Сабақтың тақырыбы Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы. «Ұлпан» Мақсаты



Дата02.02.2017
өлшемі85,79 Kb.
#8518
түріСабақ
Елекбаева Жанат Қойшыбайқызы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы

Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы. «Ұлпан»

Мақсаты

-Жазушының өмір жолын таныстыру, шығарманың мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру, Ұлпан бейнесін ашу.

- Оқушыларды мейірімділікке, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

- Басты кейіпкерлер өмірде болғандығын, оның тарихи типтік образдарын оқу мен жазу арқылы өз ара кеңесе отырып, жеке және топтық жүйеде талқылау жұмысына үйрету


Оқыту нәтижесі

- Шығарма мазмұнын меңгереді;

- Өз көзқарасын жүйелі талдауға үйренеді.

- Бір-бірінің идеясын құрметтей біледі.


Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер



сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, ой тастау

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ, постер

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңберін құру. Сан бойынша топқа бөлу.

-Әрбір адам?

Досым, туысым, жұрағат.

-Әрбір сабақ?

Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісім?

Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзім?

Шындық, бірлік, адалдық.

Мұны мен сіздерге неге айтып отырмын.

Себебі бүгінгі сабағымыздағы кейіпкерлердің бойында осындай асыл қасиеттер бар екен, сондықтан бізде сондай болуға ұмтылуымыз керек.


Мұғаліммен амандасып, топтарға бөлінеді.

«Қызығушылық

ты ояту»

Миға шабуыл.

1-топ. Ғ.Мүірепов кім?

2-топ. Ғ.Мүсірепов повестері, романдары

3-топ. Ғ.Мүсірепов пьесалары

4-топ. Ғ. Мүсірепов қызметі, марапаттары

5-топ. Жазушының ана тақырыбындағы шығармалары

Түртіп алу әдісі бойынша саралап оқиды.

Тақырыптың мазмұнын аша отырып,постер қорғау.



Мағынаны тану

«Ұлпан» повесі

1-топ. 1) Кейіпкерлері, Портреттері

2) Романда аталатын тарихи тұлғалар: Кенесары,Сырым батыр, Шыңғыс сұлтан.
2-топ. Ұлпанның елге жасаған қызметі және Ұлпан жайлы жұрттың пікірін оқулықтан жинастыру.

3-топ. Түсініктеме күнделігі



Ұнаған тұсы

Не себепті? Дәлелде







4-топ. . Романның композициялық құрылысына жоспар құру.

Басталуы – Есенейдің көші

Байланысуы – Ескі доспен кездесу

Дамуы – 1. Құдалық

2. Ел ісіне араласқан Ұлпан

3. Ұлпанк көлі

4. Есенейдің қазасы

Шиеленісуі – Ұлпанның шешімі.

Шарықтау шегі – Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.

Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі
5-топ. Берілген сұрақтарға жауап бер.

1. Есеней Ұлпанды не себепті «Ақ нарым» деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір.

2. Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады? Мәтіннен үзінді келтір?

3. Шығармадағы ең қысқа бөлімдерді ата. Ол бөлімдерде не айтылған? Қысқаша түсіндір.

4. «Жауыздықтың соңы - жамандық» екенін автор кімнің бейнесі арқылы дәлелдеген? Шығарманың қорытынды түйінін жаса.

Әр топ жеке -жеке өз беттерімен жұмыс істейді.




Ой-толғаныс


1Ұлпанмен тең түсер ел аналары туралы не айтар едің және кімдерді атауға болар еді? Жауабы: Төле бидің келіні-Данагүл, Шыңғыстың анасы-Айғаным т.б.

2.Жазушы жасаған Ұлпан бейнесі қандай?

Жауабы: Аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, қоғам қайраткері.

Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам, ана-құдіретті жан...

Мұхаммед пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген онда. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер»-деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, Алла соның өмірін ұзартады»-деген сөз де бар. Ендеше анамызды құрметтей білейік.


Оқушылар ойы тыңдалады

Үйге тапсырма

Рефлексия



«Қазақ әйелінің бүгінгі тағдыры» (Эссе жазып келу)
Кері байланыс.

Топ басшыларының бағалауы



Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.



Елекбаева Жанат Қойшыбайқызы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




Сабақтың тақырыбы

Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Мақсаты

1. «Қонақтар» хикаятын оқып-талдау барысында ұлттық сананы қалып -тастыру

2. Топпен жұмыс істей білуге баулу шығармашылық қабілеттерін шыңдау

3. Ата – анаға махаббат, сүйіспеншілікті дамыту, жат қылықтан жирендіру


Оқыту нәтижесі

- топпен жұмыс жасауға үйренеді.

- сабақта белсенділігі артады.

- шығармашылық қабілеті танылады.


Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер



сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау,

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ, постер

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңберіне тұрып, топтар бір - біріне жақсы тілектер айтады.

Мұғаліммен амандасып, топ -тарға бөлінеді.

«Қызығушылық

ты ояту»

Ой шақыру стратегиясы.

-Қонақтар дегеніміз кімдер?

-Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталды деп ойлайсыңдар?


Оқушылар ойы тыңдалады Балалар жауап береді.......



Мағынаны тану


Автор туралы мәлімет.

Туған жылы: 1942 жылы 4 қыркүйек

Туған жері: Қостанай обл, Жангелдин ауд, Еңбек ауылы

Қызметі: жазушы, драматург, аудармашы, еуропалық алтын медаль және мемлекеттік сыйлықтың иегері

Алғашқы жинағы – “Көкжиек” 1969 ж жарық көрді.

Шығармашылығы “Күзгі жапырақ”, “Ақиқат”, “Айтылмаған ақиқат”, “Истина”, “Ақшоқыдағы қыс қатты” әңгімелер мен повестер жинағы.

Пьесалары: “Өліра”, “Біз үшеу едік”

Грек аңыздары “Эллада ерлерін” қазақ тіліне аударған.

Мәтінмен жұмыс. Сюжет тұтастығы -эпизодта (Әңгіменің сюжет тұтастығын сақтай отырып мазмұндау)

1-топ. Баласын күткен қос қария

2-топ. Сапабек келді!

3-топ. Ерекең реніші.


1-топ. Шығармадағы ұлттық болмыс:

2-топ. Шығармадағы көнерген сөздер:

3-топ. Шығармадағы нақыл сөз:

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді.

1. киіз үй, шапан, шымылдық, шаңырақ, домбыра, терме, жылқы, бауырсақ

2. Шақша, сағақ, пешпент, жаулық, теллеграмма, мәсі

3. Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар



Ой-толғаныс


- Сонымен, біз бүгін сөз еткен, жазушы Төлеген Әбдіков көтерген ұрпақ тәрбиесі, ұлттық сана –сезім дегеніміз не? Парыз бен сананың қандай жақындығы бар? Осы төңірегіндегі ойларыңды қағазға түсіріңдер,

Парыз
Отан алдындағы парыз

Ата-ана алдындағы парыз
Өтелген парыз

- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен. Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын! «Өз үйіне өзі қонақ» болған жандардан сақтаныңдар.



Оқушылар ойы тыңдалады

Борышты өтеу. Қызмет ету

Азаматтық парыз.

Перзенттік парыз

Ұлттық салт-дәстүрді бойға сіңіру

Ата-анаға тағзым

Елге пайда келтіру

Өзіндік із қалдыру

Мұрагер тәрбиелеу

Бар мүмкіндікті пайдалану

Қамқорлық жасау

Туған-туысқа құрмет



Басқаларға үлгі бола білу

Үйге тапсырма

«Ата - ананың қадірі», «Ата - ана және балалар» тақырыбына эссе жазу.Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» хикаяты

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.

Бағалау

Топ басшылары бағалайды





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет