын картадан анықтай алу.

  • Шеткі нүктелерінің айырмашылығын,маңызын ашып көрсету.

Күтілетін нәтиже: Сабақ соңында оқушылар материктің географиялық орны,зерттеу тарихы туралы өзгелермен ой бөлісе алады.

Нәтижені бағалау: Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
Салыстыру, картамен жұмыс, әңгімелесу, баяндау.

Пән аралық байланыс: тарих,дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Еуразияның физикалық картасы,фота слайдтар,ежелгі материктер карталары,атлас,қосымша мағұлыматтар.

Сабақтың барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.



ІІ-Жаңа білімді қалыптастыру:

Кластер құру.

1. Құрылықтың 1/3 бөлігін алып жатқан

2. Жер шарындағы халықтың ¾ бөлігі қоныстанған

3. Төрт бірдей мұхит қоршап жатқан

4. Біздің отанымыз ҚР жер кіндігі болып саналатын құрлық?

ЕУРАЗИЯ- АЛЫП МАТЕРИК.

1-Тапсырма: Алдын ала берілген оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан.



1-оқушы:Қоныстануы. Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінен басталған. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жиналған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеңіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі минхай халқы негіз салған. Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым – қатынасын жүргізген. Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, қазірі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Кейіннен олар Мадагаскар аралын алып, кейбіреулері сонда тұрақтап қалды. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар Каспий теңізінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.

2-оқушы:Еуразия құрлығындағы Ш.Ш.Уалихановтың зерттеулерінен. Орталық Азия жеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды. Қазақ халқының ағартушы, географ ғалымы Ш.Уалиханов1856 – 59 жылы аралығында Ресей географиялық қоғамының тапсыруы бойынша Орталық Азиянң сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында, қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Тянь – Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алт шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған Шоқан көне тарихи кітаптар, энографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстар үлгілерін жинап қайтты.

3-оқушы: П.П.Семеновтың Азияға қосқан үлесі. Н.М.Пржевальский экспедициясының маңызы.

ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Тибет пен гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты. Құммен бірге көшіп жүрген Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады. Прежевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картаға түсірді, олардың координаты мен биіктігін анықтады. Орталық Азияға жасаған 5-ші саяхатының бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс болар алдында өзін Тянь – Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырды.

Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П.Семеновта зор үлес қосқан. Семенов 1827жылы дүниеге келген.Оның бес жасқа толғанда әкесі қайтыс болып,жаңғыз анасымен қалады.Ғалым 13 жасында француз,неміс,ағылшын тілдерін меңгерген.Үйінде жинақталған кітап қорынан әр елдің авторларының еңбектерін өз бетінше сүйіп оқыды.1841жылы Петербург қаласындағы мектепке барды. Мектепті аяқтаған соң жақындарының әскери жолға түсуімен келіспей,Петербург университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті.1848жылы университеті аяқтағаннан кейін өзінің өмірдегі ең алғашқы саяхатын,бірге оқыған жолдасы Н.Я.Данилевскиймен бірге жаяу Петербург пен Москва арасындағы жолдан табиғат байлықтарының түрлерін жинаудан бастады.1849жылдан бастап Семенов Ресейдің үлкен экспедициясының мүшесі болды. Тянь – Шань тауына 2 рет саяхат жасаған. Ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелінген, яғни біздің еліміздің ең биік шыңы Хантәңірі шыңын ашқан. Тянь – Шаньның биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін дәлелдеген. Осындай зор жетістіктері үшін ғалымның аты – жөніне таудың аты қосарланып берілген. Орта Азиядағы ірі тау жүйесі, биік шың мен мұздық П.П.Семенов – Тянь – Шанский есімімен аталады.

2-Тапсырма: Сәйкестендіру тест жұмысы.




Сұрақтар

Жауаптар

1

Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық




2

180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық




3

180-200 млн жыл бұрын Оңтүтік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық




4

Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған

Төрт мұхит бірдей қоршап жатқан

Біздің Отанымыз ҚР орналасқан

Дүние жүзінің ең биік шыңы орналасқан

Дүние жүзіндегі ең үлкен құрлық





(Тақтада берілген карталар бойынша тестің жауабын сәйкестендіру)

Берілген карталар:Еуразия,Лавразия,Пангея,Гондванна,Солтүстік Америка құрлықтарының карталары.

3-Тапсырма: Еуразия материгінің географиялық орнын анықтай отырып кескін картаға түсіру.Түсіру барысында әр жердің басты ерекшелігін айту.

(Тақтадан ГО-анықтау жоспары мен кескін картаны көрсету)



Материктің географиялық орнын сипаттау жоспары:

І. Материктің атауы. S: Х-

ІІ. Басқа материктерге қатысы (дүние бөліктері бойынша)

ІІІ. Материктің шеткі нүктелерін, олардың координаттарын анықтау.

ІV. Материк жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздері шайып жатыр?

V. Ең биік және терең нүктелерін анықта.



VІ. Қандай климаттық белдеулерде жатыр?

Мұғалім: материктің атауын,ауданын,халқының санын жазып, ГО анықтау жоспарымен қалай жұмыс жасауды түсіндіреді.

1-оқушы: Материктің басқа материктерге қатысын, Еуропа ,Азия терминдерінің қалыптасуын,шекарасын картадан анықтай отырып белгілейді.

Жауабы: Еуразия материгінің басты зерттеулеріне сүйенсек, Жерорта теңізінен әртүрлі бағытта кемемен жүзіп өткен финикиялықтар өздеріне белгісіз батысты «Эреб»,шығысты «Асу»деп атаған.Кейінен бұл ұғымдар негізінде қазіргі Еуразияны құрайтын дүние бөлігі «Еуропа» мен «Азия» терминдерін қалыптастырған.Еуропа мен Азия дүние бөлігінің шекарасы (Орал тауларының шығыс етегі,Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы,Кума-Маныч ойысымен Азов,Қара теңіздердіжәне Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы бөлінеді).



2-оқушы: Солтүстік шеткі нүктесі-Челюскин мүйісі (77 с.е,104 ш.б)

Оңтүстік нүктесі-Пиай мүйісі (1с.е,103 ш.б)

Бұл екі нүктенің арасы 8000 км созылып жатыр.Кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса,Малайя архипелагының аралдары эквотордан солтүстікке қарай 11 градус о.е дейін созылып жатыр.

3-оқушы: Батысындағы шеткі нүктесі-Рока мүйісі(38 с.е,9 б.б)

Шығысындағы шеткі нүктесі-Дежнев мүйісі(66 с.е,169 б.б)

Материк батысынан шығысына қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.Екі шеткі нүктесінің арақашықтығы 16000км жуық.Материктің браз жері шығыс жарты шар ауқымынан шығып,батыс жарты шарды қамтиды.Географиялық орнының осындай ерекшеліктеріне сәйкес материкте барлық климаттық белдеулермен табиғат кешендерінің толық жиынтығы кездеседі.(оқушылар шеткі нүктелерін координаталарын анықтай отырып,кескін картаға түсіреді,және олардың ерекшелігін түсіндіріп кетеді)

4-оқушы: Материкті төрт мұхит бірдей қоршап жатыр.

Солтүстігінде –Солтүстік Мұзды Мұхиты

Шығысында-Тынық мұхиты

(Екі мұхитты кескін картаға түсіру барысында басты ерекшеліктерін,олардың материкке тигізетін әсерін қысқаша айту)



5-оқушы: Оңтүстік –батысында-Атлант мұхиты

Оңтүстігінде-Үнді мұхиты

(Екі мұхитты кескін картаға түсіру барысында аралығындағы Жерорта теңізін,дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз Қызыл теңізді,Арабия теңіздерін к.к түсіріп, басты ерекшеліктерін,олардың материкке тигізетін әсерін қысқаша айту)

6-оқушы: Ең биік нүктесі Джомолунгма -8848м.Материктің биік нүктесі Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы Гималайдағы Джомолунгма шыңы.Мұнда Гималайдың оңтүстік шығыс беткейіндегі Жер шарындағы жылдық жауын-шашын ең көп түсетін Черапунджи елді мекені орналасқан.Жылына 12000мм артық жауын-шашын түседі. (кескін картаға түсіру,ерекшелігін қысқаша айту)

7-оқушы:Терең нүктесі-Өлі теңіз(-403).Бұл теңіз Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері және Жер шарындағы ең үлкен Арабия түбегінде орналасқан.Түбектің ауданы 3млн.км. кв.

4. Логикалық ойлау. Әлемдегі ең,ең,ең...
Е. Ең үлкен құрлық ...................................................

У. Ең биік шың ...........................................................

Р. Ең терең нүкте (теңіз деңгейінен).......................

А. Ең үлкен көл ............................................................

З. Ең тұзды теңіз.........................................................

И. Ең терең көл ............................................................

Я. Ең жауын- шашын көп түсетін аймақ ...............

5-Тапсырма: Үй жұмысын тексеруге арналған тест жұмысы.

7 негізгі сұрақтан тұратын активойд арқылы ашық тест жұмысы.



Тест

1.Солтүстік жарты шар материктері

А) Еуразия,Африка

Б)Оңтүстік Америка,Еуразия

В) Солтүстік Америка,Еуразия

Г) Еуразия,Аустралия

2.Еуразия мен Солтүстік Американың географиялық орнының басты ұқсастығы

А)Екі материкте ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр

Б)Екі материкте солтүстікке қарай күрт сүйірленеді

В)Олардың солтүстікте Арктикадан,оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы

Г) Екі материкте оңтүстік жарты шарда орналасқан

3.Еуразиямен Солтүстік Американың жер бедерінің ұқсас белгілерін тап

А) Екі материктің де аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін жазықтар алып жатыр

Б)Гималай-Кордильера таулары ендік бағытта орналасқан

В) Гималай-Кордильера тау жүйелері материктің батысында бойлық бағытта орналасқан

Г) Екі материктің жер бедеріне ұқсас белгілер жоқ

4.Мұз жамылғысының қалыңдығы 3000м-ге дейін жетіп,40градус солтүстік ендік бөлігін қамтыған материк

А)Еуразия

Б) Оңтүстік Америка

В) Африка

Г) Солтүстік Америка

5. Қай құрлықтың негізі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады

А)Солтүстік Америка

Б) Оңтүстік Америка

В) Еуразия

Г)Африка

6.Жер шарындағы құрлықтар үлесінің басым бөлігі қай жарты шарда

А) Батыс жарты шарда

Б) Солтүстік жарты шарда

В) Оңтүстік жарты шарда

Г) Шығыс жарты шарда

7.Ежелгі мұз басулар қай эраның қандай дәуірінде жүрген

А)Кайнозой эрасының Антропогендік дәуірінде

Б) Мезозой эрасының Тирас дәурінде

В) Палезой эрасының Кембрий дәуірінде

Г) Протерозой эрасының Девон дәуірінде


6.Бекіту. Шағын ой толғау, тақырыбы: «Еуразия - алып материк»
7. Үйге тапсырма: 1.14тақырып.

2.Кескін картамен жұмысты аяқтау

3.Шеткі нүктелерінің қашықтығын есептеу.

4.Мұхиттардың Еуразияға тигізетін әсері.



8.Бағалау

р/с

Аты-жөні

Ашық

тест

Географиялық диктант

Шығар-

машылық жұмыс

Картамен жұмыс

Логикалық ойлау

Жалпы баға

1






















2






















3






















4






















5






















6






















7






















8






















9






















10






















11






















12






















13






















14






















15






















16






















17






















18























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет