Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5- БӨЛІМ Табиғат физикасы. Жарық.
Дыбыс. Жылу. Электрлік. Магниттілік
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Электр энергиясының көздері қандай болады?
|
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемелеу)
|
3.5.5.2* Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау
|
Сабақмақсаттары
|
электр энергиясы көздерін анықтау;
маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.
|
Бағалаукритерийлері
|
• Электр тізбегінің қарапайым үлгісін жасайды
|
Тілдікмақсаттар
|
электр энергиясының көздері
|
Құндылықтардыдарыту
|
Оқушылар топпен, жұппен жұмыста бір-бірінің пікірін құрметтеуге, тыңдауға, өз ойын еркін айтуына баулу.
|
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы
|
Электр көздерінің күнделікті өмірде маңыздылығын біледі. Электр көздерін алыну жолдарымен танысады. Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі.
|
Пәнаралықбайланыстар
|
Дүниетану
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Электрді қалай ашатыны жайлы біледі.
|
Сабақбарысы
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтажоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
ОМ таныстыру
Электр энергиясының көздері туралы білетін боласың
|
|
Сабақтың ортасы
|
Кіріспе тапсырма. «Жедел жауап».
Сабақты бүкіл сыныппен жүргізілетін сұхбатпен бастау.
Оның мақсаты 1- және 2-сыныптарда өткен материалдарды қайталау.
-Үйде қандай электр құрылғылары бар? (Үтік, компьютер және т.б.)
-Олардың жұмыс жасауы үшін не қажет? (Электр.)
-Олар іске қосылуы үшін не істеу керек?» (Батарея салу немесе тоққа қосу.)
Электр көздері. Әңгімені оқушыларға жұмыс істемейтін қоңыраулы сағатты көрсетуден бастау.
-Сағаттың қоңырауы не себепті жұмыс істемеуі мүмкін?» (батареясы жоқ немесе ол отырды.)
-Батареялардың қандай түрлері болады? (Саусақтық, шынашақтық.)
-Олар неге бұлай аталған? Неге құрылғыларға батарея орнатады? (Ол энергия көзі болып табылады.)
-Барлық құрылғыларға жұмыс істеу үшін батарея керек пе? Мысалы, теледидар энергиямен қалай қамтамасыз етіледі? (Токқа қосылады).
-Электр розеткаға қалай түседі? (Ол электр стансасынан сымдар арқылы үйге келеді).
-Электр стансаларының қандай түрлері бар? Егер оқушылар жауап беруге қиналса, оларға суретке қарауды ұсыну. Электр энергиясының түрлерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.
Электр энергиясының көздері:
1. Электр стансалары: су электр стансалары, жылу электр стансалары, атом электр стансалары. Олардың ішінде ең қауіпсізі су электр стансасы болып саналады.
2. Күн батареялары. Артықшылығы: қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы. Кемшілігі: қымбатқа түсетіні.
3. Жел генераторлары. Артықшылығы: қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы, арзандығы. Кемшілігі: тек желді күндері жұмыс істейді, шулы.
4. Гальваникалық элементтер: батарея, аккумулятор. Артықшылығы: қолжетімдігі, кез келген жағдайларда қолдану. Кемшілігі: жою қиыншылығы.
Қазақстандағы күн мен жел энергиясын пайдаланудың қолайлы жағдайлары мен болашағы туралы айтып беру.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар электр энергиясының көздерімен танысады және олар тек пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар зиян тигізетінін түсінеді. Экологиялық тұрғыдан таза электр көздерін пайдаланудың маңызын бағалайды. Алдағы уақытта елімізде күн батареялары мен жел генераторларын кеңірек қолданудың қандай мүмкіндіктері барын талқылайды.
Зертте. Оқушыларды қабілеттеріне қарай топтарға бөлу.
Қабілеті жоғары оқушыларды бірінші екі топқа, ал үлгерімі төмен оқушыларды басқа екі топқа бөлу.
Әр топ кішкене шам немесе сымға жалғанған жарықдиодтар (светодиод), лимон, түйреуіш немесе мырыш бұрама шеге алады. Бірінші екі топ онымен қоса, картоп, тұздалған қияр мен алма алады.
Оқушыларға өздерін ғалым ретінде сезініп, өз батареясын ойлап табуды тапсыру. Бірақ олар әлі бала болғандықтан, өз үйінде болатын нәрселерден – көгөністер мен жемістерден жасайды.
Зерттеу жүргізу: Бірінші екі топқа:
• Қыстырғышты сымдардың біреуіне қыстыру.
• Жуан инемен лимонның қабығына тіліктер немесе тесіктер жасау. Сым мен қыстырғышты бір-бірінен алысырақ етіп лимонға кіргізу. Оны лимонның мәйегіне жететіндей етіп тығу керек.
• Тәжірибенің нәтижесін талқылау.
• Басқа көгөністерді пайдалана отырып, тәжірибені қайталау.
-Шам барлық жағдайда бірдей жап-жарық болып жанды ма?
талқылау жұмысына тарту.
• Қандай қиыншылықтарға тап болғанын талқылау.
-Тәжірибе жақсырақ орындалуы үшін нені өзгерту керек? Талқылау. Екінші екі топқа:
• Қыстырғышты сымдардың біреуіне қыстыру.
• Жуан инемен лимонның қабығына тіліктер немесе тесіктер жасау. Сым мен қыстырғышты бір-бірінен алысырақ етіп лимонға кіргізу. Оны лимонның мәйегіне жететіндей етіп тығу керек.
• Тәжірибенің нәтижесін талқылау. Тәжірибені орындағаннан кейін оқушылардың назарын олар жасаған батареяның қуаты тек кішкене шамның жануына ғана жететініне аудару. Ал қолшамның жануы үшін қуатты батарея керек.
-Неге көгөністерден жасалған батареяларды пайдаланбайды? (Энергия аз, көгөністер бұзылады.) Оқушылар зерттеу кезінде қандай қиыншылықтармен кездескенін талқылау. Тәжірибені орындап болғаннан кейін оқушылар батарея электр энергиясын оның құрамына кіретін заттардан өндіретінін түсінеді.
Көзге арналған жаттығулар жасалады.
Сен білесің бе? Оқушыларға ЭКСПО-2017 логотипін көрсету. Олардан бұл оқиға туралы не білетінін сұрау. Көрмеде жаңа техникалық өнертабыстар көрсетілетінін айту. Лодыгиннің шамы мен электр розеткасы осы көрмеде көрсетілгеннен кейін әйгілі болды.
ЭКСПО-2017 ұраны – «Болашақ энергиясы». Қазір ғалымдар адамға және қоршаған ортаға қауіпсіз энергия көздерін ойлап тауып жатыр. Бұл тапсырма оқушыларға Дүниежүзілік көрме қандай мақсатпен өткізілетінін түсінуге мүмкіндік береді.
Қауіпті және қауіпсіз. Оқушылардың энергия көздері туралы түсініктерін кеңейту үшін олар адам мен қоршаған ортаға бірдей қауіпсіз бе, жоқ па деп сұрап, ойлануға мүмкіндік беру. Ол үшін топтарға бөлу. Оқушылар инфографиканың көмегімен қуат көздерінің ең қауіпсізі қайсысы екенін және басқалары қандай қауіп төндіре алатынын көрсетеді.
Ойлан. Оқушылармен бірге батареяларды қарау.
Жарамсыз батареямен не істеу керек? Оқушылар оны қоқысқа тастауды ұсынуы мүмкін. Олардың назарын батареялардың сыртындағы суреттерге аудару ( айқышталып сызылған қоқыс контейнері мен жасыл сызықшалар).
-Бұл белгілер нені білдіреді? Оқушылар жауап бере алмауы мүмкін. Батареяның ішінде қауіпті химиялық заттар барын айтып беру. Егер батареяны жай тастай салса, онда Күн мен жаңбырдың әсерінен металл бүлінеді, алхимиялық заттар топырақ пен жер асты суларына түседі. Сол аумақ уланады. Бір кішкентай батарея топырақты уландырып, бірнеше ағаштар мен мыңдаған тірі ағзаларды жоя алады. Сондықтан батареяны жай тастай салуға болмайды.
Жұмыс дәптері. 110-жұмыс парағы.
-Электр энергиясын қалай алады? Электр энергиясын неден алады? Бұл тапсырма оқушылардың электр энергиясы көздерінің сан алуандығын және энергияның түрлерін электр энергиясына айналдыру тәсілдерін түсінуіне бағытталған. Тапсырмада бірінші бағандағы суреттерді екінші бағандағы сөздермен жалғау керек.
Жауап: Батарея – химиялық үдерістер энергиясы
Су электр станциясы – су ағынының энергиясы
Күн батареясы – Күн энергиясы
Жел генераторы – жел энергиясы
111-жұмыс парағы. «Электр көздері» Сөйлемдерді аяқта.
Бұл тапсырма оқушылардың электр көздері жайлы білімін бекітуге бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді аяқтайды.
Жауап: Электр көздері батареялар, күн батареялары, электр стансалары, жел генераторлары болып табылады. Электр көздері энергияның басқа түрлерінен электр өндіру үшін қажет.
Ең қауіпсіз электр көздері: күн батареялары және жел генераторлары. Болашақтағы қаланы жасап көр. Оқушылар суреттерге қарап, балама энергия көздерінің қандай жерлерде орналасуы тиіс екенін анықтайды және өздері қалаған орындарға олардың суретін салады.
Жауап:Су электр стансасы – өзенде, жел генераторы – қаладан тыс бос кеңістікте, күн батареялары – үй шатырларында.
Дифференциация. Қосымша тапсырмалар.
Сабаққа ынтасы жоғары оқушыларға сыныптастарына күн батареялары туралы қысқаша мәлімет жасауды тапсыру.
ҚБ тапсырамсын орындату.
Тапсырма. Электр энергиясы көздерін белгіле ().
|