Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


(Т, Ұ) Анықта. Венн диаграммасы



бет34/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып

(Т, Ұ) Анықта. Венн диаграммасы.

Мақсаты: су қоймаларының айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.

Тапсырма: Берілген Венн диаграммасына су қоймаларының ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.



  • өзен мен көл;

  • көл мен теңіз;

  • мұхит пен теңіз;

  • бұлақ пен өзен;

  • мұхит пен көл;

/Тапсырма топпен орындалады, ұжыммен толықтырылады/.

Бірін-бірі бағалайды.

Дескрипторлар:


  1. Су қоймаларының айырмашылығын анықтайды

  2. Су қоймаларының ұқсастығын анықтайды

/жоғарғы балл -2 балл/

Сәйкестендіру тесті

Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қосу

Ерігенде су мұзға айналады.

Қатқанда су буға айналады.

Буланғанда мұз суға айналады.

. Ой толғаныс:

І топ: Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?

ІІ топ: Судың қандай пайдасы бар?

ІІІ топ: Су-бу-мұз. Осы үшеуін байланыстырып әңгімеле.

10. Суға байланысты ырымдар мен тыйымдар:

Суды босқа төкпе.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Түнде суға барма.

Кірдің суын өзенге төкпе.

11. Суға байланысты мақал-мәтелдер:



  • Сулы жер – нулы жер.

  • Бұлақ көрсең, көзін аш.

  • Өзен бар жерде өмір бар.

12. Миға шабуыл: Ойлан, тап!



Постерлер

Слайд

глобус



Қима қағаздар

Қима қағаздар

слайд

Венн диграммасы




Сабақтың соңы

2 минут


«Блоб» ағашында өзін-өзі бағалайды.

Сабақта маған ......................ұнады/ұнамады

Сабақта маған ...........қызықты / қызықсыз болды

Алдағы уақытта.....................білгім келеді

«Блоб» ағашы

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы




Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру.




Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 2

Пән: Ғылымға кіріспе


Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:




Сабақ тақырыбы
2-бөлімЖануарлар



Су. Ол қандай екен?





Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.4.5 Судың адам өміріндегі маңызды, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру және олардың қызметтерін атау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен танысадыу. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі: су туралы түсінік алады және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы біледі.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже

 Судың табиғатта баға жетпес сый екенін біледі, түсініктерін қалыптастырып дамытады. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттауға үйренеді


Бағалау критерилері

Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат ала отырыпе отырып, суды   қорғауды зерттеу

Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын зерттейді



Тілдік мақсат

Оқушылар «су», «ауа, «табиғаттың маңыздылығы қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.










Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім


Мөлдір денелер және материалдар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстарқағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы


. Ұйымдастыру кезеңі.

Айналаңды қоршаған


Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.

Су туралы жұмбақтар шешу.


1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
2. Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу )


Сабақ ортасы

Су туралы түсіндіру, Жарты шарлар картасымен жұмыс.


Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.

Тәжірибе жасау.


1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су – мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.

Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.



Υ. Дәптермен жұмыс. Топтарға тапсырма. 
1-топ. «Су – тіршілік көзі» эссе жазу 
2-топ. Қазақстанда жауын-шашын ең көп болатын аймақ. Глобуспен жұмыс. Дәлелдеу. 
3-топ. Судың үш күйінің байланысын түсіндіру. 
4-топ. Мұздықтарды көрсету. Картадан тауып көрсету, дәлелдеу. 
(топтар сигналды карталар арқылы бір-бірін бағалайды) 
«Ыстық доп» ойыны. 
1-қадам. Адам тіршілігіне қажетті жағдайларды ата. 
2-қадам. Судың неше күйі бар? 
3-қадам. Судың қасиеттерін ата. 
4-қадам. Адам сусыз неше күнге шыдай алады? 
5-қадам. Жер бетінің неше бөлігін су алып жатыр? 

Топтардың атауында байланыс бар ма? Неліктен? (Табиғаттағы су айналымы). 




Тәжірбелер.

І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет