(Ұ) Оқушылармен су тапшылығы бар елдер туралы не білетіні туралы әңгіме жүргізу. Құрғақшылықта өмір сүретін мемлекеттер туралы бейнефильм көрсету.
1 топ
1тәжірибе Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйыңдар. Екеуін салыстырыңдар
Сүт қандай?
Су қандай?
2 тәжірибе Суды иіскеп көріңдер
Судың иісі туралы не айтасыңдар?
2 топ
1тәжірибе екі стаканның біреуіне су, екіншісіне сүт құйыңдар. Олардың ішіне қасық салыңдар. Қайсысындағы қасық көрінеді? Неге?
2 тәжірибе Суды иіскеп көріңдер
Судың иісі туралы не айтасыңдар?
3 топ
1 тәжірибе Кесеге, шыныға, стаканға су құйыңдар. Осы ыдыстағы судың пішініне қараңдар.
Су қандай пішінге ие болды?
Судың пішіні тұрақты бола ма?
Әр топтан оқушылар ортаға шығып өз тәжірибелерін айтады.
Судың жарамдылығы.
Оқушылардың назарын екі стақандағы суға аудару
- Суды сипаттап беріңдерші (мөлдір, түссіз, иіссіз).
-Судың дәмін көріңдер «Ауызсу ретінде қай
стақандағы суды таңдар едіңдер?
Неліктен?»
Қандай су адамдардың пайдалануына жарамды екен?Қорытынды жаса. (Ауызсу үшін тұщы суды пайдаланған дұрыс.)
Ол суды қайдан табуға болады? (Ол өзендерде, кейбір көлдерде, бұлақтарда, құдықтарда болады, сонымен қатар су құбырынан ағатын су да ауызсу үшін жарамды).
Тұзды емес су тұщы су деп аталады.
-Барлықтұщы су ішуге жарамды ма?
Кейбір оқушылар тұщы су көзі ретінде жаңбыр мен шалшық суды атауы да мүмкін. Мұндай су көздерінен ішу өте қауіпті екенін түсіндіру Ауызсу – ішуге жарамды су.
Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу.
Барлық топқа ватман қағазы мен фломастерлер
дайындап қойыңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін
оқушыларға экология туралы балаларға арналғанжурналдар мен газеттердегі мақалалар, суды үнемдеу ережелері немесе керісінше суды ұқыпсыз пайдалануға қатысты көріністер бейнеленген суреттер мен иллюстрациялар беру
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Оқушыларға «Суды үнемдеу керек пе, өздерің суды үнемдеу үшін не істей аласыңдар?» деген сұрақ қойылады.
-Инфрографика деген не?
- Оның сырт көрініс қандай?(Қысқаша мәліметтер жазылған сызба немесе суреттер)
• Берілген ресурстардың ішінен зерттеу жұмысын жүргізуге қажеттілерін таңдайды.
• Суды үнемді қолдану жайлы инфографика жасайды.
• Инфографиканыпостер түрінде рәсімдейді.
Зерттеу жұмысын аяқтаған соң оқушылардан постерлерінтаныстырады. Зерттеу жұмысында оқушылар суды үнемдеу тәсілдерін ұсынатын болады.
-Бұрын үнемдеу сөзін естідіңдер ме?
–Мысалы, керекті затты алу үшін, ойын-сауыққа ақша шығындаудың қажеті жоқ. Міне, бұл үнемдеу деп аталады. Оқушыларға заттарды үстел үстіне пайдалануға ыңғайлы етіп қоюларын сұрау. Мұндай реттіліктің «тиімді» деп аталатынын жеткізу
Бұл тапсырма оқушыларға дереккөз түрлерін анықтап, жұмысқа қажеттілерін таңдай білуге үйретеді.
Ойлан.
Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?»
- Су кімге қажет? (Адамдарға, жануарларға,өсімдіктерге).
- Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады? (2-3 күн).
- Түйе туралы не білесіңдер? (Ол шөлге өте төзімді жануар).Түйе сусыз 7-10 күн бойы өмір сүре алады.
Судың болмауы құм мен тастарға қалай әсер етеді?(Оларға су қажет емес). Оқушылар сусыз өз өлкесінің қандай күйде болатыны жайлы әңгіме құрастырып немесе
бейнелеп сурет салады.
Сен білесің бе?
Суды қандай мақсатта көп қолданасыңдар?»
Олар дене күтімі және үй тазалығы туралы ғана айтса, саяжайда не бақшада көргендері туралы сұрауға болады. Талқылау барысында оқушылар мәдени өсімдіктерді суару үшін көп су пайдаланатыны туралы қорытынды жасай алады.
Мысалы1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалады екен.
Жұмыс дәптері бойынша нұсқаулар
53-жұмыс парағы. «Судың маңызы»
-Су не үшін қажет? Оқушылар суды әртүрлі салада қолдануға қатысты сызбаны толтырады.
Судың қажеттілігі
Филворд. Оқушылар суды үнемдеуге әсер ететін
факторлар жасырылған сөздерді тауып, жасыл түспен
қоршайды. Судың ластануына әсер ететін факторларды қызыл түспен қоршайды. Одан әрі оқушылар
табылған сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрайды.
|