Сабақтың басы
3 минут
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір,таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!
ІІ.Қызығушылықты ояту”
Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату.
Бұл ненің дыбысы?
-Жел дегеніміз не?
Жұмбақ
Бір нәрсе жер мен көктің арасында. Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.Бұл не?
-Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?
-Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
|
Слайд
Желдің дыбысы
https://www.youtube.com/watch?v=8J6EZYsvrqE
|
Сабақ ортасы
3 минут
2 минут
3 минут
10 минут
5 минут
3 минут
5 минут
4 минут
|
(Ұ) «Проблемалық сұрақ»
Мақсаты: ауаның қасиетін сипаттау.
Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы, ауаны көріп тұрсыңдар ма?
Неліктен ауаны көре алмаймыз?
Терең тыныс алып көрейікші. Тыныс алу қыметін атқаратын мүшеміз қалай аталады? Тыныс алу арқылы ауаның қандай қасиетін анықтауға болады?
Адамның дәм сезу мүшесі қалай аталады? Ендеше, ауаны жұту арқылы ауаның қандай қасиетін анықтауға болады?
Алақанымен немесе желпуішпен (дәптер, қол орамал) беттерінді желпіп көріңдер. Не байқалды?
/Ауа түссіз, дәмсіз, белгілі бір көлемі жоқ, кеңістікті толық алып жатады, желпі арқылы ауа қозғалады/
(Ж)Талқылау сұрағы.
Мақсаты: өзара ақпарат алмау арқылы ауаның маңыздылығын анықтау.
Оқушылар жұппен сұрақты талқылайды.
/Ауа өсімдіктерге, жануарларға адамға тыныс алу үшін керек екендігін оқушылар айтуы тиіс. Сондай-ақ кейбір оқушылар жер бетіндегі тіршілік үшін ауа қабатының өте қажет екендігін атауы мүмкін. Ауаның жалпы Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы туралы қорытынды жасаланады . Жұптардың жауаптары қайталанбауын қадағалаңыз/.
(Т) Суретпен жұмыс.
Мақсаты: өсімдіктер мен адамның тыныс алуындағы байланыс пен айырмашылықты анықтау.
Өсімдіктер мен адамдардың тыныс алуын сызба арқылы көрсет. Олардың байланысын анықта. Ауанық құрамын анықта.
/Оқушылар сызба арқылы өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу ерешелігі мен байланысын анықтайды. Ауаның құрамын анықтайды/.
(МК, Ұ)Ауа құрамымен танысу.Зерттеу.
Мақсаты: Ауаның құрамын сипаттау.
1-зерттеу.
Барлық оқушыларға зерттеу қорытындысын жазу үшін кесте таратылып беріледі.
Көлемі үш түрлі қорап алынады. Қорапта пайыздық көрсеткіштер көрсетіліп тұрады. 100%-ауа, оттегі-21%, көмірқышқыл газы-1%.
Үлкен қорап –ауа,
Орташа қорап – оттегі,
Кіші қорап – көмірқышқыл газы екені айтылады.
1-оқушы. Тапсырма. Үлкен қораптың ішіне орташа және кіші қорапты салыныз. Не байқадыңыз?
Ауа қандай газдардан тұрады?
Қорытынды жасаңыз.
/Сұрақтар оқушыға өзіндік қорытынды жасай алмаған жағдайда беріледі/
/Нәтижені оқушылар кестеге жазады/.
Ауаның құрамында оттегі-21%, көмірқышқыл газы-1%, және азот газы-78% бар.
/Өте аз мөлшерде басқа газдар да (неон, гелий, аргон) бар екенін айтып кетуге болады. Олар көмірқышқыл газымен бірге ауаның 1% құрайды/.
(МК, Ұ) «Проблемалық сұрақ»
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Ауа құрамындағы газдар жоғарыда көрсетілген қораптар тәрізді топтанып тұра ма?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.
2- зерттеу.
Мақсаты: сыни ойлауын дамыту арқылы ауаның газдар қоспасы екенін дәлелдеуге, қорытынды шығаруға дағдыландыру.
Оқушыларға шеңбер сызылған А3 форматындағы ақ қағаз, 78 жасыл түсті, 21 көк түсті, 1 қызыл түсті дөңгелектер таратылып беріледі.
Тапсырма: берілген дөңгелектердің түстерін араластырып жапсыр.
Не байқадық? Бұл дөңгелектер нені білдіріп тұр деп ойлайсыңдар?
/жасыл түс –азот, көк түс – оттегі қызыл түс –көмірқышқыл газы/.
Бұл тапсырмадан қандай қорытынды жасауға болады?
/Ауаның газдар қоспасы екенін көруге болады/.
(Ұ) Бейнежазба көрсетіледі.
- Бейнежазба не туралы?
- Бейнежазба сендерге қаншалықты пайдалы болды?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тұжырымдауы бойынша мұғалім ауызша бағалайды (жетістіктері айтылады)/
(МК, Ұ) Зерттеу.
Мақсаты: Ауаның жануды қолдайтын қасиетін анықтау.
Мұғалім алдын ала екі балауыз және шыны ыдыс (стакан) дайындайды.
Дайындалған екі балауызды шырпымен жағады.
Оқушылардан осы бетінде жанып тұра берсе, не болатынын сұралады.
Жанып тұрған балауыздың біреуін шыны ыдыспен жапса, не болуы мүмкін екенін болжауларын сұрайды.
Жауаптарын тыңдап болған, жанып тұрған шырақтың біреуін шыны ыдыспен жабады.
Оқушылардан нені байқағандарын сұрап, қорытынды шығарады.
Неліктен шырақ сөніп қалды?
Шырақтың сөніп қалуына не әсер етті?
Ауаның қандай қасиетін анықтадық?
/Оқушылар тәжірибе бойынша қорытынды шығарады/
(Т)Суреттермен жұмыс.
Мақсаты: ауаның жануды қолдайтын қасиетін анықтау және отты сөндіру тәсілдерін меңгеру.
Әр топқа қандай да бір өрт тұтанып жатқан сюжетті сурет таратып беріледі.
Тапсырма: Өртті сөндіру шарасын ойлап тауып, оны ауаның жануды қолдайтын қасиетімен байланыстыру керек.
-Өртті қалың матамен немесе киіммен жауып сөндіруге болады. Бұл кезде ауаның жолы бөгеледі.
- Өртті құм шашып сөндіруге болады.
- Сумен өшіруге болады.
-Өрт сөндірушілер көбік шашу арқылы өшіреді.
/Оқушылар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады, толықтырулар мен түзетулер енгізіледі/.
Үй тапсырмасы: Ауа құрамы туралы ақпарат бойынша тест құрастыру.
|
Карточкалар
Кестелер
Қораптар
Түрлі –түсті дөңгелектер
А3 форматындағы шеңбер сызылған қағаз
https://www.youtube.com/watch?v=DHQOBvCvbU&list=PLlnxylws3EcdkU8oo966UB7CZr-7oevtWПОЧЕМУЧКА "01. ИЗ ЧЕГО СОСТОИТ ВОЗДУХ?"
шырақ , стақан, шырпы
Дәптермен жұмыс.
суреттер
|