Бізді қоршаған орта
Бүгінгі күні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны аялау, және оны қорғау қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен келешегі үшін маңызы орасан зор. Қоршаған ортаны сақтау үшін өндіріс орындарында жоғары сапалы тазартқыш қондырғылар орнатылу керек. Суды үнемді, тиімді пайдалану керек және су көздерін сақтау керек. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Өсімдіктер, соның ішінде, орман – орны толмас табиғат байлықтарының бірі.Оларды да тиімді пайдалану қажет. Адамдар жануарлар әлеміне де көп көңіл бөлуге тиіс. Табиғтсыз өмір жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатқа жасаған зиян- өзімізге жасаған қастандық. Мысалы, 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты- саны азайып бара жатқан, аң құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып , арнайы кітапқа тіркеу.Бұл кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Оның қызыл және сары парақтары болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, ал, сары парағына азайып бара жатқан аң, құстар, өсімдіктер тіркеледі.
Сабақты бекіту
Суретке қарап отырып:
А деңгей. Берілген құбылысты анықтаңыздар
В деңгей. Суреттегі берілген құбылысқа байланысты сұрақ қойыңыздар
С деңгей. Зерттеу сұрағына болжам жасаңыздар
«Табиғат деген не? » туралы білімдерін тексеру
Табиғаттың ерекшеліктері қандай?
Қоршаған ортаны қалай қабылдаймыз?
Табиғаттағы негізгі әрекеттерді ата?
Осы аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып жұмыс атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |