Басқұр- кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін жалпақ оюлы құр.
Желбау- сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.
Оқулықтағы 3-сұрақ:
Желбауға, басқұрға, текеметке салынған қазақтың қошқармүйіз өрнектері ғасырлардан асып жеткенін, енді олардан айырылып қаламыз ба деген қаупін қалай түсінесіз?
Сәрсенбі: «Ақыл- ой еңбегі»
Слайд №4.
Қазақ халқы ою- өрнекті ненің бейнесіне ұқсатып құрастырған және не себепті?
Халық шеберлері ою- өрнекті өсімдік, құс, жануарлар, ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген.
Өлеңде қай жануардың аты аталады және оның қазақ халқының тұрмысындағы орны туралы айтыңыз.
«Қошқармүйіз» өрнегі- қазақ халқының негізгі және ең көне мәнері. Бұл ою үй жиҺаздары, тұрмыстық заттар, киім- кешек, ат әбзелдеріне салынады.
Қазіргі кезде ою-өрнектерді қандай заттардан көре аламыз? ҚР Мемлекеттік Рәміздерінен оюларды көре аламыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |