Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет4/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып





Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия:

Ойын. Табиғаттан нені үйрендім?

- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)

- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)

- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)

- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)

- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)

- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)

- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.

Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау.



Әзірленген үлгілер

Дифференциацияоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы




Дифференциация:

Өзінің күніне қаншалықты су пайдаланатынын бақылау, су шығынын қалай азайта алатынын дәлелдеу



Топтық, зерттеу жұмыс барысындағы бақылау арқылы бағалау.

«Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау





Судың денсаулыққа пайдасы

Қауіпсіздік ережелері












Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдік тіршілігіне судың әсері

Осысабақта

қолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсіл­ дерін сипаттау;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады


Сабақтың мақсаты

  1. Оқушылар өсімдікке қалай күтім жасау керек­ тігін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған ар­ налған арнайы құралдармен танысады.

Оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін үйренеді.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Өсімдік өмірін анықтайды;

  • Табиғаттағы өсімдіктің маңыздылығын түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар «өсімдік», «өсімдік өмірі», «өсімдіктің маңыздылығы» сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.

Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Оқушылар өсімдіктің өмірі мен және қызметін атап, көрсете біледі (табиғат, топтары, тірі өсімдік, түрлері, т.б.) және табиғаттағы өсімдіктерді ролі, өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Жыл мезгілі

Сырттағы күн райын бақыла.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жыл мезгілін ажыратуға

болатын үш белгіні ата.

Өсімдіктерге назар аудар!

Бір ағаштың оқиғасы

Суретке қара. Нені байқадың?

Жыл мезгіліне байланысты

алма ағашында қандай

өзгеріс

болады? Алма ағашының



басынан кешкен оқиғасы жайлы әңгіме құрастыру
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасауды ұсыныңыз. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын

неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимыл­ дың нені білдіретінін түсіндірулері керек.


Құрал-саймандармен таныс бол. Оқушылар­ дың назарын оқулықтағы құрал-саймандардың суретіне­ аударыңыз­. Олардан суреттердегі­ құрал-саймандарды­ анықтап,­ осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін­ айтқызыңыз және сол қимылдарды жасап көрсетулерін­ сұраңыз.
Күтім жасау. Мынадай сұрақтарды қойыңыз: “Өсімдік­ өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?” Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударыңыз. Бала не істеп жүр? Егер өсімдікті суармаса, оған не болады? (Солып қалады.) Тыңайтқыштар не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы қоректік заттар жойылады, сон­ дықтан оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет.) Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға ауа жақсы жетеді.)



Сабақтың ортасы




(Т) Балалар, «Өсімдік» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

«Өсімдік» тақырыбына бес жолды өлең құрау
1.Өсімдік
2.Әдемі, әсем
3.Өседі, қуантады, қоректенеді
4.Өсімдік – адамға тіршілік береді.
5.Гүл немесе ағаш т.б.

Топпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс



I – топ.

Өсімдік барлық жерде өседі. Олардың түрінің көптігі сондай, санап тауыса алмайсың. Біздің елімізде өсімдіктің алты мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі жағдайда: ыстық шөлде, тау беткейінде, ылғалды жерде және суда өседі.



Сұрақ парақтары:

1. Өсімдіктер қай жерлерде өседі?

2. Елімізде өсімдіктердің неше түрі бар?

II – топ.

Өсімдіктердің бір-бірінен тұқымы, сабағы, гүлі, жемісі жағынан айырмашылығы болады. Ағаштың көптеген түрі бар. Қазақстанда емен, терек, үйеңкі, қайың, көктерек, шетен, қарағаш және басқалары өседі. Орманда, тауда, жыраларда итмұрын, шырғанақ, бөртегүл, таңқурай, қарақат сияқты бұталар өседі. Бұтаның ағаштан айырмасы – діңі біреу ғана емес, тамырынан бірнешеуі тарамдалып шығады. Бастапқыда бұта кішкене ағашқа ұқсайды. Ал үшінші жылы түбінен жаңа діңшелер өсіп шығады да, үлкен жайылған бұта құрайды. Сұрақ парақтары:



1.Елімізде қандай ағаш түрлері бар?

2. Қандай бұтақтар бар?

III – топ.

Шөптектес өсімдіктердің биіктігі әртүрлі болып келеді. Кейбір шөптің биіктігі қолайлы жағдайда өссе, 2 метрден асады. Шөп сабағы түрліше – тік, оралған, жерге төселген болып келеді. Бидайық арамшөбі бақта, алаңқайда, орман шетінде, шалғында, далада өседі. Оның топырақ астындағы тамыры ұзын, тармақты, әр бүршігінен жаңа өскін шығады.



Сұрақ парақтары:

1. Шөптектес өсімдіктердің биіктігі қандай болады?

2. Бидайық өсімдігі қайда өседі?

IV – топ.

Өсімдіктер құрлықта ғана емес, суда да өседі. Өзен, көл, теңіз, мұхитта балдыртіршілік етеді. Олардың көлемдері және формалары әртүрлі болады. Балдырмен су жануарлары қоректенеді. Балдыр суға толық батып тұрады, сондықтан суды қанша қажет болса, сонша бойына тартады. Судың түбіне бекіну үшін төменгі жағында бірнеше жіпше болады. Кейбір балдырдың жіпшесі болмайды. Олар суда жүзіп жүреді.



Сұрақ парақтары:

1. Өсімдіктер құрлықтан басқа қай жерлерде өседі?

2. Балдырмен нелер қоректенеді?

Дәптермен жұмыс Бір өсімдіктің суретін салу

Сергіту сәті

Сен білесің бе?
Ағаштардың тіршілік ету ұзақтығы: Ағаш текті өсімдіктердің биіктігі
• Шырша 500жыл, 30-35м
• Емен 2000жыл, 40м
• Қарағай 350жыл, 36м
• Балқарағай 850жыл,
• Қайың 150жыл, 20м
• Шегіршін 400 жыл, 40м
• Шетен ағашы 80жыл,
• Көктерек 100жыл. Жөке 35м

Пікірталас
1. Өсімдіктердің көптүрлі болып өсу себептері неде?
2. Адамдар өсімдік әлемін сақтап қалу үшін қандай шаралар қолданады?
3. Өсімдіктерден адамдарға қандай зиян келеді?

4.Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?

• Оқушылар «менің ойымша», «мен сенімдімін» деген сияқты сөйлемдермен бастап ойларын айтады.
Оқушының жауабы
• Өсімдіктердің көптүрлілігі алуан түрлі ортада, әр түрлі жағдайларда тіршілік етуге бейімделуіне байланысты.
• Адамдар өсімдік әлемін сақтап қалу үшін жасыл желектерді отырғызып, орман шаруашылығына бақылауды күшейтіп, осы салаға жауапты мамандарды дайындайды, құрып кету қауіпі төнген өсімдіктерді Қызыл кітапқа енгізеді.
• Өсімдіктерден адамдарға зиян келетін себептері: орман өрті, улы өсімдіктерді абайсыз пайдалану, арам шөптің шамадан тыс көбеюіне байланысты ауруға шалдығу.

Ауаны ылғлдандырады, желден қорғайды. Ыстықты қайтарып, суықты бәсеңдетеді.Қарды тоқтатады.


жеке бөліктерінің суреттері мен олардың аттары жазылған кесте;




Сабақтың соңы


Сабақты қорыту:

Зерттейік

Бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керек?



Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолда­­ нылатын құралдардың атауларын біледі.

Бау-бақша құрал-саймандары

Оқушылар құралдарды атауы тиіс. Бұл үшін олар сөздердегі әріптердің орындарын сөз шығатындай етіп ауыстырулары керек. Міндетті түрде әр құрал­ дың не үшін керектігін сұраңыз. Оқушылардың берген­ жауаптарын толықтыру үшін құралдарды қолдануды­ сұраңыз. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты­ түсінгендерін байқау үшін керек.



Жауабы

Күрек, тырма, қайшы, сусепкіш.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға жеке көмек пен қолдау көрсету.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу. Белсенді тақтаны тек 3 минут қолдануды жоспарлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет