Сабақтың тақырыбы: Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. Дәрежемен жұмыс



Дата17.06.2018
өлшемі138 Kb.
#42428
түріСабақ

7-сынып

Сабақтың мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. Дәрежемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсінік қалыптастыру, бөліктің құнын анықтауды үйретуді одан ары қарай жалғастыру.

Дамытушылық мақсаты: Білімдерін пысықтау, бекіту, ойлау қабілеттерін және білімге деген құштарлығын арттыру

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау, сарамандақ, зертханалық, қорытындылау, тексеру және бағалау, бекіту, қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау, лаборатория.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

  1. Аспан денелері туралы аңыздар қарастырып келу.

  2. Аспан денелерінің атауларын қазақша, орысша, ағылшынша жазып шығу:


ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:

  1. Табиғат құбылыстары жайлы білімді біз қандай жолдармен аламыз?

  2. Қандай ғылымдар тәжірибе көмегімен білім алады (дамиды) ?

  3. Қандай ғылымдар бақылаулар көмегімен білім алады (дамиды) ?

  4. Тәжірибенің бақылаудан айырмашылығы неде?

  5. Галилей нені зерттеді?


ІV. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физикалық шамалармен танысуды одан ары жалғастырып, оларды өлшеуді үйрену.


V. Жаңа материалды меңгерту:

Ғалымдар жүзеге асыратын тәжiрибелерде (немесе эксперименттер) әдеттегiдей өлшеулер қосарлана жүргiзiледi. Денелердiң немесе процестердiң тәжiрибеде өлшенетiн сипаттамаларын физикалық шамалар деп атайды. Көлем, температура, жылдамдық, масса, салмақ және т.б. физикалық шамалар болып саналады. Әрбiр физикалық шаманың өз бiрлiгi бар. Мысалы, көптеген елдер қабылдаған бiрлiктiң Халықаралық жүйесiнде (қысқаша СИ, демек, жүйе интернационалдық) ұзындықтың негiзгi бiрлiгi метр (1 м), уақыт бiрлiгi секунд (1 с) болып есептеледi. Практикада сондай-ақ 10, 100, 1000 және т.б. есе үлкен еселiк бiрлiктер мен 10, 100, 1000 және т.б. есе кiшi үлестiк бiрлiктер пайдаланылады. Еселiк және үлестiк бiрлiктердi белгiлеу үшiн мега (М), кило (к), милли (м), санти (с) және т.б. арнайы қосымшалар пайдаланылады (1-кесте).


1-кесте

Қосымша

Көбейткiш

Қосымша

Көбейткiш

мега (М)

1 000 000

микро (мк)

0,000001

кило (к)

1000

милли (м)

0,001

гекто (г)

100

санти (с)

0,01

Мысалы: 1 км = 1000 м, 1 мс = 0,001 с .

Физиалық шамаларды өлшеу және тәжiрибелер жүргiзу үшiн әр түрлi физикалық аспаптар керек. Олардың кейбiреулерi жеткiлiктi түрде қарапайым. Мысалы, рулетка (4-сурет) мен сұйықтың көлемiн өлшеуге қолданылатын өлшеуiш цилиндр (мензурка) (5-сурет) осындай аспаптар.



Физика мен техниканың дамуына қарай аспаптар жетiлдiрiлдi және күрделене түстi. Өлшеуiш аспаптардың көпшiлiгiнде шкала бар, яғни аспаптарға штрихтардың көмегiмен бөлiктер түсiрiлген де оларға сәйкес шамалардың мәндерi жазылған. Тұсына сандық мәндерi жазылған штрихтардың аралығы сандармен белгiленбеген қосымша бiрнеше бөлiкке бөлiнуi мүмкiн. Бiрақ әрбiр ең кiшi бөлiктер шаманың қандай мәндерiне сәйкес келетiнiн тағайындау күрделi емес.




 




4-сурет




5-сурет
Мысал үшiн ұзындықты өлшеуге арналған аспапты — сызғышты қарастырайық. Ара қашықтығы 1 см, 2 см, 3 см жән т.c.c. белгiленген штрихтардың арасы бiрдей 10 бөлiкке бөлiнген. 1 см/10 қатынасын тауып, әрбiр бөлiк, яғни қатар екi штрихтың ара қашықтығы 1 мм сәйкес келетiнiн тағайындаймыз. Бұл шама аспап бөлiгiнiң құны деп аталады. Қандайда бiр аспаппен физикалық шамаларды өлшемес бұрын осы асапап бөлiнiнiң құнын анықтап алу керек.

Бөлiктiң құнын анықтау үшiн тұсында сандық мәндерi жазылған шкаланың жақын екi штрихын анықтау керек. Содан кейiн үлкен мәннен кiшi мәндi алып айырымын анықтап ол айырым санды олардың арасында тұрған бөлiктердiң санына бөлу керек.

VI. Практикалық жұмыс:

  1. Сызғыштың бөлік құнын анықта.

  2. Мензурканың бөлік құнын анықта.

  3. Термометрдің көрсетуін анықта.

  4. Мензуркадағы бөлік құнын анықта.

  5. Уақытты таңбала, 1 айда неше сағат бар?

  6. 30 мин-неше сағат бар?

  7. 100000 см, 10000 км, 0,000001 м, 0,00002 м ықшамдап жаз.

  8. 120000 см, 18000000 см, 21800000 см, 56000000 см дәрежемен жаз.


VII. Үй тапсырмасын беру:

Столдың ұзындығы 1,2 м. Столдың ұзындығын см, дм, мм-мен өрнекте.

Ұзындығы 10 см, ені 3 см, биіктігі 2 см ағаш білеушенің көлемін есепте.
Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар.

0,00000125; 1200000000;

0, 00000045; 0,002;

14500000000; 0,0000005


VII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет