Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы»



Дата25.12.2016
өлшемі366,93 Kb.
#5068
түріСабақ
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Төменарық ауылы

53 А.Д.Романов атындағы орта мектебінің



қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Жұмабекова Роза Нақышбекқызы

Күні: 13.02.2014ж Сыныбы: 7 «Б»



Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;

Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету;

Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.



Зымыран сұрақтар:

1. Ғабит Мүсірепов кім?

2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?

3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

4. Әйтілес кім?

5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?

7. Бала би Жалпақ батырға не деді?

8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?

9. Сауға деген не?

10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?

ІІІ. Жаңа сабақ: Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.



Шығарманың құрылысы:

Басталуы

1. Әңгіме қалай басталады?


Байланысуы

2. Әңгіме қалай байланысады?


Шиеленісуі

3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталады?


Шарықтау шегі

4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?


Шешімі

5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?


Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.

Мәтінмен жұмыс:



І топ

  1. Портрет дегеніміз не?

  2. Ананың портретін тауып оқы




ІІ топ

  1. Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру




ІІІ топ

  1. Диалог дегеніміз не?

  2. Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу




Әңгімедегі теңеу, эпитет, дисфемизм, көнерген сөздерді табу.

І топ

Әңгімедегі теңеуді табу.

Тұрақты тіркесті табу.




ІІ топ

Әңгімеден эпитетті табу.

Географиялық атауларды ата.




ІІІ топ

Дисфемизм, көнерген сөздерді табу.

Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.




Венн диаграммасы

Аңыздағы ана Ұқсастығы Бүгінгі ана



«Әдебиет үйірмесі»



І топ

Ана туралы мақал – мәтелдер жазу.

ІІ топ

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

ІІІ топ

«Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау) .



Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.

Жүректен – жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.

Үйге тапсырма: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана - жүрек» тақырыбына шығарма жа

Тақырыбы: Ананың әрекеті

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы»шығармасын оқыта отырып, ананың әрекетін айқындау . Шығарма желісіне сүйене отырып, идеясын ашу;

2. Дамытушылық:Оқышылардың шығармашылық біліктілігін арттыру, өз ойын, көз қарасын әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық ой-рісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Анаға деген құрметті арттырып, оның еңбегін бағалауға тәрбиелеу, әділ шешім қабылдауға баулу.

Сабақ түрі. Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, шығармашылық жұмыстары.

Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, ән сабақтары.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, компьютер, проектор, флипчарттар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сынып дайындығына шолу;

ә) Кезекші хабарын алу;

б) Сабақ мақсатымен таныстыру;



ІІ. Үйге берген тапсырманы сұрау:

  • Балалар, үйге Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» деген шығарма берілген болатын. Сол шығармадан шағын көрініс тамашалап, соның желісінде мазмұнына тоқталайық.

а) Көрініс. (Кейіпкерлер: Қыз, Кейкі, Жалпақ балуан,Ана)

-Апатайым-ай, сор айдап әкелді ме?...

- Мен мына қыздың шешесімін. Қызым қазір он бесте. Дәл қызымның жасында өзімде сергелдеңге ұшыраған едім. .. Бәрің де анадан тудыңдар ғой . Анамен алыспайды да, атыспайды да. Менің жалғызымнан нелерің бар еді?...

Кейкі Жалпаққа қарап :



  • Батыр, рұқсат етсең, екеуін екі тайға тең деп алып жүрейік. Қызы қатынға, өзі отынға жарар.

  • -Тәйт, жағың қарысқыр...(Жалпақ Кейкігеқарап) Біз ессез есерлерміз ғой. Көзге түрткенде ғана селт етерміз.Сен көзімнің шымылдырығын аштың . Өз еркің өзіңде тұрғанда, мен де бір адамға ерік берейін, қыз сенікі, желденде еркін өмір сүріңдер!,-дейді анаға қарап.

  • Керей деген ел көрсеңдер, сәлем айт. Жалпақ деген батыр көрсеңдер, сәлем айт, -деп ана қызын алып, шаба жөнеледі.

  • А-а-а не ғыл дейді, не дейді?... Кейкі Батырды қолынан ұстап шығып кетеді.

ә) Сұрақ-рефлекция:

Балалар, осы көріністегі төмендегі сұрақтар бойынша талдайық:



  1. Ананың соңғы сөзіне Жалпақ неге таң қалды?

  2. Жалпақтың осы сапарға шығуына кім себебші болды?

  3. Өлген жылқышы кім еді?

  4. Ананың қызының жасында «Мен де сергелдеңге ұшырадым » деуінің себебі неде?

  5. Осы оқығаны әңгімелеп отырған кім?

  6. Әйтілеске осы оқығаны айтып жеркізген кім?

ІІІ. Бекіту. а) Демек, балалар, негізгі әңгімеден негізгі кейіпкелер мен тасадағы кейіпкерлерді анықтайық.(Ф-1)

Негізгі кейіпкерлер

Тасадағы кейіпкерлер

Ана, Жалпақ батыр, Кейкі, қыз

Әйтілес, жанай, Бала би, жылқышы

Ал енді негізгі кейіпкеріміз Жалпаққа мінездеме берейік.

 Жалпақ


  1. Ер жүрек

  2. Қайырымды

  3. Мейірімді

  4. Әділ

  5. Ақылды

  6. Адамгершілігі мол батыр

ІҮ.Жаңа сабақ.

Эпиграф: «Жәннат ананың аяғының астында»

  1. Мұғалімнің сөзі. Ана асыл жан. Ана десе- толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болмауы мүмкін емес.Па, шіркін, ананың тілі, ананың тілегі - тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?,- деп Б.Бұлқышев көрсеткендей , бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қызының өмірі үшін шарқ ұрып аңыраған ананың әрекері жайлы.

Хадистен алынған мына бір жағдайға назар аударыңыздар:

«Мен Пайғамбардан: Я, Рассуллах, жақсылықты алдымен кімге істеймін?» -деп сұрағаным да, ол:

- «Анаңа», -деді.

- Одан кейін ше?

- Анаңа!

- Ал, одан кейін ше?

- Анаңа!

- Ал, одан кейін ше?

- Әкеңе, әкеңнен кейін жақындық дәрежесіне қарай туысқандарыңа – дейді Әбу Қасым.

Исламда әйел адамның орны ұлық. Өйткені, әйел адам, ең алдымен- Ана. Жаратушысының мейірімінен үміттелген әрбір пенде ананың разылығын алуы керек.

Шығармада «Менің атым - әйел» - дейді. Оның нақты есімі жоқ. Нақты есімі қандай деп ойлайсыңдар? Оның нақты есімі – Ана. Олай болса , Ана атты ұлы сөзге сипаттама берейік. (Ф--3)

Ана

Перзенттің анасы Қамқоршы Тілектес адам

Сабырлы жан Мейірім иесі Ақылды жан

«Ана» деген тақырыпқа қалам тартқан жазушы не дейді?(Оқушылар ізденісі)

Балалар, осы күшті адам жайлы мақал-мәтелдерге көңіл бөлейік. Мен қазақ тілінде мысал келтіремін сендер ағылшын, орыс тіліндегі баламасын табасыңдар.



  1. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.

Лучи солнца теплые, в объятиях матери еще теплее.

Sun,s ray is hot, mother,s hug is hot.

  1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.

Молоко матери сладкое , язык младенца сладок.

Mother,s milk is sweet, child,s language is sweet.

  1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

Мысли матери о ребенке, о мысли ребенка на стороне.

Mother thinks of children, children think about game.

Кітаппен жұмыс.

Балалар, Әйтілемістің әңгімесі бойынша, біз баласы үшін өзін құрбандыққа шалғалы тұрған ананың образын көреміз. Осыны шығармадан тауып оқиық:

(Шығармадан ана әрекетін таптыру, үзінді оқыту).

Баалалар, өздерің оқулықтан анықтағандай, қызының болашағын ойлаған бүгінгі тақырыптағы «Ананың әрекеті» қандай екен?



Ананың әрекеті:

  1. Батырды қуып келуі 3. Ойын орамды жеткізуі

  2. Батырды райынан қайтаруы 4. Бостандық алуы

Шығарма желісінен байқағанымыздай, жазушы ана образы арқылы шығарманың идеясын ашқысы келеді. Демек, шығарманың идеясына сүйенсек:

Идея

Балаға Махаббатты Адамзатқа

Ү. Мұғалім сөзі. («Айтатын бір, шертетін бір сөзім бар») Кешегі жазушыы өмір сүрген ортадағы тілге тиек етілген Ана образы бүгінгі бүгінгі ортада қандай?

Салыстыру

Бүгін

Кеше

Анасын сыйлады сылауы аз

далаға тастамайды күн көріс иесі

баласының әжесі қариялар үйіне апарады

арулап көмеді хабарлау арқылы алады

Ой-ойлау «Анама хат»

 (Хат жаздырып, оқыту)



Ана туралы жырлар

(Мәнерлеп, жатқа өлеңдер оқу)



Мұғалім сөзі.

Балалар, жалпы, Ғ. Мүсірепов өз шығармаларын қазақ даласында болған тарихи шындықтарға сүйене отырып, керемет әйел – ана бейнелерін сомдаған сөз зергері. Оның тарихи кейіпкерлері Бала би, Жалпақ балуан, «Ұлпандағы» Ұлпан, Есеней, Мүсіріп, «Қазақ солдатындағы» Қайырғали Сарталиев, сондай-ақ « Қыз Жібек»операсы, «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты»драмаларындағы пәк бейнелер тек қана өмір шындығынан алынған. Осының ішіндегі әйел – аналардың жарқын образы балаға, адамзатқа деген шексіз махаббаттан туындалған. Жалпы, қолына қалам алған әрбір жазушы, ақын «Ана» тақырыбына тоқталмай өтпеген. Олай болса, бүгінгі сабағымызды мәңгілік тақырып болып қалатын аналардың құрметіне «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»әнімен аяқтайық.



ҮІ.Үйге тапсырма: 1) Шығармадан ананың әрекетін білдіретін үзінділерді жаттау. 2) «Анаға тағзым» тақырыбына шағын шығарма жазу.

ҮІІ.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет