Өзгерістер
Ғаламтордан немесе суреттер арқылы ғаламшарымыздағы табиғаты ерекше көркем жерлерді көрсету. Табиғатты сипаттау. Суреттердегідей әдемі жерлерде болған оқушыларға алған әсерлерін айтып беруге мүмкіндік беру.
Жиектемедегі сөздерге оқушылардың назарын аударып, олар нені білдіретінін сұрау.
Батпақтану,құрғақшылық,су тасқыны деген құбылыстар туралы не білесіңдер?
Бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін?
Оқушылардың ойларын тыңдау.
Сызба. Жұмбақсызба. Топтық жұмыс.
Жетелеуші сұрақтар:
Көрсетілген жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?
Кестедегі бағыттамалар нені білдіреді деп ойлайсың?
Бұл қандай жағдайда орын алуы мүмкін?
Олар бағыттама көрсеткен жерді мекен ете ала ма?
Егер жануарлар тіршілік ету ортасын өзгертсе, қандай өзгерістер болады?
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен «Түртіп алу» стратегиясы бойынша танысу. Түсініксіз ақпараттармен жұмыс жасау. Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ дайындау. Бір-бірінің сұрақтарына жауап беру.
Зертте. Жануарлардың тіршілік ортасының жағдайы өзгерсе, не болуы мүмкін?
Кесте толтыру. Топтық жұмыс
Алдын-ала ақпарат көздерін, ресурстар дайындау.
Топпен таныс жануарлар тізімін жасау, мекен ету ортасын жазу, тіршілік ортасының өзгеру себептері мен салдарын кестеге толтыру.
жануар
|
Тіршілік ортасы
|
Тіршілік ортасының өзгеру себептері
|
Жануар тіршілігіндегі өзгеріс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыстарды қорғау. Нәтижелерді талқылап, қорытынды шығару.
Ойлан
Жер бетінде бунақденелілердің неліктен көп екендігін айқындау.
Жануарлар тобын еске түсіру.
Жануарлардың қандай топтары бар?
Оларға мысал келтір.
Бунақденелілерді ерекшелеп сызу. Жануарлардың ішінде ең көп тараған бунақденелілер екенін айту.
Бунақденелілер неліктен көп деп ойлайсың?
жануарлар
Оқушылардың болжамын тыңдау, жануарлар саны туралы қосымша ақпарат беру.
Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 28-жұмыс парағы (30-б.)
|
табиғи апаттар суреті
энциклопедиякітап
кесте
ватман
маркер
сызба
|