Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»



Дата30.12.2021
өлшемі20,34 Kb.
#106712
түріСабақ
Байланысты:
Сабақтың тақырыбы


Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»
Сабақтың мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Қажетті құралдар: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі.

Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.

Сабақтың барысы:

-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.

- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

- Зымыран.

-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.

Тәрбиеші: Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?

Балалар:Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді.

Тәрбиеші: Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: «1-10 дейін тура сана».

Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. Ұшу үшін біздер кері 10 -1 дейін санайық. Кеттік!Көзімізді жұмамыз. (музыка ойналады)

Тәрбиеші: Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.

Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.



  1. Күн: Қазір жылдың қай мезгілі?(Көктем)

  2. Жер: Көктем мезгілінде неше ай бар? (3)

  3. Ай: бір аптада неше күн бар? (7)

  4. Шолпан: кемпірқосақта неше түс бар? (7)

  5. Марс: бағдаршамда неше көз бар? (3)

  6. Сатурн: Адамда қанша көз бар?( 2)

  7. Нептун: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

  8. Плутон: аспанда неше күн бар? (1)

  9. Уран: адамда қанша саусақ бар? (10)

-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек.

Құрастыру жұмысы болады. Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.

Тәрбиеші: - Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?

Балалар: - 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.

Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымызды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. (музыка ойналады). Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік.

Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады.

Балалар сіздер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап ,жаттығу жұмысын жасап көрелік.

Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.

Үйрек аузын ашады Га-Га-Га.

Қанаттарын қағады.

Бәр отырып,бір тұрып,

Билеп - билеп алады.

Күшімізді жинап келдік,қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.

Бізге арнап жатпланеталықтар іздері келесі тапсырманы беріп отыр.

1- тапсырма: Үйректе неше аяқ бар? (2)

2- тапсырма: Сиырда мүйіз нешеу?(2)

3 тапсырма: Жылқының көзі нешеу?(2)


  1. тапсырма: Қазда неше аяқ бар? (2)

Балалар, өте жақсы сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздер ғайып болып кетті ғой.

Дидактикалық ойын «Жатпланеталықтардың айырмашылығын ажырату».

Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады)

Тәрбиеші: - Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет.



Балаларды мадақтау, бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет