Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


Топтық жұмыс. «Жигсо» әдісі



бет8/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып

Топтық жұмыс. «Жигсо» әдісіМәтінмен жұмыс.
І топ Су өсімдіктері

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.


Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.
Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды. Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты, тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктері деп атайды.

ІІ топ Ылғал сүйгіш өсімдіктері

Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н. Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.
ІІІ топ Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.


Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Үйге тапсырма: Ылғал сүйгіш өсімдіктер туралы мәлімет жазып келу,суретін салу.





Сабақтың соңы

5 минут


«Ыстық орындық » әдісі бойынша тақырыпты қорытындылау.
«Бағдаршам » арқылы бағалау

Жақсы түсіндім десе – жасыл түсті көтереді.

Орта түсіндім десе – сары түсті көтереді.

Түсінбедім десе – қызыл түсті көтереді





Әзірленген үлгілер

Дифференциацияоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы




Дифференциация:топтық жұмыс беру арқылы


«Ыстық орындық» әдісі әр топтан 1 оқушы шығу.

«Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау




Өсімдіктің денсаулыққа пайдасы

Қауіпсіздік ережелері




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3


Жанды табиғат. Өсімдіктер

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:


Күні:



Тақырыбы:

Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады?

Оқу мақсаты:

3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау;

Сабақтың

мақсаты:


Оқушылар:өсімдіктердіқорғаужолдарыментанысады;

сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтайды.




Бағалау критерийі

Қызыл кітаптың пайда болу себебін біледі, парақтарының түсін сәйкестендіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:өсімдіктерді қорғау тақырыбында проблемалық сұрақтарға ойлы жауаптар айтады;

ой, пікірлерін жазбаша жеткізеді.




Пәндік терминология мен тірек сөздер:

сирек кездесетін өсімдіктер, жойылып бара жатқан өсімдіктер, Қазақстанның Қызыл кітабы


Құндылықтар

табиғатқа жанашырлықпен, қамқорлықпен қарау

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары



бейнематериал, презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктерді қорғау шараларын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

0-3


Ұйымдастыру.

Қазақстанның керемет табиғаты жайлы бейнефильм көру.

Проблемалық сұрақ қою.


  • Енді бір сәт жер бетінде өсімдік жоғалып кетті дейік, жер бетін өсімдіксіз елестетіп көрейікші.

Оқушылардың ойын тыңдап болған соң сұрақ қою.

  • Өсімдіктер неге азаяды немесе мүлдем жойылып кетеді деп ойлайсың?

  • Өсімдіктер азайып немесе мүлдем жойылып кетпес үшін не істеуге болады?

Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

https://www.youtube.com/watch?v=zYVYxzKE4gc

Сабақтың ортасы



3-6

6-9

9-24

24-29
29-34

34-35
35-38


  1. Оқушыларды Негеш пен Эврика дайындаған өсімдіктер туралы хабарламамен таныстыру.

  • Қандай ақпарат алдың?

  • Бұл өсімдіктерге не ортақ?

  1. Ойлан!

«Еркін жазу» стратегиясы бойынша оқушылар жеке параққа жазылым орындау.

Өсімдік әлемін қорғау үшін адам .....................

Жазылымды аяқтаған соң оқушылардың қалаулары бойынша жазбаларын оқиды.



Топтық жұмыс.
1. топ. Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде
2. топ. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?
3. топ. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?
Бекіту.
І топ «Табиғатты аялайық» шығармашылық жұмыс
ІІ топ « Жасыл ел» сурет салу, қорғау
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
- Ластауға болмайды.
- Табиғатты тиімді пайдалану керек!
Бір тал ексең, он тал ек.
ІІІ топ «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Пайдалы және улы өсімдіктер, маңызы. Ізденіс жұмыстары бойынша әңгімелеу.

Қызыл кітаптың беттері әр түсті болатынын айту. Оқушыларды түстер(қара, қызыл, сары, ақ, жасыл) бойынша 5 топқа бөлу. Әр топқа өз түстеріне сәйкес парақ беру. Қызыл кітаптың парағы неліктен мұндай болуы мүмкін немесе берілген түстегі парақта қандай өсімдіктер болуы мүмкін деген сұраққа топ мүшелері ақылдасып, өз ойларын жазу және қорғау. Оқушылар жауаптары тыңдалған соң бейнематериал көрсетіліп, олардың жауаптары қаншалықты дұрыс екендігін тексеру.



  1. Қызыл кітап жайлы бейнематериал

  2. Табиғаттың шағым кітабы.

Жұппен оқулықтағы екі өсімдіктің шағымымен танысу. Жұпта әр оқушы бір өсімдікті таңдап алып, сол өсімдіктің шағымына жауап жазу. Жауаптарын бір-бірімен алмасып оқу.

  1. Сен білесің бе?

Оқушыларды Қызыл кітап туралы ақпаратпен таныстыру. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелгендігі жайлы айту.

  1. Бағалау сұрақтары:

«5 сұрақ, 5 жауап». Оқушыларға 5 сұрақ жазылған парақша ұсынылады, олар жауаптарын жазады. Жауаптарын дайын үлгі бойынша тексеріп, сәйкестіктерге қарай өзін-өзі бағалайды.


  1. Қызыл кітаптың мақсаты не?

  2. Қызыл түс ненің белгісі?

  3. Қызыл кітап неліктен қайта басылып шығарылады?

  4. Қызыл кітап адамдарды қандай болуға шақырады?

  5. Өсімдіктермен қалай дос болуға болады?

  1. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 18, 19-жұмыс парағы (20, 21 б.)

кесте

Қызыл кітап суреті

түсті қағаздар

маркер


https://www.youtube.com/watch?v=gQYksMUgm2Q

сұрақтар парағы




Сабақтың соңы
38-40

Оқушыларға «Бағдаршам» әдісі бойынша рефлексия жасату.

«Қызыл түс»- сабақ қиын, түсініксіз болды.

«Сары түс»- сабақ түсінікті, бірақ бәрі емес, шамалы қиындықтар бар.

«Жасыл түс» - сабақ түсінікті және қызықты болды.

Үйге тапсырма: топтық жұмыс «Өсімдікті қорғау жолдары» тақырыбында кластер құрастыру


Бағдаршам суреті



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Сирек кездесетін өсімдіктер туралы шағын кітапша жасау.

«5 сұрақ, 5 жауап» әдісі бойынша білімдерін бағалау


Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет