Сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармалардың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби пікір – таластар арқылы оқушының тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, іздемпаздыққа, уәде беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениеттану, қазақ тілі
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру:
- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету
(сыныпты сабаққа әзірлеу);
- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
- Қатемен жұмыс;
Тест алу, жаттау сұрау.
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:
- Өткен сабаққа шолу
- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру
- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.
Қазақ әдебиетінің класигі Ғабит Мүсірепов барлық жанрда шығарма жазған, әрі ол шығармаларынан басы артық сөз таба алмайсыз. Қазақ әдеби тілінің тазалығы үшін тынбай күрескен қайраткер де Ғабит Мүсірепов.
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығының хронологиялық тәртібі
1902 ж 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауыл дүниеге келеді
1908-1910ж ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады.
1916-1918ж Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты бастауыш училищеде оқуын жалғастырады.
1918-1921ж Пресногорьков жоғары бастауыш училищесінде білім алады.
1923-1926ж Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыды.
1927ж Партия қатарына өтеді. Омбы ауыл шаруашылығы академиясында білім алады.
1927-1928ж Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып істейді.
1928-1932ж Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметін атқарады.
1932ж 4 шілдеде Республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген жай жайлы Қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдайды.
1934-1935ж “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметін атқарады.
1945ж “Қазақ батыры” повесі жарық көрді.
1950 ж “Қазақ батыры” повесі өңделіп, толықтырылып, “Қазақ солдаты” романы болып жарияланды.
1972ж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1984ж Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
1985ж 31 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
2002ж 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Сотүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне, Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына есімі беріліп, ескерткіші қойылды.
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.
6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
1.Биыл Ғабит Мүсіреповтің туғанына қанша жыл ?
2.Қай ауданда дүниеге келді?
3.Әкесінің аты кім?
4.Ғ.Мүсіреповтің пьесалары?
5.«Легенда о Темирлане» қазақ тілінде қалай аталады?
6.Ғ.Мүсіреповтің ең жек көретін мінезі?
7.Біздің аудан қай жылдан бері Ғабит Мүсіреповтің атымен аталып келеді?
8.«Новелла» деген не?
9. «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері кім?
10. «Өлімді жеңген ана» новелласының бас кейіпкерлері?
11.Жазушы неше жасында қайтыс болды?
12. «Жапон балладасы» шығармасынында жазушы не туралы айтады?
13.Туған жері?
14.Оның мұражайы қайда?
15.Алғашқы ұстазы кім?
16.Қандай отбасында дүниеге келген?
17. «Ұлпан қандай шығарма?»
18.Өзінің дүниеге келгені жайлы қай әңгімесінде айтады?
19. «Қыз Жібек» драмасынан нені көруге болады?
20.Ғабит Мүсірепов кім?
7. Жаңа сабақты қорытындылау:
Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру.
8. Үй тапсырмасы:
Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
Ғабит Мүсірепов өмірбаяны мен шығармашылығын оқу, өлеңін жаттау.
9. Сабақты бағалау кезеңі:
Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).
10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |