Тілеміс− тілмаш және Торсанның әкесі, өз әкесіне Есенейдің шошқа баққаны үшін дүре соққанына ерегесіп, кек сақтаған адам.
Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс - Ұлпанның алтынмен жазылған, мөр басылған, екі басты самұрық құсы бар генерал губернатордын мақтау қағазын алғанын көре алмай, іштарлық көрсеткен ауылдың би-болыстары.
Хұсайынғази – молда.
Еменалы - Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді. Еменалының үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.
Айтолқын - Еменалының әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген.Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.
Торсан - Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған.Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ.