Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы»



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі2,26 Mb.
#46367
түріСабақ
  1   2
Күні: 13.02.2014ж Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;

Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету;

Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.



Зымыран сұрақтар:

1. Ғабит Мүсірепов кім?

2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?

3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

4. Әйтілес кім?

5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?

7. Бала би Жалпақ батырға не деді?

8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?

9. Сауға деген не?

10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?

ІІІ. Жаңа сабақ: Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.



Шығарманың құрылысы:



Басталуы

1. Әңгіме қалай басталады?


Байланысуы

2. Әңгіме қалай байланысады?


Шиеленісуі

3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталады?


Шарықтау шегі

4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?


Шешімі

5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?


Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.

Мәтінмен жұмыс:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет