Молданова Лариса Мақатқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Тайпақ орта мектебі
Батыс Казақстан облысы, Ақжайық ауданы
Сабақтың тақырыбы:Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғ.Мүсірепов шығармасынан алған білімдерін шыңдап,ана бейнесін ашу.Әдебиет ұғымдары бойынша шығарманы талдау.
Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге,ой қорыта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Ананы қадірлей білуге,үлкендерді сыйлауға,өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.
Көрнекілігі:Жазушының суреті,шығармалар жинағы,сызбалар.
Құрал-жабдығы:Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындықтарын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру:Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы. «Ананың анасы»әңгімесі.
1. Топтастыру.
Оқушылардың Ғ.Мүсірепов туралы ойларын жинақтап тақтаға топтастыру.
Ғабит Мүсірепов
Көркем сөз шебері Драматург Қоғам қайраткері Жазушы
Академик Киносценарист Аудармашы
«Сөйлемді жалғастыр» ойыны
1. Ғабит Мүсірепов –1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы .Жамбыл ауданында дүниеге келген.Жазушы,драматург,қоғам қайраткері,аудармашы,академик.
2. Ғ. Мүсірепов шығармалары: Әңгімелері: «Ананың анасы», «Ер ана», «Талпақ танау»
Повестері: «Қос шалқар», «Тулаған толқында»
Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан»
Драмалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Балладалары: «Жапон балладасы»
Ғылыми еңбектері: «Заман және әдебиет», «Суреткер парызы», «Дәуір дидары»
Сондай - ақ «Кездеспей кеткен бір бейне» прозалық поэмасы бар. М. Горькийдің, М. Шолоховтың, А. Сафоновтың пьесаларын қазақ тіліне аударды.
3. «Ананың анасы» әңгімесі-( 1934) мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған.Қызы үшін өлімнен қорықпай,Жалпақ батыр мен оның серіктерін ұяттан жерге қаратқан ананың ерлігі баяндалады. мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған.
4. Аңыз дегеніміз –эпостың көне түрлерінің бірі.Бұл да миф секілді, әсіресе, қиял араласқан фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті, өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.Әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар, аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Ғ. Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылуының бір себебі - Әйтілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткен әңгімелеуі.
-Балалар, алдыңғы сабақта біз Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесімен танысқан болатынбыз. Жазушының «Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
2. «Сұрақ-жауап»
Ендеше әңгіменіТақтада берілген сұрақтар арқылы мазмұндаймыз.Олай болса, іске сәт!
1.Шығармада оқиға кімнің атынан әңгімеленеді?
2.Әйтілес қарттың іңгімесін тыңдаушылар кімдер?
3.Бала бидің батыры кім?
4.Оның шабуға барған елі?
5.Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде еді?
6.Ергенекті елінде Жалпақ балуанның қандай құнды дүниесі бар деп ойлайсыздар?
7.Жалпақ балуанның қасында қанша жігіт бар еді?
8.Батырдың тілегі қандай?
9.Байдың тілегі қандай?
10.Жылқының бір шетін төңкеріп,қиқулап келе жатқан барымташыларға кім кездеседі?
11.Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді?
12. Жалпақ балуан сіздердің ойларыңызша кім?
13.Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш,нендей құдірет.
14.Сөзден жеңілген Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық берді ме,әңгіме қалай аяқталды?
III.Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыз да Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы»туралы өрбиді.Шығарманы талдаймыз.
1. Ой өрбіту.
Ана деген-құдіретті ұғым,құдіретті күші бар сөз.Кім де болса ана деген киелі сөздің алдында кішірейеді.Небір мықтылығымен әлемді ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен.Ананың аяулы алақаны мен мейірлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ.Оқушыларға ой өрбіту барысында ортаға сұрақ тастау.
«Ана»деген сөзді естігенде ойларыңа ең бірінші қандай сөздер оралады?
Оқушылар:
Ана-өмір сыйлаушы.
Ана-асыл жан.
Ұрпақ әкелуші.
Сұлулық атаулының иесі.
Ана-ардақты жан.
Ананыңа аялы алақаны мейірімге толы.
Кешірімшіл,жүрегі кең,баласы үшін отқа да,суға да түсуге даяр тұратын,батыр,батыл жандар.
2.Топпен жұмыс:
I топ: Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Тақырып-әдеби шығарманың атауы.
Идея-көркем шығармада айтылатын ой.Оқушылар әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады.
Шығарма авторы:Ғ.Мүсірепов.
Түрі:Проза/әңгіме/
Тақырыбы:Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.
Идеясы:Ананың балаға,адамзатқа деген ұлы махаббатының шексіз екенін паш ету.
II топ:Әңгімені композициялық құрылысына талдау.
Композиция/латынша:құрастыру,шығарма/-сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын тәсілі.Сюжеттің құрылымы болады.,оны композиция дейді.Олар:
а/Басталуы.
ә/Оқиғаның дамуы.
б/Оқиғаның шиеленісуі.
в/Оқиғаның шарықтауы.
г/Оқиғаның аяқталуы немесе шешімі.
Оқушылар әңгіменің компазициялық жоспарын құрады.
1 Басталуы:Әйтілес ақсақалдың өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.
2 Дамуы:Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқы барымталап,қызды олжалауы
3 Шиеленісуі:Жылқышының мерт болуы,ананың барымташылардың алдын орап,тоқтатуы.
4Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі.
5 Шығарманың шешімі:Сөзден жеңілген Жалпақ балуанның анасы мен қызына бостандық беруі.
III топ:Әңгімедегі кейіпкерлерді тауып,кейіпкерлерге мінездеме беру.
Оқушылар әңгімеден кейіпкерлерді тауып,мінездеме береді.
Кейіпкерлері: Ана- Сонар дегеннің қызы, он бес жасында бас бостандығынан айырылған, күңдікке берілген. Көргені қорлық, әділетсіздік. Он бес жасардың қызының артынан қорықпай, именбей қуып, өзінің құдіретті сөздерімен, батырларды тізеге бүктіріп, қызын аман есен алып, ауылына қайтады.
Жалпақ балуан- керей руының батыры, Ергеніктіден кегін алуға намыстана аттанады, алдын болжай біледі, даланың ессіз ері ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірімдік жасайды.
Кейкі,Сары би Жанай балуан,Әйтіллес,молда,Қайрақ жылқышы,Байсары, Бала би, Рамазан саудсгер.Қыз.
Портрет: Ана-бейшараның боз көйлегі жырым- жырым.Қолдары қарғаның тұяғындай қап- қара.Еріні қырық тілінген,жарық-жарық.Бірақ түйілген қабағынан,отжанған көзінен жаның шошырлық.
Жалпақ балуан-жауырыны қақпақтай,жұдырығы тоқпақтай,сыртынан қарағанда құйған пештей.
3.Мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға әңгімеден теңеу, эпитет,дисфемизм,көнерген сөздерді тапқызу.
Пейзаж-көркем әдебиеттегі табиғат суреті.
Жалпақ жаз.сай-салада сағым ойнаған саршаның тамызы. Саяз жайлаудың жан-жануары көлге тығылып қана сая табады. Күннің көзінің өзі де күн ұзағына көлге шомылып жанын сақтайтындай…
Портрет- Ана-бейшараның боз көйлегі жырым- жырым.Қолдары қарғаның тұяғындай қап- қара.Еріні қырық тілінген,жарық-жарық.Бірақ түйілген қабағынан,отжанған көзінен жаның шошырлық.
Жалпақ балуан-жауырыны қақпақтай,жұдырығы тоқпақтай,сыртынан қарағанда құйған пештей.
Теңеу-затты немесе құбылысты екінші зат құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Әңгімедегі теңеу сөздер:Сабасындай,тымақтай,етектей сақалы,оұтаудай ойнап,ұршықтай ойнап т.б.
Эпитет-заттың,құбылыстың сипатын,сапасынайқындайтын суретті сөз.
Әңгімедегі эпитеттер:Шаңқай түс,найза бойы,тобылғы торы.т.б.
Дисфемизм-әдепті сөзді әдепсіз,дөрекі сөзге айналдырып айту.
Әңгімедегі дисфемизмдер:Қар қатыны,байым өліп,елсізде туғыр т.б.
Көнерген сөздер-қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер.
Әңгімедегі көнерген сөздер:Жабағы,күпі,тоқым, құл,күң,құн,барымта т.б.
IYСабақты бекіту:
Сабақты тест тапсырмалары арқылы бекітемін.
1.Ғ.Мүсірепов шығармаларын ата?
а/ «Саятшы Ораз»
б/ «Ананың анасы»
в/ «Есіл бойында»
2. «Ананың анасы»шығармадағы ананың есімі қалай аталады?
а/ Ақлима
б/Аты аталмаған
в/Майра
3. «Ананың анасы»әңгімесінің кейіпкерін тап?
а/Ақан сері
б/Жалпақ балуан.
в/Ораз
4.Шығармадағы қыздың жасы нешеде?
а/13
б/15
в/18
5.Бала бидің батыры кім?
а/Жалпақ балуан
б/Әйтілес қарт
в/Жанай балуан
6.Ергенекті елінде Жалпақ балуанның қандай құнды дүниесі бар?
а/Анасы
б/Қалыңдығы
в/Әкесі
7:Әңгімеде батылдығымен, ақылымен көзге түскен кім?
а/Ана
б/Молда
в/Кейкі
Y.Сабақты қорытындылау:
Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбына жазылған әңгімелері қазақ әдебиетінің төрінен ойып тұрып орын алды.Оның Аналары қайсар,төзімді,қажыр-қайратымен оқырман қауымды баурап алады.
Иә,Ана деген құдіретті ұғым,құдіретті күші бар сөз,ғасырдан- ғасырға жалғаса беретін сарқылмайтын бұлақ.Сиқырлы да сырлы махаббаттың иесі де,сұлулық атаулының киелісі де –Ана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады.«Кімде-кім ата- анасының ризалығын алған болса, Алла соның өмірін ұзартады» деген сөз де бар.
Ана керек,о,адамдар,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптықта дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
/Төлеген Айбергенов/
Ендеше анамызды құрметтей білейік.
YI.Үйге тапсырма:
1.Әңгімеде кездесетін қазақтың салт-дәстүрін тауып,жазып келу.
2.«Ана махаббаты -киелі күш»тақырыбына ойтолғау жазу.
YII Бағалау:Сабаққа жауап берген оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |