● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.
(балалар суды иіскеп көреді)
ІІ.Судың пішіні бар ма? «Суда пішіні жоқ»
Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)
Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.
ІІІ. Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ»
Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)
Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)
Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.
ІҮ. Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір»
Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)д
Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.
Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқтабиғи ресурс.Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.
Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу.(үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)
Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)
Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.
сазды аспаптар;
«Су *тіршілік көзі» бейнекөрінісі;
Сабақтың соңы
«Бес саусақ» әдісі арқылы сабақты бекіту. Үйге тапсырма. Дананың кілттері 1-топ. «Әліпби» кілті — сөздерді ретімен орналастыр Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады. 2-топ. «Тағы қалай» кілті – суды тағы қалай пайдалануға болады? 3-топ. «Егер де» кілті – егерде су болмаса ... 4-топ. «Жөнсіздік» кілті – ырым-тыйымдар
Сен не білесін және не істей аласын ойынын ойнайық.
1.Су туралы не білесің?
2.Судың адам өмірі мен табиғаттағымаңызы қандай?
3.Суды неге ерекше зат дейміз
Жұмбақтар:
(жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)
1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су)
2. Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады.. (Мұз).
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.
Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады
Зертте.Қандай жерлерде бәсең дыбыстар
қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?cұрақтарына жауап беруге қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз