Сабақтың тақырыбы Физикалық өлшемдер Түрі, типі Ізденіс, сарамандық сабақ



Дата01.04.2017
өлшемі44,88 Kb.
түріСабақ
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі

5-сынып

География пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі: Берденова М.Т

Сабақтың тақырыбы

Физикалық өлшемдер

Түрі, типі

Ізденіс, сарамандық сабақ

Сілтеме

Бағдарлама, интернет ресурстары, оқулық

Жалпы мақсаты

Физикалық шамаларды анықтау, және оны анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеуге үйрету.

Оқыту нәтижелері

Тақырыпты топпен жасау арқылы меңгереді, тіл байлықтары дамиды. Картамен жұмыс жасап үйренеді.

Сабақтың негізгі идеясы

«Су» деген сөзге ассоциация құрады. ЖИГСО 1-2 әдісі арқылы мәтінді талдайды, «Синквейн» әдісі , венн диаграммасы арқылы жаңа сабақта топтық тапсырмалар беріліп, өздерінің атқарған жұмыстарына жауапкершілікпен өзара қарауларына ықпал ету

Сабақтың көрнекілігі

Интернет қорлары, бағдарлама, слайдтар

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, бағалау парағын тарату, сабаққа психологиялық ахуал орнату, оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастыру.

«Көбелек ойыны»

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алады,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.

Мақсаты: эмоциялық күйзелітер түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.

Оқушылардың қызыл, жасыл, сары түрлі-түсті қағаз қиындыларын тарату арқылы топқа бөлу. Әр топ өздеріне ат қояды және таныстырады. Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Топ басшысы сайланады. Өзін-өзі бағалау әдісі бойынша тапсырмаға өз тобы және мұғалім формативті баға береді. Сабақтың соңында жиынтық ортақ баға қойылады.оқушыларға бағалау парақтары таратылады.



Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын әзірлеу, түрлі-түсті қағаздар бойынша топқа бөлініп отыру. Оқушылардың белсендігі артады.

2 мин

Үй тапсырмасы

1-тапсырмаға: «Миға шабуыл»

Оқушылар топпен бірге «Физикалық дене» тақырыбында сызба толтырады.



Оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексереді, бағалайды

Үй тапсырмасы бағанында өздерін бағалайды. Миға шабуыл әдісі арқылы өткен материалды еске түсіреді, қорытындылайды.

3мин

Қызығушылықты ояту

«Зат» деген сөзге ассоциация құру туралы бағыт береді. 2-тапсырма: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдана отырып, «Физикалық өлшемдер» деген презентацияны көрсету арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.Оқушылар презентацияны көре отырып, ондағы басты тақырып физикалық өлшемдер тақырыбы екенің айтады. Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушы мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сынып болып құнды пікірлерді ортаға салады, талқылайды.Оқушылар жаңа тақырыпты ашу үшін сыни тұрғыдан ойланады. Топтық барысында дарынды оқушы белсенділік танытады.


2 мин


Мағынаны ажырату кезеңі

ЖИГСО стартегиясын қолдана отырып, оқушыларға 3 түрлі мәтін таратылады. Топтағы талантты және дарынды оқушылар немесе топ басшысы топ мүшелеріне мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

Мәтінді оқып танысады, негізін табуға тырысады, ЖИГСО әдісі бойынша бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.Бірін-бірі оқытады, бірлесіп ойланады, талдайды, ортақ шешімге келеді.

20 мин

Ой-толғаныс кезеңі

«Физикалық шамалар» тақырыбына топ болып бірлесе отырып постер әзірлейды. Топта барлық оқушы белсенділік танытып, тапсырманы жақсы орындуға ат салысады.

Қандайда болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.Постер құрастырады.

5мин

Қорытындылау

Стикерлер арқылы кері байланыс жасау


Алған білімдерін нақты бағалау. Параққа критерийлер бойынша ойларын жазу.

6 мин

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады. Суммативті бағаны қояды.

Бағалау өзара топтар,бірін-бірі және мұғалім тарапынан формативтік бағалау мен жиынтық бағалау арқылы жүргізіледі.

5мин

Үйге тапсырма

«Физикалық шамалар» тақырыбында презентация әзірлеу.

Оқушылар күнделіктеріне берілген тапсырманы жазып алады

2 мин

Каталог: materialy -> geograph
geograph -> Сабақтың тақырыбы
geograph -> 1. Жазық деген не? Ол нешеге бөлінеді? Абсалюттік биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
geograph -> Сабақтың тақырыбы: «Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы.»
geograph -> Сабақ Тақырыбы: Қазақстанның табиғат байлығы және оны пайдалану
geograph -> Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы. Жануарлар арасындағы қарым-қатынас
geograph -> Сабақтың тақырыбы: Экваторлық және субэкваторлық белдеулер
geograph -> Тянь-Шань тауы 20. 04. 11 ж 8”А” сынып География сабағы
geograph -> Білімділік: ХХІ ғасырдағы экологиялық өзекті мәселелер туралы жан-жақты білім беру
geograph -> Қабдол Гүлшарида Аманғалиқызы Туған жылы: 06. 1977ж Бітірген оқу орны
geograph -> Сабақтың тақырыбы: «Жапония» (көшіріп алу) Сыныбы: 11 «Д» Мерзімі: 12. 2013ж Пән : география


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет