Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесі Сабақтың мақсаты


Б) Семантикалық карта (А, В деңгейіне арналған)



бет7/11
Дата26.12.2021
өлшемі109,5 Kb.
#105800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
0006e6e9-5eb17560

Б) Семантикалық карта (А, В деңгейіне арналған)




Мысал

Кімнің сөзі?

Автор тіліне талдау



«Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар»

Ұлпанның (Кенжетайға шылбырын лақтырған, Есенеймен алғашқы кездесуінде)






«Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады, арамыз жеті жылдық жол»

Есенейдің бәйбішесі туралы айтқаны ( өрелі деген бір алдыңғы, бір артқы аяғынан шідерленген ат. Сөре жаугершілік заманда өлген адамды жерлегенше сақтайтын жер. Жеті жылдық жол дегені жеті жылдан бері осылай тұрамыз деген сөзі)






«Қатал еді, озбыр еді, енді жан жүрегі жібиін дегені де»

Ұлпанның кәрі әкесі Артықбай батырдың сөзі






«Басың болса - ие бер, тізең болса - бүге бер»

Ұлпанның (Есеней сөз салғандағы алғашқы ойы)






«Мырза келін ай, сен келдің де көзім ашылды ғой»

Жарлы жақыбай, кедей ауыл адамдарының сөзі






«Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын»

Есенейдің орысша үй салдырып, егін ектіріп, шөп шабуға үйретпек болғандағы сөзі)






«Баласыз әйел панасыз әйел»

Есенейдің кемтар болып қалғандағы ойы






«Қыз «Міне, айыбым!» деп көз қиығымен бір шарпып өткенде неғып байқамадың?»

Түркпен Мүсіреп






«Аға өлсе іні мұрасы, іні өлсе аға мұрасы»

Есенейдің (өзі өлсе Еменалының істер ісі жайлы ойы)






«Құдыққа құлан құласа құрбақа құлағында ойнар»

Артықбайдың Есенейге айтқаны




А) «Әдеби көкпар»ойыны («көкпарға тартылатын» сұрақтарға кейіпкерлер есімі жасырылады, оқушылар оның кім екенін айтуы тиіс)

  1. Ақнар — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан - кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

  2. Есеней – романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет