Жаңа сабақ:
Оқушыларға өсімдіктердің жапырақтары, бұтақтары таратылады.
Тапсырма: Өсімдіктің бұтағын,немесе жапырағын сындырып көрсе, не болады?
Қорытынды:
Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады. Кез -келген өсімдіктің жапырағының, сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады. Бұл өсімдік бойындағы су. Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады. минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.
Сумен бірге өсімдік көмірқышқыл газын сіңіредіАуаны тазартып,оттегі шығарады.
Әр топқа тапсырмалар беріліп, топта талқыланады.
1 топ- Жапырақтың сыртқы құрылысы
2 топ- Жапырақтардың орналасуы
3 топ – Жапырақтың тіршілік ету мерзімі
4 топ – Жапырақтың түрлері
ФБ: (топтық тапсырма) ең жақсы баяндамашыны жұдырық және алақан арқылы бағалаймыз.
Оқушылардың басым бөлігі: Сурет арқылы мағынаны ашу.
Бұл қандай ағаштың жапырақтары
(Ұ) Оқушыларға өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін бейнелейтін суреттер жинағын көрсету.
.
(Т) Топтарға бірігіп, өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін талқылап, өз болжамдарын қорғау үшін дәлелдер келтіруді ұсыну. Бұл үшін әр топ бақылау жоспарын құрады (оқушылар өсімдіктердің бейнесі бар фото, энциклопедияларды, т.б. пайдаланады).
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Фотосинтез бен тыныс алуды неліктен бір-бірінен қарама-қарсы процесс. Фотосинтез кезінде:
1.Көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады.
2.Нәтижесінде органикалық зат түзіліп, судың ыдырауынан оттегі бос күйінде бөлінеді.
3.Жарық энергиясы сіңіріледі.
4.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында жүреді.
5. Тек жарықта ғана жүреді.
6.Өсімдіктің салмағы артады.
Тыныс алу кезінде:
1. Органикалық зат пен оттегін пайдаланады.
2.Органикалық зат ыдырап,көмірқышқыл газы мен су бөлінеді.
3.Органикалық заттың энергиясы босап шығады.
4.Барлық тірі жасушаларда жүреді.
5.Күндіз де, түнде де ұдайы болады.
6. Өсімдіктің салмағы кемиді.
Кестені толтыру:
Білемін
|
Білгім келеді?
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
| |