Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: диалогтік әдіс, сұрақ ,,,,жауап, топтастыру, салыстыру, “Мозайка” әдісі, “Детальқос” әдісі, “Әдеби көкпар” ойыны, семантикалық карта, кубизм тәсілі, “Венн диаграммасы” т.б.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай әдеби кітаптар, рефераттар, плакаттар, слайдтар, сөзжұмбақтар, кубик, т.б.
Сабақтың түрі: шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақтың типі: жаңа білімді бекіту
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, кезекші мәліметін тыңдау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
Кіріспе: Өресі биік өнер иесі, әдебиетке 20 - жылдардың екінші жартысында келген жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың қаламынан туған бірнеше шығармаларымен, мазмұнымен, тақырыбымен танысып келдік.
Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында аяулы, асыл, қасиетті аналар образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер жазушы. Ғ. Мүсіреповтың шығармалары қандай тақырыптарға арналады?
Жауап: Отан, туған жер, өнідіріс, табиғат, махаббат, ерлік.
Достарыңызбен бөлісу: |