Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет3/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып
0008f1da-8fb62037, 0008f1da-8fb62037, жаратылыстану кмж 3 сынып, жаратылыстану кмж 3 сынып




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Тірі табиғат. Өсімдіктер. Жануарлар.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері

Осысабақта

қолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өсімдіктер туралы айта алады.

  • Өсімдік түрлерін ажыратуды біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Оқушылар өсімдік жапырақтарының оттекті бөлуі туралы біледі

Кейбір оқушылар:

  • Күн сәулесінің әсерінен өсімдік жапырақтарының қандай өзгерістерге түсетінін талқылай алады.




Бағалау критерийлері



Өсімдіктердің адам өміріне маңызды екенін біледі және түсіндіре алады.

Өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін біледі



Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттегіні бөлуін түсіндіріп айта алады.

Оқушылар «өсімдік», «өсімдік өмірі», «өсімдіктің маңыздылығы» сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.


Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік тәрбие беру.

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,математика

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар өсімдіктің өмірі мен және қызметін атап, көрсете біледі (табиғат, топтары, тірі өсімдік, түрлері, т.б.) және табиғаттағы өсімдіктерді ролі, өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы-5мин


Ұйымдастыру кезеңі

«Артық сөзді тап»

А) Емен, қоңыраугүл, қарағай,қайың

В) Шырша,сабақ,тамыр,дің,жеміс

С) Күрек,тырма, суқұйғыш, телефон

Неліктен бұл сөздер артық деп ойлайсыңдар?



Олардың барлығын не байланыстырады?

Ендеше ғылымға кіріспе сабағында қандай тақырыппен танысады екенбіз? Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Өсімдіктер

Мына сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар,бүгінгі сабақтың мақсатын ашамыз.

56123, 452875, 1364288, 401245, 1099923, 102,8, 954, 110231 2135056

8 102 954 56123 110231 401245 452 875 1099923 1364288 2135056

Ф О Т О С И Н Т Е З
Сонымен біз бүгін фотосинтез деген ұғыммен танысамыз?

Мақсаты:Өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттегіні бөлуін түсіндіру




презентация

Сабақ ортасы


Жаңа сабақ:

Оқушыларға өсімдіктердің жапырақтары, бұтақтары таратылады.

Тапсырма: Өсімдіктің бұтағын,немесе жапырағын сындырып көрсе, не болады?

Қорытынды:

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады. Кез -келген өсімдіктің жапырағының, сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады. Бұл өсімдік бойындағы су. Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады. минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.
Сумен бірге өсімдік көмірқышқыл газын сіңіредіАуаны тазартып,оттегі шығарады.

Әр топқа тапсырмалар беріліп, топта талқыланады.

1 топ- Жапырақтың сыртқы құрылысы

2 топ- Жапырақтардың орналасуы

3 топ – Жапырақтың тіршілік ету мерзімі

4 топ – Жапырақтың түрлері 



ФБ: (топтық тапсырма) ең жақсы баяндамашыны жұдырық және алақан арқылы бағалаймыз. 
Оқушылардың басым бөлігі: Сурет арқылы мағынаны ашу.

Бұл қандай ағаштың жапырақтары


 

(Ұ) Оқушыларға өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін бейнелейтін суреттер жинағын көрсету.



.


(Т) Топтарға бірігіп, өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін талқылап, өз болжамдарын қорғау үшін дәлелдер келтіруді ұсыну. Бұл үшін әр топ бақылау жоспарын құрады (оқушылар өсімдіктердің бейнесі бар фото, энциклопедияларды, т.б. пайдаланады).

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Фотосинтез бен тыныс алуды неліктен бір-бірінен қарама-қарсы процесс. Фотосинтез кезінде:

1.Көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады.

2.Нәтижесінде органикалық зат түзіліп, судың ыдырауынан оттегі бос күйінде бөлінеді.

3.Жарық энергиясы сіңіріледі.

4.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында жүреді.

5. Тек жарықта ғана жүреді.

6.Өсімдіктің салмағы артады.


Тыныс алу кезінде:

1. Органикалық зат пен оттегін пайдаланады.

2.Органикалық зат ыдырап,көмірқышқыл газы мен су бөлінеді.

3.Органикалық заттың энергиясы босап шығады.

4.Барлық тірі жасушаларда жүреді.

5.Күндіз де, түнде де ұдайы болады.

6. Өсімдіктің салмағы кемиді.
Кестені толтыру:


Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет